Суреттермен жұмыс істеу. Графикалық объектілерді кірістіру

Сабақ тақырыбы. Суреттермен жұмыс істеу. Графикалық объектілерді кірістіру

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік. Microsoft Word мәтіндік редакторында сурет салу саймандар тақтасын қолданып салынған суреттер мен графиктік объектілерді қоюға болады және  жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

2.Дамытушылық. Практикалық дағдысын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту, шығармашылық белсенділігін арттыру.

  1. Тәрбиелік. Оқушының жеке қасиетін дамыту, ойлау белсенділігін, пәнге қызығушылығын арттыру, жинақылыққа, реттілікке тәрбиелеу және таратпа материалдармен өз бетімен жұмыс істеуге машықтандырады және шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттайды.

 

Сабақтың түрі. Word мәтіндік редакторында графикалық  объектілермен сурет сала білу сабағы.

Сабақтың әдісі.Жаңа білімді меңгерту. Оқушының жоғары, орта, төмен деңгейіне қарай тапсырма орындату.

Сабақтың көрнекілігі. Интерактивті тақта, компьютер, карточкалар.

Сабақтың барысы.

І. Үйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, Оқушылардың сабаққа қатысуы мен әзірлігін қадағалау.

  1. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
  2. Әр таратпа материалдар бойынша кестелерді компьютерде орындату.
  3. Microsoft Word мәтіндік редакторында өтілген тақырыптардан практика орындату.
  4. Карточкы арқылы сұрақтар тарату, оқушы өз бетімен жауап беру.
  5. Жаңа сабақ түсіндіру.
  6. Жаңа сабақ бойынша өзіндік жұмыс беру.
  7. Жаңа сабақты қорыту, үй жұмысын беру.
  8. Интерактивті тақта арқылы электрондық таңдау сұрақтар қою және бағалау.

 

1 бөлім.  Үйге берілген тапсырманы сұрау.

  1. Кесте дегеніміз не? Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады.
  2. Баған мен жол қиылсқанда не пайда болады? Ұяшық
  3. Кесте құрудың неше әдісі бар? және қандай-қандай? 2 немесе 3
  4. Кесте диалог терезесінде «Автоформат» қандай батырма, қызметі қандай? кестелердің стильі.
  5. Кесте ішіндегі қозғалысты, курсорды қандай перненің көмегімен жылжытады?   ,  ,     ,     ,Тab
  6. Тab пернесі ұяшықтағы меңзерді қай бағытқа жылжытады? Оңға
  7. Кестедегі меңзерді солға қарай жылжытсақ  қандай перне қолданамыз? Shift + Tab перн.
  8. Ұяшықтарды қалай біріктіреміз? Ерекшелеу арқылы Объединить ячейки
  9. Ұяшықтарды қалай бөлеміз? Ерекшелеу арқылы Разбить ячейки
  10. Кестені немесе ұяшықтарды қалай жоямыз? Ерекшелеу арқылы Табл.-Удалить-табл.,Del.

 

2 бөлім.

Әр таратпа материалдар бойынша кестелерді компьютерде орындату.

  1. Жаңа бет ашып 11-бағаннан және 10-жолдан тұратын кесте сыз, кестені 48 пт қаріпті мөлшерінде стандартты түрмен орындаңыз.
  2. Жаңа бет ашып 5-бағаннан, 4-жолдан тұратын кесте сызып оның көлемін маус арқылы жылжыту.
  3. Жаңа бет ашып 11-бағаннан және 10-жолдан тұратын кесте сыз, жоғарғы бағанның ұяшықтарын біріктір, «Жыл мезгілдері» деп жазып, оған анимация қойыңдар.
  4. 3-ші тапсырманың кестесіндегі «Жыл мезгілдер» ұяшығының астына төрт біріккен жолдарға төрт жыл мезгілін жаз және бір жол ұяшық бөл (разбить ячейк)
  5. Автоформат арқылы стильдік кесте сыз.
  6. 8-бағаннан 9-жолдан тұратын кесте сызып, барлық ұяшықтарын ерекшелеп, сыртқы аймағын Формат-Границы и заливка- Границы командасы арқылы сыртқы кесте сызықтарын қалың сызықтарға өзгертіңіз
  7. Сызылған кестенің ішіндегі ұяшықтарды түрлі түсті бояумен әртүрлі түске бояп толтырыңыз.
  8. Жол мен бағаны ирек сызық болатын кесте сызыңыз.

