«Үздік информатик тобы» сайысы
«Үздік информатик тобы» сайысы
Мақсаты:
- Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау.
- Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылын арттыра отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
- Оқушыларды шапшандыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке , ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд-шоу, интерактивті тақта, ноутбуктар
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан информатика, физика, математика пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 8 «а», 8 «ә» сынып оқушылары «Үздік информатик тобы» атты сайыста білмдерін сынамақ. Олай болса ойыншыларымызды ортаға шақырып, таныстырайық. Әр сыныптан төрт оқушы шығады.
8 «а» сыныбынан: « Логика» тобы
8 «ә» сыныбынан: «Алгоритм» тобы
Сайысты бастамас бұрын , алдымен сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
- ……………………………………………………….
- ………………………………………………………
- ………………………………………………………
Сайыс 6-кезеңнен тұрады. Кезеңдері:
1-кезең: «Сергіту»
2-кезең: «Қай сөз артық?»
3-кезең: «Қатесін тап»
4-кезең: «Сен білесің бе?»
5-кезең: «Жұмбақтас»
6-кезең: «Венгр сөзжұмбағы»
1-кезең. «Сергіту»
Ойынның шарты: Әр командаға 8 сұрақтан қойылады. Сұраққа «иә» не «жоқ» деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
І-топқа қойылатын сұрақтар:
- Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады (жоқ)
- Адам ақпаратты сақтай алмайды (жоқ)
- Екілік жүйе 2 символдан ғана тұрады (иә)
- Ақпараттық ең кіші өлшем бірлігі килобайт. (жоқ)
- Процессор – компьютердің миы. (иә)
- Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
- Ең алғашқы ЭЕМ 1846 жылы пайда болды. (иә)
- 1 бит=8 байтқа тең деген пайымдау жалған ба? (жоқ)
ІІ-топқа қойылатын сұрақтар:
- 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (иә)
- Дисплей компьютердің экранына ақпаратты шығару құрылғысы (иә)
- Сканер – ақпаратты шығару құрылғысы (жоқ)
- Сегіздік санау жүйесінде 8 саны жоқ. (иә)
- Пернетақта — компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (иә)
- ЭЕМ-нің дамуының ІІІ буынында электронлық шамдар пайдаланылды (жоқ)
- Информатика-ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (иә)
- 2 Мбайтта 1048 байт бар.(жоқ)
ІІ-кезең «Қай сөз артық?»
Шарты: Тақтада 4 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 2 ұпайдан, тарсырмаға 3 ұпай беріледі.
Марамгроп — программа
Ныштақ- тышқан
Дакротре-редактор
Юнем -меню
Артық сөз тышқан
Терчесвин-винчестер
Такидес-дискета
Ссорецпро-процессор
Кашфле-флешка
Артық сөз процессор
Рептьюкром-компьютер
Тамикатема-матиматика
Азикиф-физика
формаинкати -информатика
Артық сөз компьютер
Малімғу-мұғалім
Инрпрет-интернет
Ушықо-оқушы
Кәртіш-шәкірт
Артық сөз интернет
3-кезең: «Қатесін тап»
Шарты: Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпартты қалпына келтіру.
(Вируспен зақымданған нұсқасы)
1-хат: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын.Тышқанмен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін жүйелік блокқа қағаз саламын. Микрофон арқылы әндерді тыңдаймын.
(Вируспен зақымданған нұсқасы)
2-хат: Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдаланамын. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе WordPad стандартты программасымен саламын. Өз жұмыстарымды сканерден шығарамын.
1-хат: Мен компьютермен жұмыс істегенде, міндетті түрде монитор мен жүйелік блокты іске қосамын.Пернетақтамен әріптерді теріп, сурет шығару керек болса, принтерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін сканерді қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін принтерге қағаз саламын. Колонка арқылы әндерді тыңдаймын.
2-хат: Мен компьютерде жұмыс істегенді ұнатамын. Компьютерде мәтін жазу үшін WordPad текстік редакторды пайдаланамын. Сурет салу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Paint стандартты программасымен саламын. Өз жұмыстарымды принтерден шығарамын.
4-кезең: «Сен білесің бе?»
Шарты: Ұяшықтарға сұрақ жасырылған . Әр топ ұяшықты таңдайды. Ұяшықта қандай сан жазылса сонша ұпай қосылады.
10 ( жоғарыдағы) — 8 байт неден тұрады (8 биттен)
10 (төмендегі) – Дискетаның сыйымдылығы (1,44 Мбайт)
20 (жоғарыдағы)-Ең ертедегі есептеу құрылғысы (есепшот)
20 (төмендегі) – Интернет желісіне қосылу үшін қажетті құрылғы (модем)
30 (жоғарыдағы) – Компьютердің атасы деп кімді атаған? (Чарльз Бэббидж)
30 (төмендегі) –BaсkSpace пернесінің қызметі? (курсордың сол жағындағы символды өшіру)
5-кезең: «Жұмбақтас»
Шарты: Екілік санау жүйесінде берілген сиқырланған есепті шешу керек. Бірінші болып шешкен топқа 10 ұпай беріледі.
Ол 1001 жаста болатын,
101 сыныпқа баратын.
Портфелінде 100 кітабы болатын,
Бұның бәрі ақиқат, жалған емес.
Он шақты аяқтың шанымен,
Көшеде кетіп барады.
Бір құйрықты, бірақ жүз аяқты,
Күшігі артынан жүгіріп
Өзінің он шақты құлақтарымен,
Әр дыбысқа елеңдеп.
Күн қаққан он шақты қолдарымен,
Портфелі мен шылбырды ұстаған.
Он шақты көкшіл қара көздерімен,
Әлемге әдеттегідей қараған…
Әңгімеміздің мәнін түсінсеңіз,
Бәрі түсінікті болады.
Жауабы:
Ол 9 жаста болатын,
5 сыныпқа баратын.
Портфелінде 4 кітабы болатын,
Бұның бәрі ақиқат, жалған емес.
2 аяқтың шанымен,
Көшеде кетіп барады.
1 құйрықты, бірақ 4 аяқты,
Күшігі артынан жүгіріп
Өзінің 2 құлақтарымен,
Әр дыбысқа елеңдеп.
Күн қаққан 2 қолдарымен,
Портфелі мен шылбырды ұстаған.
2көкшіл қара көздерімен,
Әлемге әдеттегідей қараған…
Әңгімеміздің мәнін түсінсеңіз,
Бәрі түсінікті болады.
6-кезең: «Венгр сөзжұмбағы»
Шарты: Сөзжұмбақтағы әр тапқан сөзге 10 ұпай беріледі.
М | Т | П | Л | О | Т | Т | Н | О | М |
И | Ы | П | Р | Р | Т | Е | И | Д | Е |
К | Ш | Н | И | Е | Е | Р | О | М | М |
Р | Қ | А | Н | Т | Р | Н | Н | И | Т |
О | Н | Т | С | Ө | З | Е | Т | Р | О |
П | А | И | Б | А | Й | Т | Т | Е | З |
Р | М | В | П | И | К | М | Е | Р | Е |
О | Ә | И | А | Р | С | О | Ұ | А | Ф |
Ц | Т | Р | И | Х | Е | Д | Я | Й | Л |
Е | І | У | В | Ж | Л | И | Я | И | Ц |
С | Н | С | Д | А | Ь | Ф | И | К | А |
С | О | Р | А | Б | О | Н | Е | Н | Т |
Осымен біздің сайысымыз аяқталды. Әділ-қазылар алқасына сөз береміз. Ұпай саны көп сыныпқа «Үздік информатик тобы» атағын береді.
2013-2014 оқу жылы