Модельдер және Модельдеу түрлері

Сабақ тақырыбы: Модельдер және Модельдеу түрлері

Сабақ мақсаты: Модельдерге түсінік. Модель түрлерін үйрету.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру

Барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Өткен сабақты қайталау
  3. Жаңа сабақ материалын түсіндіру

4 Сабақты қорыту

  1. Үйге тапсырма.

Жаңа сабақ түсіндіру

Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.

Моделдеу — объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зкрттеу мақсатында олардың модельін құру.

Модель түрлері

  • Оқу;
  • Тәжірибелік;
  • Ғылыми-техникалық;
  • Ойын модельдері;
  • Имитациялық;

Уақыт факторына байланысты- динамикалық және статистикалық болып бөлінеді.

Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.

Динамикалық модель деп – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді.

Моделдерді көрсетілу әдісіне қарай топтау.

  • Ақпараттық;
  • Материалдық.

Ақпараттық:

  • Таңбалық
  • Вербальдық

Таңбалық:

  •  Компьютерлік
  • Компьютерлік емес.

Ақпараттық модель- объектінің, процестің немесе құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиыны және сыртқы әлеммен өзара байланыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ тақырыбы: Модельді анықтау. Ақпараттық модельдер

Сабақ мақсаты: Модельдерді анықтау. Ақпараттық модельдер түрлерін түсіндіру.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: түсіндіру

Барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Өткен сабақты қайталау
  3. Жаңа сабақ материалын түсіндіру

4 Сабақты қорыту

  1. Үйге тапсырма.

Жаңа сабақ түсіндіру

Ақпараттық модельге таңбалық және вербальдық ақпараттық модельдер жатады.

 

Вербальдық модельдер- ойша немесе әңгіме түрінде жасалады

 

Таңбалық модельдер – арнайы таңбалармен, кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модель

 

Геометриялық модель- графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.

 

Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.

 

Математикалық модель- объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар

 

Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер

 

Логикалық модельдер – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс-әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.

 

Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар