Сабақтың тақырыбы: Power Point көмегімен презентациялау

Сабақтың тақырыбы: Power Point көмегімен презентациялау

Сабақтың түрі: Аралас сабақ;

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Студенттердің білімдерін жетілдіріп,  пәнге деген қызығушылығын арттыру. Power Point бағдарламасын  қолдана білу. Программаның негізгі мүмкіндіктері туралы айту және қосымша ақпаратпен білімдерін толықтыру.

 

Тәрбиелік:

Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу. Қауіпсіздік ережесіне байланысты студенттерді сақтылыққа үйрету.Информатика пәніне деген оң көзқарас пен қызығушылығын арттыру.

 

Дамытушылық:

Компьютердің басқа программаларын меңгерте   отырып,  логикалық ойлау қабілетін дамыту.Өз ойын жүйелей жеткізе алуға дағдысын қалыптастыру.Оқушылардың шеберліктерін, тапқырлықтарын бақылау.

 

Пәнаралық байланыс: Математика, ағылшын тілі, физика, экономика.

Microsoft Office  пакетінің Power Point бағдарламасы — әртүрлі баяндамалар жасаған кезде, жобаларды, идеяларды суреттеп, таныстыруға арнап презентациялар құрғанда көпшіліктің зейінін, ойын көрсетіліп тұрған нәрсеге аударуға үлкен мүмкіндік береді.

 

Пәнішілік байланыс: «Microsoft Power Point бағдарламасы туралы жалпы түсінік».

Power Point бағдарламасы – электронды презентация (слайд-шоу)  құруға арналған. Бағдарламаның әрбір презентациясы слайдтар жиынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған объектілер немесе текст тұруы мүмкін.

                                               

Сабақтың әдісі: тестпен жұмыс, сұрақ -жауап, тапсырмалар, ақпараттық технологияны қолдану;

 

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны

Сабақтың жабдықталуы: тесттер, слайдтар, мини плакаттар, компьютер, интербелсенді тақта;

 

Сабақтың уақыты: 90 мин;

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті – 2-3 мин;

1.Студенттермен сәлемдесу, аудитория тазалығына назар аудару, студенттердің сыртқы көрінісіне назар аудару, студенттерді түгелдеу;

 

 

 

 

2.Үй тапсырмасын тексеру, студенттердің білім деңгейлерін бақылау: (20-25  минут)

 

Үйге берілетін тақырыпты жалпылама сұрап, студенттердің білім деңгейлерін сұрақ-жауап, тест, электронды оқулықтағы тапсырмалар, сөзжұмбақ арқылы бақылап отырамын. «Microsoft Power Point бағдарламасы туралы жалпы түсінік».

тақырыбы бойынша

Бақылау сұрақтары:

  1. Презентация ұғымының ағылшынша мағынасы қалай деп аталады?

Жауап:  Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (латынша‘Prаsentо’ тапсырамын немесе ағылшынша – ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқада көптеген дүниені ұсыну.

  1. Слайд дегеніміз не?

Жауап:  Көзге көрінетін күрделі обьект.Тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. обьектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер,дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гипер сілтемелер кіреді.

  1. Power Point-ті іске қалай қосамыз?

Жауап:  Пуск — Программы – Microsoft Office- Microsoft Power Point

  1. Microsoft Power Point терезе элементтерін ата.

Жауап:  Тақырып жолағы, меню жолы, стандартты құралдар үстелі, пішімдеу құралдар үстелі,   жұмыс аймағы, слайдтардың кішірейтілген үлгілері, күй жолағы, Сурет салу құралдар үстелі.

  1. Меню жолы элементтерін ата?

Жауап:  Файл (Файл), Түзету (Правка), Көрініс (Вид), Кірістіру (Вставка),

Пішім (Формат), Сервис (Сервис), Слайдты көрсету (Показ слайдов), Терезе (Окно), Анықтама (Справка).

  1. Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз?

Жауап:  Файл -Сақтау командасын орындаймыз, сол кезде бізге құжатты сақтау терезесі шығады, құжатты кай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оған атау береміз немесе стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін шертеміз.

  1. Power Point – та пішімдеу құралдар үстелінің қызметі?

Жауап: Пішімдеу әмірлеріне арналған батырмаларды қамтиды,сонымен қатар мәтіндердің түсін, қай жерде орналасуын қамтамасыз етеді.

  1. Power Point – та сурет салу құралдар үстелінің қызметі?

Жауап:  Сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.

