Movie Maker бағдарламасында фильмдер құру кезінде эффектілер қосу және басқа да бағдарлама мүмкіндіктерді қолдану

Сабақтың тақырыбы:      Movie Maker бағдарламасында фильмдер құру кезінде эффектілер қосу және басқа да бағдарлама мүмкіндіктерді қолдану.

Сабақтың тақырыптық мақсаты:        Фильмдерге эффект қою, музыка енгізу әрекеттерін орындап үйрену;

Сабақтың дамытушылық мақсаты:    Жаңаша шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкершілікпен қарайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын адамды қалыптастыру;

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:   Еңбекке, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың типі:                   аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:      информатика, валеология, сурет, ән

Сабақтың көрнекілігі:       компьютерлер, плакаттар, слайдтар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Movie Maker бағдарламасының атқаратын жұмысы?
  2. Фильмге түсініктеме бер.
  3. Movie Maker бағдарламасы терезесін атап, түсініктеме бер.

Алдыңғы сабақта берілген тақырыптар бойынша оқушылардың суреттері, видеоларын қарап шығу.

Movie Maker бағдарламасында әртүрлі эффектілер және басқа да бағдарлама мүмкіндіктерін қолдана отырып, фильмді жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектілермен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар.

Мысалы: «Салауаттылық өмір салты» тақырыбы бойынша фильм құрастырып көрсету.

Алдымен осы тақырыпқа байланысты суреттері, видео және музыка таңдап компьютерге енгізу. Не болмаса өздері тәрбие сағаттарында дайындаған, түскен фотоларын да енгізуге болады.

Суреттерді, видео мен музыканы енгізу (импорт) жолдары:

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет

1-суретте көрсетілгендей Фильммен жұмыс (Операция с фильмами) тақтасындағы Видео жазу (Запись видео) тақырыбындағы Импорт видео, Импорт изображений, Импорт звука или музыки таңдап алып, Енгізу (Импорт) батырмасына басып, қанша сурет енгізу керек болса, соның бәрін алдымен енгізіп қоюға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-сурет

Бұл жерде жасап отырған жұмысының алдымен тақырып қоюдан басталатынын көруге болады. Тақырып қою барысында текстке әр-түрлі анимациялар қою және шрифттің түсін, өлшемін, фонның түсін қалауы бойынша өзгертіп қоюға болады. Мысалы біз таңдаған тақырыбымызға Бояу тамшылары (Капля краски) командасын таңдадық. Көк фонда ақ түсті шрифтпен үлкен етіп орналастырдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

Орналастырып болған соң  Дайын (Готово) батырмасына басу керек.

Бұдан кейін Раскадровкадағы көрсетіліп тұрған орындарына рет-ретімен дайын ендірілген суреттерді қою керек.

 

 

 

Суреттерді орналастыру барысында, олардың арасына мәтіндермен сілтемелер жасауға болады. Мысалы: Есірткіге байланысты тексті Фильмді монтаждау (Монтаж фильма) тақтасынан Тақырып пен титр құру (Создание названий и титров) командасын таңдау керек. Сол жерде ашылған терезеде текст жазады. Тақырып қойған сияқты оған да әр-түрлі анимациялар мен шрифт түсін, өлшемін, фонның түсін өзгерте аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл жерде енгізілген текст есірткі қолданудың зияндылығы туралы қысқаша түсініктеме ретінде көрсетілді. Мұнда шрифт түсі, фон түсі, анимация қойылды. Мұндай текстерді қалаған жерге енгізуге болады. Тексттерді тек қана жеке емес, сілтеме ретінде суреттер үстінен де шығаруға болады. Мысалы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұнда суретке сілтеме ретінде Маскүнемдік деп енгізілген, бірақ бұл сілтеме Раскадровкада көрінбегенімен фильмді қарау кезінде көруге болады. Егер текстті өзгерту керек болса, өзгертуге де болады. Оны керек болмаса өшіріп тастауға, қосуға да болады. Мұнда да тексттердің өлшемін, түсін т.б. қоюға болады.

