MS POWER POINT көмегімен презентациялау және сілтеме жасау
Сабақтың тақырыбы: MS POWER POINT көмегімен презентациялау және сілтеме жасау.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Типі: аралас сабақ
1.Мақсаты
Білімділігі: Студенттерге Power point бағдарламасында презентациялау жолдарын және сілтемені слайдта қолданылуын түсіндіріп, үйрету.
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге және олардың компьютерде жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамытуға ықпал ету.
Тәрбиелігі: Уақытты тиімді пайдалануға, ұқыптылыққа, компьютерлік сауаттылыққа және патриоттық сезімге тәрбиелеу.
- Күтілетін нәтиже :
- Студенттер білу керек: MS POWER POINT бағдарламаның қызметтерін, атап айтқанда слайдтарға мәтіндерді жазуды, түстер мен түрлі терезе құрылымдарын қолдануды, мәзірлермен жұмыс істеуді.
- Студенттер жасай біледі: Power Point программасын іске қосу және слайдтарды қою, өшіруді.
- Студенттер меңгеру керек: Презентацияға түрлі өзгерістерді енгізіп, анимация және сілтеме жасау жұмыстарын жүргізуді.
III.Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, компьютерде практикалық жұмыс орындату
- IV. Құралдар: ДК, проектор, флипчарт, үлестірмелі материал
- Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
- Студенттермен амандасу.
- Студенттердің сабаққа қажетті оқу-құралдарын қадағалау, сабаққа нұсқау беру.
- Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын ашу.
- Үй тапсырмасын тексеру: 2 –бет төмендегі сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексеріледі:
- Негізгі бөлім:
3-бет Бүгінгі өтетін тақырып бойынша берілген қысқаша теориясын жазады.
Келесі 4-бет практикалық жұмыс жасау. Яғни студенттерге таратпа практикалық тапсырма жұмысы беріледі.
Практикалық жұмыс №
Power Point программасын іске қосу үшін мына мәзірлерді бас:
- «Пуск» батырмасын шертіңіз — «Все Программы» — «Microsoft office» — «Microsoft PowerPoint»
- Ашылған терезеден ГЛАВНАЯ менюді таңдаңыз – СОЗДАТЬ СЛАЙД басу арқылы – МАКЕТ батырмасын басу арқылы өзінізге керек түрін таңдаңыз.
- ДИЗАЙН меню арқылы слайдтың стилін таңдау керек
- ВСТАВКА – ФИГУРЫ немесе РИСУНОК («Рабочий стол-Фоны бумасынан» керек суретті алыңыз) мәзірін орындау арқылы суретті қою керек.
Келесі мәтіндерді енгізіңіз тақырыбы
1 слайд:«Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым»
2 слайд: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
3 слайд: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда.
- Енді осы мәтіндерді безендіру қажет ол үшін: Қаріп түрін және өлшемін, түсін беріңіз
- Қойылған суретке ФОРМАТ менюі арқылы безендендіру қажет
- ПЕРЕХОДЫ менюі арқылы слайдтың келесі слайдқа аусуын тағайындау
- АНИМАЦИЯ менюі арқылы мәтінге түрлі анимацияны қоюыңыз.
- Келесі бойынша:
- 1 слайдты – 2 слайдқа;
- 2 слайдты – 3 слайдқа;
- 3 слайдты – 1 слайдқа СІЛТЕМЕ немесе Ctrl+K пернелер үйлесімін басуға болады. Ол үшін тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы — Гиперссылка- жасаңыз.
- Презентацияны құрастырып біттіңіз енді оны сақтау керек. Ол үшін: Басты менюдегі «Файл» — «Сохранить как» және «Имя файла» деген жерге презентацияның атын жазып сақтаңыз. Сіз презентацияны әзірлеуді аяқтап, оны көрсетуге дайын болсаңыз: Жарайсыз!
Сабақты бекіту.
Сұрақтар арқылы бекіту:
- Слайд үлгісін қалай қоюға және өзгертуге болады?
- Аусуды қалай қоюға және өзгертуге болады?
- Анимацияны қалай қоюға және өзгертуге болады?
- Фонның түсін қою және өзгертудің неше әдісі болады?
- Гиперсілтеме не үшін қажет қалай қоямыз?
Студенттерді бағалау. Студенттерді практикалық жұмыс бойынша бағалау.
Рефлексия.
- Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
- Қиын және жеңіл жерлері болды ма?
- Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?
- Қиыншылықтар болды ма?
- Ұсыныстарыңыз бар ма?
Сабақты қорытындылау.
- Сабақтың мақсатына жеттік пе?
- Не үйрендік?
Үйге тапсырма беру.
Тапсырма: Студенттер еркін тақырып бойынша презентация жасау.