  1. Power Point – та стандартты құралдар үстелінің қызметі?

Жауап: Power Point әмірлерінің басым батырмаларынан тұрады.(сақтау, жаңа, қою, қырқып алу т.б. батырмалар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөзжұмбақ

 

 

 PRINT 
 CDROM
 

 

WINDOWS
ENTER
  CTRL 
СAPSLOCK
 WORD
PAINT
 END
DELETE

 

 

Сұрақтар:

1.QBASIC программасында баспаға беру командасы.

2.Лазерлік дискіні оқитын дискіжетек

3.Қазіргі кездегі компьютерде кең тараған ОЖ.

4.Мәтін ендіру кезінде меңзерді бір қатар төмен түсіру пернесі.

5.Арнайы комбинация пернесі.

6.Үлкен әріппен жазу пернесі.

7.Мәтін енгізу программасы.

8.Суреттер салу үшін қолданылатын стандартты программа.

9.Меңзерді сөздің соңына апаратын перне қалай аталады?

10.Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіретін перне.

 

 

Тест тапсырмалары:

I-нұсқа

1.PowerPoint бағдарламасы не үшін қажет?

A)Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру

B)Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған көрмелерді жасау

C)Сызбалық нысандары бар мәтіндік құжат жасау

D)Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен Интернет беттерін жасау

E)Фильмдер дайындауға арналған бағдарлама

 

  1. PowerPoint бағдарламасын қалай іске қосамыз?
  2. A) Бастау – Бас мәзір – Іздеу – Microsoft PowerPoint
  3. B) Жұмыс үстелі – Бас мәзір — Microsoft PowerPoint
  4. C) Бастау –Бағдарламалар — Microsoft Office — Microsoft PowerPoint

D)Тапсырмалар үстелі — Microsoft PowerPoint

  1. E) Жұмыс аймағы — Microsoft PowerPoint

 

  1. PowerPoint бағдарламасына суретті кірістіру командасы

A)Пішім – Сурет – Суреттер (жинағы)

B)Кірістіру – Сурет – Суреттер (жинағы)

C)Пішім  — Сурет  – Файлдан

D)Кірістіру – Нысан

E)Түзету – Нысан

 

  1. PowerPoint дегеніміз не?

A)Көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы

B)Кодтық кестелерді өңдеуге арналған бағдарлама

C)Кестелік нысандарды пішімдейтін бағдарлама

D)Мәтін теруді ұйымдастыратын бағдарлама

E)Электрондық кестелерді әзірлейтін бағдарлама

 

  1. Меню жолы элементтеріне жатпайтын элемент:

A)Файл

B)Түзету

C)Көрініс

D)Пішімдеу құралдар үстелі

E)Кесте

 

  1. PowerPoint бағдарламасында жасалған файлдың кеңейтілуі:
  2.  A) .ехе

B).рpt

C).pdf

D).txt

E).doc

 

 

  1. PowerPoint терезесінің негізгі элементтеріне жатпайтын элемент

A)Тақырып жолағы

B)Стандартты құралдар үстелі

C)Пішімдеу құралдар үстелі

D)Слайдтардың кішірейтілген үлгілері

E)Жұмыс үстелі

 

  1. Файл – Сақтау әмірінің қызметі

A)Құжатты көшіру

B)Құжатты сақтау

C)Құжатты теру

D)Мәтінді пішімдеу

E)Мәтінді жою

 

  1. PowerPoint терезедегі Х батырмасының қызметі:
  2. A) жабу (Закрыть)
  3. B) шығу (Выход)
  4. C) сақтау (Сохранить)
  5. D) уақытша жабу (Свернуть)
  6. E) қалыпына келтіру (Восстановить)

 

  1. Power Point бағдарламасында _ батырмасының қызметі:
  2. A) жабу (Закрыть)
  3. B) шығу (Выход)
  4. C) сақтау (Сохранить)
  5. D) уақытша жабу (Свернуть)
  6. E) қалыпына келтіру (Восстановить)

 

 

II-нұсқа

 

  1. PowerPoint бағдарламасының терезесінде стандартты құралдар үстелі ….
  2. A) PowerPoint әмірлерінің басым бөлігінен тұрады

B)Ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды

  1. C) Құжат ақпаратын қамтиды
  2. D) Сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған

E)Көрме слайдтары арасында оңай ауысып жүруге мүмкіндік береді

 

  1. PowerPoint бағдарламасында қаріп өлшемін қай батырманың көмегімен

өзгертуге      болады?

