Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу
Сыныбы:8 «Ә» 1 топ
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжатты пішімдеу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтіндік құжатты редакциялау
дағдыларын қалыптастыру
Білімділік Мәтіндік құжаттан алған білімдерін жинақтап,
одан әрі таным деңгейін арттыру.
Дамытушылық: Мәтінді редакциялау арқылы оқушылардың
логикалық ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдысын
қалыптастыру және болашақта қолдануға үйрету,
қаблеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке, өзін-
өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалануға
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: алған білімдерін қалыптастыру
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, дене шынықтыру,информатика
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивті тақта Aktiv Board, Aktiv Pen,
видеоролик «7 Азиадалық ойындар»,
электронды тест
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 3 мин
Оқушыларды түгелдеу.
Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру.
ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
А) миға шабуыл. «Келесі» ойыны. 15 мин
Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында сұрақтар қойылады. Оқушылар ретімен жауап беру тиіс. Егер оқушы жауапты білмесе «Келесі» деп,жауап беру реті келесіойыншыға өтеді.
Сұрақтар:
- Мәтін дегеніміз не?
- Мәтін неден тұрады?
- Мәтіннің қандай түрлерін білесіздер?
- Қарапайым мәтін дегеніміз не?
- Программалық мәтін деген не?
- Кестелік мәтін қандай объектілерден тұрады?
- Гипермәтін қайда кездеді?
- Гипермәтінге анықтама беріңіздер.
- Енгізілген объектілерге нені жатқызамыз?
- Абзац деген не?
- Абзацтың қандай параметрлері бар?
- Кірістіру нүктесі дегеніміз не?
Жақсы ,балалар, сіздер мәтін туралы біраз ақпарат алыпсыздар. Қандай мәтіндік редактормен соңғы сабақта таныстық және оны қалай іске қосамыз? (Microsoft Word бағдарламасы, Бастау – Бағдарламалар — Microsoft Word)
Жақсы. Ондай болса терезедегі белгішелерді қалай айыра аласыздар, көрелік
ә) Салыстыру тестісі (слайд) 6 мин
Екі қатардағы оқушылар бағдар сызығы арқылы батырманы оның қызметі көрсетілген алаңшамен қосады.
Б) Компьютерде жұмыс 10 мин
Балалар, қазір біздің елімізде қандай жаңалық болып жатыр?
(7-ші қысқы азиадалық ойындар). Дұрыс. Экранға назар аударыңыздар.
(видеороликті ойнату). Мінеки, балалар, желтоқсанның 1-де Астанада ОБСЕ –саммиті өтті, ал қазір 7-ші қысқы азиадалық ойындар біздің елде алғаш рет өтіп жатыр. Бұл Қазақстанның басқа елдерге тек қана бірлігі жарасқан, тәуелсіз ел ғана емес, біздің еліміздің спортшыларының мықтылығын дадәлелі. Ал осы 7-ші қысқы азиадалық ойындарының символы қандай?
(Ирби). Ирби нені білдіретіні туралы келесі тапсырмада.
Ирби
Қысқы спорттық мереке кезінде Азиаданы қабылдайтын қалалар жалын мен мұз секілді сайыстың шынайы рухын білдіретін қызыл-көк түсті қарша түріндегі оның эмблемаларымен безендіріледі. Сонымен қатар қала көшелерінен ойынның бойтұмары болып табылатын Ирби есімді барысты көп кездестіруге болады. Барыс – мәнді әрі маңызды символ. Скифтердің мифологиясында барыс әділеттілік қорғаушысы ретінде бейнеленеді. Сондай-ақ, барыс – қазіргі тәуелсіз Қазақстанның символы.
Компьютерден Word бағдарламасын қосыңдар.
Пернетақта индикаторын ауыстыру үшін қандай пернелерді пайдаланамыз?
Мәтінді Times New Roman шрифтімен, символ өлшемі 14, Абзацтық шегініс 0,7 см, жоларалық интервал – 1,5 алыңыздар. Құжатты «Ирби» атымен сақтаңыздар.
Тапсырма жеке парақтармен оқушыларға таратылды.
В) Қол саусақтарына және көзге жаттығуды әуен сүйемелдеуімен жасау
(2-мин)
Г) Электронды тест 7 мин
Мәтіндік редактор Microsoft Word | |||
1. | Microsoft Word бағдарламасы — | ||
1. графикалық редактор | |||
2. мәтіндік редактор | |||
3.деректер қоры | |||
2. | Мәтінге өзгерістер енгізу үшін | ||
1. астын сызу | |||
2. сақтау | |||
3. белгілеу | |||
3. | Мәтінді редакциялау дегеніміз | ||
1. мәтіннің мазмұнын өзгерту | |||
2. мәтіннің сыртқы әлпетін өзгерту | |||
3. Беттегі абзацтар орналасуын өзгерту | |||
4. | Жоларалық интервал дегеніміз | ||
1. мәтіннің әріптер арасындағы қашықтық | |||
2. Мәтіннің жолдарының арасындағы қашықтық | |||
3.мәтіннің абзацтар арасындағы қашықтық | |||
5. | Қызыл түспен сызу — мәтінде | ||
1. стилистилистикалық қате | |||
2. орфографиялық қате | |||
3. синтаксистік қаты | |||
6. |
| ||
1. қаріпті өзгерту | |||
2.қаріп өлшемін өзгерту | |||
3. беттегі жолдар саны | |||
7. | Қандай аспаптар панелінің батырмалар көмегіменмәтінге өзгерістер енгізуге болады? | ||
1. стандартты | |||
2. тапсырмалар панелі | |||
3. пішімдеу | |||
8. | Мәтінді пішімдеу — | ||
1. мәтіннің сыртқы әлпетін өзгерту | |||
2. мәтіннің мазмұнын өзгерту | |||
3. Беттегі абзацтар орналасуын өзгерту | |||
9. | Абзац соңда басылатын перне | ||
1. Tab | |||
2. Enter | |||
3. Insert | |||
10. | Құжатты сақтау үшін қандайәрекеттер орындау керек | ||
1. Файл — Сохранить | |||
2. Файл — Открыть | |||
3. Файл — Закрыть | |||
11. | Бірінші жолдың шегіністерін сызғыштағы қай шегініс батырмасы орнатады | ||
1. Жоғарғы | |||
2. Сол жақтағы төменгі | |||
3. Оң жақтағы төменгі | |||
12. | Абзацты толығымен белгілеу үшін | ||
1. Абзацта маустың оң жақ батырмасын екі рет шерту | |||
2. Абзацта маустың сол жақ батырмасымен үш рет шерту | |||
3. Абзацта маустың сол жақ батырмасымен бір рет шерту | |||
13. | Мәтіндік редактордың ең кіші объект | ||
1. сөз | |||
2. абзац | |||
3. символ | |||
14. | Абзацты туралауға болады | ||
1. сол жақ бойынша, ортамен | |||
2. ені бойынша, оң жақ бойынша | |||
3. жоғарыда аталған барлығы | |||
15. | Белгіленген объектімен орындалатын әрекеттер | ||
1. тек қана жою, орын ауыстыру,көшіру | |||
2. форматтау, жою, орын ауыстыру, көшіру | |||
3. тек қана форматтау | |||
ІІІ. Қорытындылау.
Бүгін біз мәтінді пішімдеу тәсілдерімен практика жүзінде жұмыс жасадық барлығықтарыңыз жақсы меңгергендіңдер.
Ассоциация құру
ІV.Бағалау
Үйге тапсырма «Біздің азиада тақырыбына» эссе жазу