PowerPoint программасының мүмкіндіктерімен танысу

Сынып: 7А                                                                                     Пән атауы: информатика

Пән мұғалімі: Абдрахманова А.С

Тақырыбы:PowerPoint  программасының мүмкіндіктерімен танысу
Сабақ мақсатыАКТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, мультимедиялық презентацияның негізгі ерекшелігімен танысып, теориялық білімін практикамен ұштастыра отырып, тақырыптың негізгі идеясын түсінеді.
Күтілетін нәтиже:-мультимедиялық презентацияның ерекшелігімен танысады;

-теориялық білімдерін практикамен ұштастырады;

-мүмкіндіктерін тиімді қолдана білуге үйренеді;

-маңыздылығы жайлы білім алады;

Сабақтың түріЖаңа сабақ
Білім беру технологиясыТоптық және жекелей атқарылған жұмыстарға арналған
Сабақтың білім беру формасыСыни тұрғыдан ойлау
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдерInsert әдісі, топтық шығармашылық жұмыс
КөрнекіліктерПрезентация, Net Control программасы,  VipTest, бейнебаян, таймер
Сабақ барысы
                               Мұғалімнің іс – әрекеті                                 Оқушының іс — әрекеті
Ұйымдастыру

( 2 мин)

 «Қызыл, көк, сары» түстер арқылы топқа бөлінеді.Бір түсті таңдаған оқушылар бір топқа бірігеді.
Қызығушылықты ояту    (13 мин)2.«VipTest» арқылы өткен тақырыпты қайталау.

3.Оқушыларға «Менің елім-Қазақстан» тақырыбында презентация көрсету арқылы тақырыпты анықтату.

4.Бейнебаян: «PowerPoint мүмкіндіктері» (таныстырылым)

2.Өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталайды

3. Оқушылар жаңа тақырыпты анықтайды.

4. Бейнебаян көру арқылы  жаңа ақпарат алады.

Мағынаны ажырату

( 18мин)

 

 

 

 

 

 

 

5. Ресурс бойынша жұмыс жасайды, топ ішінде түсіну, талдау жұмыстары жүргізіледі

6.Топтарға бағытталған тапсырмалар: 2-3 слайд бетінен тұратын «Таныстырылым» әзірлеу.

I-топ. «Менің мектебім»

II-топ. «Менің сыныбым»

III-топ. «Менің қалам»

Топтар сақтала отырып, топ оқушылары жұптасып жұмыс жасайды.  жұмыстарын қорғайды

Топтар бір-бірін критерий бойынша бағалайды

5. Ресурсты оқи отырып, білімдерін жетілдіреді, топ ішінде талдай отырып, бір-біріне түсіндіреді.

6.Теориялық білімдерін, практикамен ұштастырады. Таңдап алған тақырыптар бойынша «Таныстырылым» әзірлеп қорғайды. Топтар бір-бірін критерий бойынша бағалауға үйренеді

Ойтолғаныс

( 6 мин)

 

7.Білімді бекіту тапсырмасын орындау, теориялық, практикалық білімдерін жинақтау, жұбымен ауысу арқылы тақтамен тексеру.7.Тапсырмасын орындайды, бір-бірін бағалайды.
Бағалау  (2 мин)8.Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды бағасы.8.Топтардың бағасын ескере отырып, мұғалімнің суммативті бағасы
Үйге тапсырма

(1 мин)

9. Power Point  программасының мүмкіндіктері9.Дәптерлеріне негізгі мағлұматтарды түсіру, тақырыпты мазмұндау.
Рефлексия ( 3 мин)10.Кері байланыс. Эдвард де Бононың «ойлаудың алты қалпағы» әдісін пайдаланып, оқушылардың ой-пікірін білу.

 

10.Эдвард де Бононың «ойлаудың алты қалпағы» әдісін пайдаланып, оқушылардың сабақ бойынша пікірлерін тыңдау. NetControl программасымен келесі сабаққа ұсыныстарын жазады.