      А)

В)

С)

Д)

Е)жауаптардың барлығы дұрыс

 

  1. батырмасын  шерту   нені  білдіреді?

 

А) Курсив  қаріпті  өзгертеді.

В) Мәтінді  ортаға туралау

С) Ж әрпін  енгізеді

Д) Жартылай  қарайтылған  қаріпті  өзгертеді

Е)жауаптардың барлығы дұрыс

 

  1. PowerPoint бағдарламасының қызметі:

A)Формулалық өрнектерді есептеу тиімділігін арттыру

B)Ақпаратты есте сақтау және қабылдау тиімділігін арттыруға арналған

көрмелерді жасау

C)Сызбалық нысандары бар мәтіндік құжат жасау

D)Қолда бар ақпаратқа кеңінен қатынауды қамтамасыз ету мақсатымен Интернет беттерін жасау

E)Фильмдер дайындауға арналған бағдарлама

 

  1. Мына белгінің  атқаратын  қызметі 

А) Объектінің  көшірмесін  буферге  алу

В) Осы  бумадан  шығу

С) Объектіні қырқып алу

  1. D) Буфердегі мәліметті  қою

Е)жауаптардың барлығы дұрыс

 

  1. Ең соңғы орындалған әрекет нәтижесін кері қайтарып болдырмай

      тастау  үшін мына батырманы шерту керек.

А)

      В)

С)

  1. D)

Е)жауаптардың барлығы дұрыс

 

  1. «Алдын ала  көру»  режимін іске  қосатын батырманы  көрсетіңіз

А)

В)

С)

D)

Е)жауаптардың барлығы дұрыс

 

  1. Microsoft Power Рoint іске қосу үшін мынадай әрекеттер тізбегін орындау қажет:

A)Пуск-Программы- Microsoft Power Рoint

B)Пуск-Программы- Microsoft Power  point

  1. C) Пуск-Стандартные- Microsoft Power point
  2. D) Пуск-Стандартные- Программы- Microsoft Power point

E)Программы —  Power point

 

  1. Microsoft Power Рoint редакторының үстіңгі меню қатарында  «Файл»

пунктіне кіретін командалар:

A)құру,ашу,жабу,сақтау

B)көшіру,енгізу,жою

C)шрифт,абзац,тізім

D)кестені енгізу,бағананы жою,ұяшықтарды біріктіру

E)символ,сурет

 

 

  1. Power Point бұл:
  2. A) Презентация жасауға арналған бағдарлама

B)Мәтіндік процессор

C)Графикалық редактор

D)Электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналған редактор

E)Жауаптардың барлығы дұрыс

 

 

 

 

 

 

 

 

I-нұсқа                                                         II — нұсқа

 

СЖ
 1B
 2C
 3B
4A
5D
6B
7E
8B
9A
10D
СЖ
1A
2A
3D
4B
5C
6B
7B
8A
9A
10A

 

4.Электрондық оқулықтан 1,2,3,4 тапсырмаларды орындату.

  1. Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (40 — 45 мин):

Жоспар:

1.Презентация құру, түстер сұлбасын қолдану, объектілерді кірістіру;

2.Мәтін, кесте, өзкескіндер, диаграммаларды жасау;

3.Слайдтарды бағыттау, дыбыс және суреттер кірістіру;

 

     Бүгінгі біздің  сабағымыздың тақырыбы: «Power Point көмегімен презентациялау». Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (латынша praesento тапсырамын немесе ағылшынша  — ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау,жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқада көптеген дүниені ұсыну. Презентация дегеніміз — тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. объектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі. Слайд

 

дегеніміз — көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Қазіргі  заманғы  презентациялық  бағдарламаларының көбісі  анимациялық,  дыбыспен,  бейнемен  жұмыс  істеуді,  мультимедианың  басқа  да  мүмкіндіктерін  пайдаланады.

Презентация құрудың үш қадамы  бар:

 

 

1.Презентацияны дайындау.

 

 

 

 

2.Жаңа презентация деген команданы таңдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Өздікмазмұн шеберінде бос слайд командасын таңдау.

