Сабақтың тақырыбы: Сурет галериясына саяхат
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №1 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі Ахетова Гүлнұр Көлбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Сурет галериясына саяхат
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: 1. Оқушыларды ақпараттық графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері туралы білімдерін қалыптастыру;
Дамытушылығы: 2. Графикалық файлдарды өңдеудің шешілу жолдарын табу;
Тәрбиелігі: 3. Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып, жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, бая
Көрнекі құралдар: Компьютер, PowerPoint слайдтары, үлестірме тапсырмалар, тест.
Сабақ барысы:
- Оқушыларды ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, түгендеу.
- Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы тексеру.
Сұрақтар:
- Дайын кестеге жол санын көбейту командасы.
- Ұяшықтарды ерекшелеп, көрші ұяшықтармен біріктіру командасы.
- Белгіленген жолды өшіру үшін.
- Кесте дегеніміз не?
- Жолдар мен бағандар қиылысып нені құрайды?
- Кесте торын алып тастау үшін.
- Мәтінді бағанаға бөлу командасы.
- Кесте құру командасы.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Графикалық ақпараттар түрлері
Векторлық |
Фракталдық |
Растрлық |
Растрлық бейнелер (немесе биттік карталар – Bitmap) дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі және шешу қабілетімен анықталады, ал файлдың өлшемі пайдаланылған палитраға (ақ-қара немесе 1-биттік, 256 түсті немесе 8-биттік, true color – түсті дәл беру – немесе 32 биттік) қосымша тәуелді болады. Растрлық деп сканердің көмегімен алынған, сондай-ақ, графикалық редакторлар жасаған (мысалы, Paint) бейнелер аталады.
Бейнелерді векторлық әдіспен құрағанда графикалық объектілер қарапайым элементтердің, яғни үзік сызықтардың, доғалардың, шеңберлер мен көп бұрыштардың жиынтығы түрінде көрінеді. Векторлық графикада бейнені құрайтын қисық және түрлі түсті құйылмалардың математикалық жазбасы бар. Оның маңызды бір артықшылығы – бейнелердің масштабы өзгере алады. Суреттің өлшемі өзгертілгенде примитивтер теңгерулері қайта есептеліп, сызықтарды құру сол теңгерулер бойынша жүргізіледі. Нәтижесінде растрлық бейнелерге тән объектінің бұрмалауына жол берілмейді.
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру | ||
Салыстыру критерийлері | Растрлық графика | Векторлық графика |
Кескіндерді ұсыну әдісі | Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады. | Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді. |
Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі | Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады. | Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді. |
Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі | Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. | Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. |
Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері | Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады. | Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады. |
Кірістіру → Сурет командасын орындай отырып, мәтінге:
Кірістіру → Сурет → Афтофигуралар
- Бекіту тапсырмалары:
Тапсырма № 1.
Графикалар | Растрлық | Векторлық | Фракталдық |
Тапсырма № 2.
Microsoft Word бағдарламасын іске қосып, сурет панелін ашып, процессордың растрлық бейнесін және автофигураларды пайдаланып, процессордың векторлық бейнесін сал.
Тапсырма № 3.
Мына мәтінді енгізіп, сол жақ бұрышына пернетақтаның суретін қой.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез-келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102-104 перне болады.
5.Сабақты тест арқылы бекіту:
Тест
- Суретті енгізу
А) Вставка →Рисунок→Картинки
Б) Вид→Панель инструменты→Картинки
В) Формат→Рисунок→Картинки
- Сызық, доға, шеңбер және тік бұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер:
А) Растрлық
Б) Фракталдық
В) Векторлық
- Математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылатын графика:
А) Растрлық
Б) Фракталдық
В) Векторлық
- Векторлық графиканың артықшылығы:
А) Кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізеді, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болады.
Б) Кескін өлшемін өзгерткенде сапасын жоғалады
В) Кескін үнсіз келісім бойынша активті жұмыс үстеліне орналастырылады.
- Растрлық кескіндердің базалық элементі…
А) Сызық
Б) Пиксель
В) Математикалық есептеулерге негізделген
- Сабақты қорыту:
Венн диаграммасы
Векторлық және растрлық графикалардың ұқсастығы мен айырмашылығы
- Бағалау.
- Үй тапсырмасы:
Растрлық, векторлық, фракталдық графикаға суреттер алып келу.
Растрлық графика, векторлық графика туралы ерекшеліктерін жазып келу.