Adobe Photoshop бағдарламасында холст қосу. Қабаттарды біріктіру

 

Сабақ типі: білімді бекіту, жүйелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасында холст қосу. Қабаттарды біріктіру

Сабақтың мақсаты:

  1. білімділік: оқушыларды Adobe Photoshop бағдарламасында холст құруды, жаңа қабаттар жасап, сол қабаттармен жұмыс істеуді үйрету;
  2. дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, таным көкжиектерін кеңейту;
  3. тәрбиелік: ұқыптылыққа, зеректілікке, шыдамдылық пен ұстамдылыққа, өз-өзіне деген сенімін арттыруға тәрбиелеу.

Көрнекті құралдар: ДК, мультипроектор, үлестірмелі практикалық тапсырмалар, тесттік тапсырмалар.

 

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
    • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
    • Сабақ жүргізгенге аудиторияның даярлығын тексеру.
    • Оқушыларға сабақтың мақсат, міндеттерін таныстыру.

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

2.1 Градиент құрал-сайманын қолданып орындауға берілген тапсырманы тексеріп алу.

2.2 Сұрақтарға жауап алу:

1.Градиент құралы не үшін керек?

2.Оның заливка құралынан қандай айырмашылығы бар?

3.Үй тапсырмасын орындау барысында градиенттің қандай стильдерін қолдандыңыз?

2.3 Қорытынды.

 

  • Практикалық тапсырмаға кіріспе.

3.1 Оқытушы сөзі.

3.2 Практикалық жұмыс.

  1. төмендегі параметрлі жаңа құжат құрамыз.
  2. «Apple».атты жаңа қабат құрамыз. Овальное выделение (Elliptical Marquee Tool) құралын алып төмендег суретте көрсетілгендей етіп овал саламыз. Енді Градиент (Gradient Tool) құралын алып, Радиальный (Radial) стилін тадаймыз.Негізгі түске #88cc33, фонға #005522 сандарын орнатамыз.
  3. Қабаттың Внутренняя тень (Inner Shadow) стилін мына баптаулармен толықтырамыз: Режим наложения (Blend Mode) Умножение (Multiply), Непрозрачность (Opacity): 75%, Угол (Angle) ставим -90 градус, Расстояние (Distance) — 45 пиксель, және Размер (Size) 80 пиксель.
  4. Жаңа қабат құрамыз. Атын «Texture» деп өзгертеміз. Ctrl пернесін басып тұрып «Apple» қабатына тышқанмен 1 рет шертеміз. Фильтр > Рендеринг > Облака (Filter > Render > Clouds) командасын орындаймыз. Фильтр > Искажение > Сферизация (Filter > Distort > Spherize) командасын орындап, ашылған терезеден мына баптауларды жүргіземіз: Степень (Amount) 100% және Режим (Mode) Нормальный (Normal). Қабаттың қойылымына Мягкий свет (Soft Light) деп өзгертеміз                        .
  5. Жаңа қабат қосамыз. Атын Dots» деп өзгертеміз. Құрал -саймандар тақтасынан Кисть (Brush Tool) құралын алып, негізгі түске #ccdd99 санын тереміз. Кистьке мына баптауларды жүргіземіз: Диаметр кисти (Master Diameter) 5, Жесткость (Hardness) 100. Енді бірнеше нүкте саламыз. Сосын кистьті диаметрін 3 ке өзгертіп, тағы да бірнеше нүкте саламыз. Ctrl пернесін басып тұрып «Apple» қабатына тышқаннық сол жақ батырмасымен 1 рет шертеміз. Фильтр > Размытие > Размытие в движении ( Filter > Blur > Motion Blur) командаларын орындаймыз: Угол (Angle)  90 градус және Смещение (Distance) 3 пиксель Енді Фильтр > Искажение > Сферизация (Filter > Distort > Spherize командаларын орындап, Степень (Amount) 100, Режим (Mode)  — Нормальный (Normal) баптауларын орнатамыз. Қабаттың қойылымына Перекрытие (Overlay) және Непрозрачность (Opacity)-ды  50% ға дейін азайтамыз. Ерекшелеуді алып тастау үшін Ctrl + D пернелерін басамыз.
  6. Жаңа қабат құрамыз. Атын Dent. деп өзгертеміз. Құрал-саймандар тақтасынан Овальное выделение (Elliptical Marquee Tool)төменгі суретте көрсетілгендей овал саламыз да ішін ақ түске бояймыз. Ерекшелеуді алып тастаймыз.( Ctrl+D). Тағы «Dent Shadow» атты қабат құрамыз. Бұл жерге де суретте көрсетіліп тұрғандай қара түске боялған овал саламыз. Alt пернесін басып тұрып «Dent Shadow» және «Dent»қабаттарының арасына басамыз. Ерекшелеуді алып тастаймыз. Енді «Dent» қабатыны қойылымын Умножение (Multiply) деп өзгертеміз.  «Dent Shadow” қабатына ораламыз да, Размытие по Гауссу (Gaussian Blur)-ді қолданамыз, радиусы 17 пиксель Непрозрачность (Opacity) 75%.
  7. Енді кезекте Highlight 1.» атты қабат құрамыз Овальное выделение (Elliptical Marquee Tool) құралының көмегімен төмендегі суреттегідей ақ түске боялған овал саламыз. Тағы да жаңағыдан үлкенірек овал салып, Delete-ні шертеміз.Ерекшелеуді алып тастап, Размытие > Размытие по Гауссу (Filter > Blur > Gaussian Blur). Радиус (Radius) 10 пиксель болатын қадамдарды жасаймыз.
  8. Highlight 2 атты жаңа қабат құрамыз. Овальное выделение (Elliptical Marquee Tool құралын таңдап, төмендегі суреттегідей овал саламыз. Тағы да 1 овал салып, Delete.-ны шертеміз. Енді қалған төменгі жағын өшіреміз де. Фильтр > Размытие > Размытие по Гауссу (Filter > Blur > Gaussian Blur), радиус (Radius) 8 пиксель болатындай етіп қадамдар жасаймыз.
  9. «Stalk» атты жаңа қабат құрамыз. Құрал саймандар тақтасынан Перо (Pen Tool) құралын таңдаймыз, опциялар панелінен Контуры (Paths) аламыз. Алманың сабағын саламыз. Енді Кисть (Brush Tool) құралын алып, диаметрін 14 деп береміз. Үстіңгі қабаттың түсене #884411 санын береміз. Панель Кистей (Brushes Palette) панелін ашамыз: Динамика формы (Shape Dynamics), Контроль (Dynamic Control) Колебания размера (Size) – Переход (Fade) Set Устанавливаем количество шагов до уменьшения кисти – 70, (Minimum Brush Diameter) — 20%. баптауларын жүргіземіз да, жаға перо құралымен салған түзуді  жағалай кистьпен түзудің бойымен айналдыра жүріп өтеміз. Контуры (Paths Palette палитрасындағы палитраның менюін ашамыз. Ол үшін жоғарғы шетіндегі үшбұрышқа шертсек жеткілікті. Шыққан тізімнен Кисть (Brush)ты басамыз. Шыққан терезеге ОК батырмасын шертеміз. Ctrl  пернесін басқан күйі Dent қабатына шертеміз. Өздеріңіз байқағандарыңыздай ерекшеленді. Құрал-саймандар тақтасынан Прямоугольное выделение (Rectangular Marquee Tool) құралын алып, Shift-ті басқан күйі төмендегі суретте көрсетілгендей әрекеттерді орындаймыз. Сосын Выделение > Инверсия (Select > Inverse) командасын орындаймыз. Алманың бұтағының артық жерлерін алып тастау ұшін Delete ні шертіңіз.Ерекшелеуді алып тастайық.