 

 

Көрме құруда мыналарды есте сақтау керек:

 

  • Көрменің мақсаты және мазмұнын жоспарлау;
  • Әрбір слайдтың мазмұны және есте сақталатындай болу;
  • Слайдтағы ақпарттар қарапайым және мазмұнды болу;
  • Объектілердегі бейнелер фоннан түстері бойынша ерекше болу;
  • Слайдты безендіруде түстерді таңдау;
  • Тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтулер, дыбыстар қою;

 

 

Слайд қойғанан кейін оған Түстер сұлбасын қою керек. Түстер сұлбасын қою үшін Пішімдеу  мәзірінен Түстер сұлбасы әмірін орындаймыз:

 

 

 

Шыққан  түстер сұлбасы терезесінде ашылатын тізім ішінен басқа түсті немесе Құю тәсілін таңдауға болады. Біз Құю тәсілін таңдаймыз. Ол үшін Құю мүмкіндіктері әмірін таңдаймыз.

 

 

Бұл терезе төрт бөлімнен тұрады:

1.Градиент – бір түстен екінші түске баяу өту.

2.Текстура – материалдардар беттерінің макеті.

3.Узор – компьютерлік орнаменттер.

4.Рисунок – дайын суретті қою немесе фотобейне.

 

 

  1. Градиенттік – бір немесе екі түсті таңдау 2. Текстура – бұл материалдардың

 

 

 

 

 

3.Узор – компьютерде жасалған өрнек                        4.Сурет – фото немесе дайын сурет

 

 

Түстер сұлбасын таңдағаннан кейін түстер сұлбасы терезесінде қолдану батырмасын басу керек, егер түстер сұлбасы ағымдағы слайдқа ғана қойылмайтын болса, барлық слайдқа қолдану батырмасын басамыз.

Жаңа слайд құру үшін Кірістіру мәзірінде немесе пішімдеу құралдар тақтасында слайд дайындау әмірін таңдаймыз.

Объектілерді қою үшін Кірістіру – Объект, ал жаңа слайд қосу үшін Кірістіру – Слайд дайындау мәзірін орындау керек.

 

 

 

Слайдқа мәтін енгізу үшін Сурет салу құралдар тақтасында  батырмасын басамыз. Мәтін тұратын жерге курсорды қойып мәтінді пернетақтадан тереміз.

Кесте қою үшін Кірістіру мәзірінен Кесте әмірін таңдап, шыққан терезеде баған және жол санын енгізу керек. Кестені слайдта өңдеп мәтін енгізу қажет.

 

Схемалар салу үшін сурет құралдар тақтасында Өзкескіндер батырмасын басып керекті фигураларды таңдап слайдқа қоямыз. Фигуралардың ішіне мәтін енгізу үшін фигураны белгілеп тінтуірдің оң жақ бетырмасын шертіп жанама мәзірде мәтін жазу әмірін таңдаймыз.

 

 

 

Диаграмма қою үшін стандартты құралдар тақтасында немесе Кірістіру мәзірінде Диаграмма әмірін таңдаймыз. Шыққан кестеде бәрін өшіріп өзіміз жаңадан мәтіндер енгіземіз. Диаграмманың объектілерін жеке өңдеуге болады.

 

 

 

Егерде көрмеде кейбір слайтарға бағыттау (Гиперсілтеме) керек болса, онда басқару батырмаларын қою керек. Ол үшін Слайдтарды көрсету мәзірін таңдап Басқару тетікшелері әмірінен керекті батырманы таңдаймыз.

 

 

Батырманы слайдқа қойғанда Настройка действие терезесі шығады.

 

 

 

Онда Гиперсілтеме арқылы өту пунктін таңдап тізім ішінен слайд таңдаймыз. Слайдтар тізімі шығады онда керекті слайдты таңдап ок батырмасын басамыз

 

 

 

 

Клиптермен дыбыстарды қою үшін:

Егер презентация Интернетте ұсыну, компьютерде автономды көру және басқа да электронды жариялым үшін болса, оны дыбыстық көркемдеумен сүйемелдеуге болады. Бұл музыка, сөз, дыбыстық эффектілер болуы мүмкін.     Әдетте дыбыстық эффектілерді жекелеген слайдтарға зейін аудару элементі ретінде пайдаланады, ал музыка шығармашылық тақырыпты ұсыну кезінде баяндаманың дербес элементі ретінде болады. Сөзді әдетте автономды көруге бағытталған презентацияны түсіндіру үшін пайдаланады. Сонымен қатар, сөздің жазбасын  аудиториялық баяндама дайындау үшін де қолдануға болады.