3 бөлім

Microsoft Word мәтіндік редакторында өтілген тақырыптардан практика орындату.

  1. Пішімдеу панеліндегі Қию, Қою батырмаларын пайдалана отырып, өлең ұйқасын табыңыз.
  2. Мәтінді көк түспен өзгертіңіз.
  3. «Абай» деген атпен жұмыс үстеліне сақтаңыз

                әсемпаз әрнеге болма

                болсаң арқалан өнерпаз

                бір кірпіш сен де дүниеге

                та тетігін бар қалан тап

  1. 10 бетке дейін көшірмелеу, беттерін нөмірлеу. оңға, солға, ортасына туралау.

4 бөлім

Карточкы арқылы сұрақтар тарату, оқушы өз бетімен жауап беру.

  1. Компьютерлік алфавит символдарының қандай да болсын тізбегі не деп аталады? Мәтін
  2. Windows-қа арналған ең танымал мәтіндік процессор не деп аталады? Word
  3. Басқа мәтіндермен графикалық бейнесін, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысын қамтитын мәтін не деп аталады? Гипермәтін
  4. Абзац енгізу қандай пернемен аяқталады? Enter
  5. Толық терілген құжаттың орфографиясын тексеру үшін қандай әрекетті орындау керек? Сервис-Провописание.

5 бөлім

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі.

  Microsoft Word құжаттарына басқа программаларда жасалған, сондай-ақ сурет салу тақтасын қолданып салынған суреттер мен графиктік объектілерді қоюға болады. Ол осы объектілерді көшіруге және оларды құжаттың кез келген жеріне қоюға мүмкіндік береді.

Басқа программада жасалынған сызба құрылымдарды орналастыру үшін:

  • объект қойылатын жерге курсорды әкелу немесе орналастыру;
  • Вставка-Рисунок-Из файла (Қою-Сурет-файлдан) командаларын таңдау;
  • Диалог терезесі пайда болып, одан керекті суретті таңдап Вставка немесе Открыть немесе Ок батырмасын басу;   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Microsoft Word арқылы қойылатын суреттерді орналастыру үшін:

  • сурет қойылатын жерге курсорды орналастыру қажет;
  • Вставка-Рисунок-Картина (Қою-Сурет-Картина) командасын таңдау керек;
  • Пайда болған терезеде Word-тың деңгейіне байланысты әр түрлі суреттердің тізімі ұсынылады;
  • Терезенің сол жағынан кішкене терезе ашылады

 

  1. Іздеу өрісіне керекті суреттің атын беру мыс: «Животные»
  2. Бастау өрісін шерту

             

  1. Табылған суреттің үстіне мауыстың сол жағын шерту.

                                                            Таңдалған сурет, жұмыс аймағына орналасады.

 

                                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Суреттермен жұмыс. Сурет қойылған соң сіздің оны басқаша орналастыруға, өлшемін өзгертуге, суретке қоршау жасауға мүмкіндігіңіз болады. Суреттерді стандартты әдіспен көшіруге болады. Ол әдісті қолдану үшін суретті ерекшелеу, яғни оны тышқанмен шерту керек. Сол сәтте ол жан-жағынан сегіз қара тіктөртбұрыш қоршалады. Бұрыштарын созу арқылы суреттің өлшемін өзгертеміз. Ал тіктөртбұрыштың қабырғаларын созу арқылы ені мен биіктігін өзгерте аламыз.

                                Осы суреттің үстіне 2 рет шертсеңіз «Формат рисунка» диалог терезесі

пайда болады одан «Положение» менюін таңдаған кезде  суретті қалаған

бағытқа еркін жылжытуға болады.

 

 

 

 

 

 

6 бөлім 

 Жаңа сабақ бойынша өзіндік жұмыс беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Microsoft Word терезесінің төменгі жағында Сурет салу тақтасы (Панель рисования) орналасқан. Ол жерден Автофигураларды пайдаланып сурет салу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • сурет салу тақтасынан Полилиния командасын таңдау.

Бұл сызық тұйық  болуы тиіс.

  • Полилинии командасының көмегімен шырша суретін салу.
  • Заливки командасының көмегімен шыршаны бояу.

Боядың әр түрлі тәсілдерін таңдауға болады.

4)Автофигура командасының көмегімен шыршаны ойыншықтарын көркемдеу.

 

 

 

5).Көшіру және түстерді ауыстыру командалары арқылы моншақты жасау.

6).Автофигураның ішіне құттықтау жазбасын жасау.

7). Word Art көркем жазу құралын пайдалану.