Ctrl пернесін басып тұрып «Stalk» қабатына шертеміз. Фильтр > Размытие > Размытие по Гауссу (Filter > Blur > Gaussian Blur командаларын орындай отырып радиусына 1-ді береміз. Қабаттың (Opacity 60% деп өзгертеміз.  «Stalk» қабатына Фильтр > Шум > Добавить  шум (Filter > Noise > Add Noise). Радиус (Amount)  3% болатындай баптаулар жүргіземіз. Распределение (Distribution) — Равномерное (Uniform), Монохромное. Снимаем выделение (Ctrl+ D). Затемнение (Burn Tool) құралын таңдап, 65 пиксельді жұмсақ кистьті алып, алманың бұтағының төменгі жағына қолданамыз.

«Apple» қабатына Внутреннее свечение (Inner Glow) стилін қосып, мынадай параметрлерін қоямыз: Режим (Blend Mode) — Умножение (Multiply), Непрозрачность (Opacity) — 30%, Размер (Size) — 20 pixels, және  түс (Color) — #003300. Ең соңында «Dots» қабатына Внешнее свечение (Outer Glow) стилін қолданамыз және ол мына параметрлермен болады: Режим (Blend Mode) — Умножение (Multiply), Непрозрачность (Opacity) —  60%, Түс (Color) —  #2b2b2b, және Размер (Size) — 8 pixels. Енді фоннан басқа қабаттардың барлығын ерекшелеп, Слои > Новый > Группа из слоёв (Layer > New > Group From Linked) командаларын орындаймыз және оны «Apple.»деп атаймыз.

  1. «Apple»қабаттар тобының астына «Shadow.»қабатын құрамыз. Құрал-саймандар тақтасынан Овальное выделение (Elliptical Marquee Tool) алып, төмендегі суреттегідей овал салып, оны қара түске бояймыз. Ерекшелеуді алып тастаймыз да, мына командаларды орындаймыз: Фильтр > Размытие > Размытие по Гауссу (Filter > Blur > Gaussian Blur), Радиусына 40 пиксель береміз.
  2. «Background» қабатынан кейін жаңа қабат құрамыз. Атын «Light.» деп өзгертеміз. Құрал-саймандар тақтасынан Овальное выделение (Elliptical Marquee Tool) алып, төмендегі суреттегідей ерекшелеп аламыз. #338833 түске бояймыз. Ерекшелеуді алып тастап, Фильтр > Размытие > Размытие по Гауссу (Filter > Blur > Gaussian Blur), командасын орындай отырып, радиусын 75 пиксельге қоямыз.