Дыбыстық эффектілер бүтіндей слайдқа немесе оның объектілеріне аудиторияның  көңілің аударту үшін ендіреді. Интернетте дыбысты жіберу белгілі бір қиыншылықтармен байланысты болуын көңілде ұстау керек, себебі дыбыстық файлдардың көлемі өте үлкен болуы мүмкін. Дыбыстық файлдардың арнайы пішімдерін, сапасын басқару мүмкіншілігімен қысудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін, мысалы: МРЗ пішімі қолдану ұсынылады. Ағымдағы слайдқа дыбыстық файлды ендіру үшін, келесі әрекеттерді орындау қажет:

  1. Кірістіру – Фильм және дыбыс – Файлдан дыбыс пунктін тандаңыз.
  2. Дыбысты кірістіру терезесінде сіздердің компьютерлеріңізде сақталған дыбыстық файлдардың біріне жол көрсетіңіз.

 

 

 

Сурет қою үшін:

Кірістіру мәзірінен Сурет әмірін таңдап, суретті файлдан, сканер немесе камерадан және дайын суреттерді қоюға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайдтарды  демонстрациялау.

Слайдта объектілердің пайда болу ретін басқару үшін қажет:

  1. Слайдтарды көрсету – Анимация баптаулары  командасын орындау.
  2. Тізімде объектіні таңдау және оның реті мен пайда болу уақытын, түр өзгертуін, дыбыстық сүйемелдеуін және т.с.с. анықтау керек.
  3.  Берілген процедураны слайдтағы әрбір объекті үшін кезекпен қайталау.

Анимация эффектілерін беруде тиісті құралдар панелін пайдалануға болады:

Слайдтар алмасуын басқару және демонстрация кезінде арнайы эффектілердің тандалуы Слайдтарды көрсету – Слайдтардың ауысуы командасының көмегімен орындалады. Презентацияның әрбір слайдты экранда белгілі бір уақыт бойы болады, оның ұзақтығын басқа слайдқа өткенде қолмен реттеуге болады немесе белгілі бір уақыт аралығында слайд алмасуын беріп алдын ала жасауға болады(Слайдтарды көрсету –Уақыт баптаулары командасы). Уақыт интервалдары жайлы ақпаратты алу үшін презентацияны слайдтарды сорттаушы режимінде ашу керек, ол жерде әрбір слайд астында оның экранда болу ұзақтылығы  көрсетіледі.

4.Сабақты пысықтау: Элетрондық оқулықтан 5,6,7,8,9,10 және Power Point – тың         мүмкіншіліктерін жазу тапсырмаларын орындау және ребус шешу;

 

 

 

 

1.Презентация жасау;
2.Мәтін енгізу;
3.Кесте құру;
4.Анимация құру;
5.Клиптер, дыбыстар кірістіру;
6.Түстер сұлбасын енгізу;
7.Диаграмма құрастыру;
8.Суреттер кірістіру;

 

 

 

 

 

 

5.Студенттердің білімін бағалау:

 

Төмендегі бағалау парағы бойынша бағалаймын

 

Студенттің аты– жөніСұрақ-жауап,     сөзжұмбақТестЭлектрондық оқулық тапсырмаларыОй қозғау ребус шешу.Қорытынды

 

 

6.Үй тапсырмасы: Power Point көмегімен презентациялау тақырыбына дайындалу және төмендегі тапсырмаларды орындау;

 

 

 

Негізгі әдебиеттер:

1.Балапанов Е.Қ,Бөрібаев Б,Дәулетқұлов А.»Информатика 30 сабақ.Жаңа ақпараттар технологиялар»- Алматы,»Шартарап»,2001 ж.

2.Балапанов Е.Қ.,Б.Бөрібаев,Г.Мадиярова, Жаңа ақпараттар технологиялар»- Алматы,

2000 ж.

3.Под редакцией С.В.Симоновича.» Информатика вазовый курс». – Санк-Петербург,

2002 г.

  1. Балапанов Е.Қ.,Б.Бөрібаев,Г.Мадиярова,Р.Дүзбаева. Жаңа ақпараттар

технологиялар»- Алматы,2001 ж

5.Павлова Н.Т.Компьтерный курс лекциий.Астана,2001.

6.Информатика для юристов и экономистов.Под редакцией С:В:Симоновича. Санк – Петербург,2001 г.

7.Пфаффенберген Б.Эфективная работа с Microsoft Internet Explorer 4.0. Санк – Петербург,1998 г.

8.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі.Информатика және компьтерлік техника.Алматы,2002.

9.Сагман С.Эфективная работа сPower Point 7.0. Санк – Петербург,1997г.

 

8.Қосымша әдебиеттер

1.Шафрин Ю.А.основы компьтерной технологии.-М.,АБФ,1998

2.Петров В.Н.«Информационные системы».СПБ.:Питер,2002