Суреттер мен видеоны, тексттер мен музыканы орналастырып болған соң фильмге Өтулер (Видеопереход) орналастырамыз. Бұл Фильмді монтаждау (Монтаж фильма) тақтасында орындалады. Ол жерден Видеоөтулер қарау (Просмотр видеопереход) командасын таңдаймыз. Сонда әр түрлі өтулер топтамасы көрсетілген. Видеоөтулер дегеніміз бұл – құрылған клиптің бірінен-кейін біріне түрлендіріп өтулерін айтады. Мысалы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл жерде біз құрылған екі клип ортасына қойылған видеоөтуді көріп отырмыз. т1 және т2 екі клиптің ортасына (Диоганаль, ниша) өтуі, ал т3 пен т4 клиптерінің ортасына (Диафрагма) өтуі қойылды. Бұл өтулерді фильм қарау тақтасынан көруге болады, егер өзгерту керек болса, алып тастауға және орнына өзі қалаған видеоөтуді орналастыруға болады.

Фильм құру барысында клипке видеоэффект енгізуге болады. Бұл -орналастырылған суреттің ұзақтығын, оның ішке қарай, сыртқа қарай үлкейіп, кішірейіп немесе алыстатып, жақындатып көрінуін және тағы сол сияқты түрлерін көрсетеді. Мысалы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл жерде видеоэффект қойылған кезде клиптің сол жақ төменгі шетінде көк түсті жұлдызша көрініп тұрады. Ал егер жұлдызша клипте көрінбей сұр түсті болса онда бұл клипке ешқандай видеоэффект қойылмағанын білдіреді. Видеоэффектіде керек емес болса алып тастауға, өзгертуге болады.

Фильм құрудың аяғында клиптің соңын көрсетуге болады. Ол жерде кім құрды, аты-жөні т.б. жазылады. Мысалы:

 

 

 

 

 

 

Бұл жерде Фильмді монтаждау (Монтаж фильма) тақтасынан Тақырып пен титр құру (Создание названий и титров) командасынан Фильм соңына титр енгізу (Добавить титры в конце фильма) командасы арқылы енгізуге болады.

Фильмді құрып болған соң оны сақтауға болады. Сақтау үшін: Фильм құруды аяқтау (Завершение создания фильма) тақтасында көрсетілгендей фильмді компьютерге, касетаға, CD дискттерге т.б. сақтауға болады. Мысалы:

Фильмді құру барысында көмек керек болған жағдайда Фильм құруға кеңес (Советы по созданию фильмов) тақтасында көрсетліген командаларды ашып оқып, кеңес алуға болады.

Міне біз бүгінгі сабақта Салауатты өмір салтын ұстану тақырыбына байланысты фильмді құрып үйрендік. Бұл құрылған фильмді тәрбие сағатында, сабақта т.б. қажет жағдайда қолданып көруге, көрсетуге болады.

Осындай фильмдерді құру үшін алдымен біз белгілі бір тақырып таңдаймыз.

Мысалы: 1) Менің елім – Қазақстан; 2) Жер Ананы жылатпайық; 3) Спорт денсаулық кепілі; 4) Өнерлі болсаң… 5) Білім – инемен құдық қазғандай; 6) Шылым шегу есею ме? 7) Арақ атаңнан қалған ас емес; 8) СПИД — ХХ ғасыр обасы; 9) Салауатты өмір салтын ұстанайық. 10) Нашақорлық – нағыз қорлық.

Әр оқушы осы өздеріне берілген тақырыптары бойынша өздерінің шығарған өлеңдерін, мәтін құрастырып және суретін салып, сурет енгізіп, видео дайындап, оларға дауыстарын жазып, көрнекі болатындай фильм жасау тапсырылады.

Барлығы жасап болған соң, әркім өз жасаған жұмыстарын қорғайды. Бір-біріне сұрақтар қойып, пікір-таластырады.

 

Үйге тапсырма: «Салауатты өмір салтына» байланысты материал дайындап келу.