Алмаға жаңа форма беру үшін Редактирование > Трансформирование > Деформация (Edit > Transform > Warp командасын орындаймыз.

3.3 Қорытынды.

  1. Жаңа тақырыпты бекіту.

4.1 Тест (10 мин.)

1. Құрал-саймандар тақтасы, палитра, жұмыс аумағы, мәзір (меню) — … құрайды

А) графиктік редактор ортасы+

В) командалар тізбегі

С) графиктік редактормен жұмыс кезінде пайдалануға болатын командалар тізбегі

Д) графиктік редактордың графиктік примитивтерінің толық жиынтығы

Е) графиктік редактордың жұмыс істеу режимдерінің тізбегі

2. Adobe Photoshop CS бағдарламасының интерфейсінде кездеспейтін қатар

A      Құрал-саймандар терезесі

B       Меню жолы

C       Қызмет терезелері

D      Палитралар

E       Уақыт терезесі+

3. «Түзету» менюінде …  командалары орналасқан

ашу, сақтау, баспаға шығару

көшіру, қиып алу, әрекетті болдырмау немесе қайталау+

бейне өлшемін, түс ашықтығын өзгерту

ерекшелеу, анықтама алу

бейнені көшіру

4. Photoshop редакторының Меню жолында орналасқан объектілер — …

Файл, Редактирование,Фильтр, Вид, Изображение, Палитра, Помощь

Файл, Редактирование, Опции, Слой, Фильтр, Вид, Окно, Помощь

Файл, Редактирование, Изображение, Слой, Фильтр, Вид, Окно, Помощь+

Файл, Изображение, Слой, Фильтр, Вид, Опции

Файл, Изображение, Слой, Фильтр, Вид, Окно, Помощь

5. «Терезе» менюінде орналасқан командалардың сипаттамасы

бүкіл суретті ерекшелендіру және түстер қатарын ерекшелендіру командалары

редактірлеу командалары

палитраларды көрсетіп немесе жасыратын командалар+

бейне орналасқан жұмыс үстел кеңістігін келтіру командалары

қабаттарды біріктіру, оларға маскалар қосу және бейнелерді бір қабатқа айналдыру командалары

6. Ғ7  пернесі  арқылы орындалатын  команда

Қылқалам

Құрал-саймандар

Навигатор

Қабат +

Тарих

7. Ерекшеленген аймақты түстермен немесе шаблондармен бояу үшін қолданылатын сайман

Құю аспабы (заливка)+

Қылқалам (кисть)

Қарындаш (карандаш)

Градиент

Перо

8. Түстердің ауысымын беруге болатын сайман

Пайдаланушы формасы

Қылқалам

Құю аспабы (заливка)

Қылқалам аспабы

Градиент+

9. Құралдар-саймандар тақтасын  іске қосу командасы

Вид® Инструменты

Фильтр® Инструменты

Окно® Инструменты+

Слой® Инструменты

Файл® Инструменты

10. Қылқаламдар тізімін бастапқы қалыпқа келтіру үшін орындалатын команда

Назначить установки кисти

Сбросить кисти+

Сохранить кисти

Открыть кисти

Удалить кисти

11. Adobe Photoshop CS бағдарламасында түс беруді баптаудың әдістерін көрсет

Color Settings терезесі

Working Spaces параметрлер тобы

Color Settings терезесі, Working Spaces параметрлер тобы, Color Management параметрлер тобы+

Color Management параметрлер тобы

Working параметрлер тобы

12. Ерекшеленген аймақтың шекарасын жою үшін … қажет

Тегістеу (сглаживание)

Инвертирлеу

Растушевка жасау

Мөлдірлігін өзгерту (изменить непрозрачность)+

Қоюландыру

13. Градиент құралы арқылы обьектіні бояу түрлерін көрсет

Conical (коническая), Square (поквадрантная)

Linear (линейная), Radial (радиальный), Conical (коническая), Square (поквадрантная)+

Radial (радиальный)

Conical (коническая)

Square (поквадрантная)

14. Қабатпен жұмыс істеудің артықшылығы — … .

бейнені ерекшелеудің ыңғайлылығы

әр суретті барлық картинаға тәуелсіз жеке өңдеуге болатындығы+

суреттің сапасы артатындығы

жады көлемі кемитіндігі

эффектілер пайдалануға болатындығы

15. Бейнені нүктелер жиынтығы ретінде берілетін графика — …

растрлық графика+

фракталды графика

векторлық графика

сызықтық графика

үш өлшемді графика

4.2 Бағалау.

  1. Үй тапсырмасымен таныстыру.

5.1 Слайд.

 

5.2 Әдебиеттер.

1.Старзницкая М. «Эффективная работа с Photoshop».

2.Бурлаков М. «Самоучитель по компьютерной графике».

 

  1. Сабаққа қорытынды жасау.

6.1 Бағалау.

 

«07» сәуір 2010ж.

Оқытушы:      Толыкбаева Г.С.