Windows xp операциялық жүйесі.
Сабақтың тақырыбы: Windowsxp операциялық жүйесі
Сабақтың мақсаты: а) Windowsxp операциялық жүйесінде жұмыс істеуді бастау және аяқтау
жолдарымен, windows-тің обьектілері мен таныстыру, үйрету.
б) АКТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру, дамыту.
в) Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдылыққа, тапқырлыққа, өз ойын
ашық баяндауға, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың типі: Практика элементтерін қолдана отырып, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, кеспе қағаздары
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап проблемалық ситуцияны шешу
Пәнаралық байланыс: Геометрия, халықтық педагогика
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру сәті
а)Оқушыларды түгендеу б) Сабаққа даярлығын тексеру в) Сабақ мақсатын айту
ІІ Үй тапсырмасын тексеру «Ғажайып жетілік»
- Интерфейс дегеніміз не?
- Қандай интерфейстерді білесіңдер?
- Драйверлердің рөлі неде?
- Компьютердің программалық жабдықтамасына не жатады?
- Операциялық жүйенің негізгі қызметтерін атаңдар?
- Қолданбалы программалардың тағайындалуы? Олар қалай жіктеледі?
- Программалау жүйесі не үшін қажет?
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру
WINDOWS операциялық жүйесінің атауындағы XP әріптері “eXPerience” деген ағылшын сөзінің бөлігі болып табылады, ол “өмір тәжірибесі” , “білім” дегенді білдіреді.
Жұмыс істеудің бастамасы:
Жұмысты аяқтау үшін:
WindowsXP – графикалық графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді. WindowsXP-дің обьектілерін әр түрлі құрылғылармен басқаруға болады, оның ең негізгісі – тышқан. Тышқанның сол жақ батырмасы негізгі, ал оң жақ батырмасын көмекші батырма дейді.
IV Сабақты бекіту.
Электрондық оқулықпен жұмыс
- тапсырма: Жұмыс үстелі және оның құрылымы;
- тапсырма: Windows терезесінің құрылымы;
- тапсырма:Терезелердің көлемін ені мен биіктігі бойынша өзгертулер жүргіз;
- тапсырма: Тышқанның көмегімен терезені жылжыту керек;
- тапсырма: Терезелерді бүгіп, үлкейту, жабу командаларымен жұмыс;
Кеспе қағаздарымен жұмыс:
ІV Сабақты қортындылау
«Домино» құрастыру.
VІ Үйге тапсырма: §12. Windowsxp операциялық жүйесі.
VІІ Бағалау .