PAINT графикалық редакторы. «Жазу» құралы
Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. «Жазу» құралы.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға Paint графикалық редакторы жайлы жалпы мағлұмат беру.
- Paint – та сурет салуды үйрету және оқушыларға «Жазу» құралын пайдалана бiлудi үйрету.
- Оқушыларды графикалық редактормен жұмыс iстеуге дағдыландырып, тиянақты жұмыс жасауға талаптандыру
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Графикалық редактор — графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа.
Оқушыларға «Жазу» құралының атқаратын қызметтерi жұмыс дәптерi немесе компьютер арқылы түсiндiрiледi (PAINT-тiң кейбiр нұсқаларында бұл құрал “Текст” деп берiлуi мүмкiн).
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, жеке жұмыс
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Компьютерлік — бағдарламалық Мicrosoft Power Point, Word,
құралдар: «Paint» графикалық редакторы
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
ІІ. «Ұшқыр ой» патшалығы
- PAINT редакторы қалай іске қосылады?
ПУСК/ ПРОГРАММЫ/ СТАНДАРТНЫЕ/ PAINT
- PAINT редакторының терезесі қандай элементтерден тұрады?
- Терезе тақырыбы
- Мәзір қатары
- Сурет салу аймағы
- Құрал-саймандар тақтасы
- Түстер палитрасы
- PAINT редакторының қандай мүмкіндіктері бар?
- Сурет салуға
- Суретті файлға сақтап қоюға
- Қағазға басуға
- Электронды почтамен жіберуге
- Суретке мәтін енгізуге
- PAINT редакторында салынған суретті қалай сақтаймыз?
- Бас МӘЗІР командасынан ФАЙЛ жолын таңдап, СОХРАНИТЬ КАК . . . командасын шертіп,«Сохранение файла» батырмасын бас.
- PAINT редакторын қалай жабамыз?
- Экранның оң жақ жоғарғы бұрышындағы үш батырманы тап _ □ х. Оның iшiнен х батырмасын шерт.
ІІІ. «Ғажайып жаңалық» аралы
- PAINT редакторын аш. Оны ашу үшiн келесi әрекеттер орындалады: – ПУСК/ ПРОГРАММЫ/ СТАНДАРТНЫЕ/ PAINT
- МЕНЮ-дегi ВИД командасын аш. “Панель атрибутов текста” жолына белгiсiн қой.
- НАДПИСЬ батырмасын шерт.
- Меңзердi қажеттi орынға қойып, тышқанның батырмасын шерт. Қажеттi өлшемдегi тiктөртбұрышты алғанша, батырманы басып тұрып, тышқанды жылжыта бер.
- Қарiптiң көлемi мен кескiнiн таңда, мысалы, 16, курсив.
- Ендi мәтiндi тере беруге болады.
- “Панель атрибутов текста” тақтасындағы мына батырмаларды басып көр:
Ж –мәтiн қарайтылады.
К — мәтiн қисайтылып жазылады.
Ч — мәтiннiң асты сызылады.
Жақтаулармен қоршалып тұрған әрiптер түстерiн өзгертуге болады. Ол үшiн тышқанның сол жақ батырмасын шертiп, қажеттi түстi таңдап алу жеткiлiктi.
- «Қиялдағы көркем» аралы
Бұл аралда саяхатшылар «PAINT»-тың графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып, берілген практикалық жұмыстарын орындайды
- «Демалыс сәтi» аралы
VІ. «Балық аулау» аралы. Бекіту сұрақтары
- Суретті дискідегі файлда не үшін сақтау керек?
- Суретті келешекте тағы қолдану үшін сақтайды
- «PAINT» файлға қандай кеңейтуді автоматты түрде меншіктейді?
- .bmp
- Қаріпті қалай өзгерте аламыз?
- Тінтуірді қаріп тұсына апарып, шертеміз
VІІ. «Қорытынды» айлағы
- «Жағалау» үйге тапсырма беру. Шығармашылық тапсырма
(Жыл мезгілдерін салып келіңіздер. Кейбір элементтерін атап жаз. Мысалы: ағаш, күн, гүл)
- «Сиқырлы сандық» жағалауы Алдымызда тұрған сандықшаны ашып көрелік, ішінде не бар екен,а-а-а?!(Балаларға үйлестіремін)
- «Қандай керемет» автобусы. Сабаққа белсенді араласып отырған оқушыларды бағалаймын.
Күтілетін нәтиже:
- Paint графикалық редакторында «Жазуды қою» құралының
қызметін біледі.
- Paint графикалық редакторында «Жазуды қою» құралы
арқылы қатесіз және дұрыс жазуға үйренеді.
- Жазылған мәтінді немесе сөзді форматтай білуді үйренеді.
Қолданылған әдебиеттер:
- Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, «Ақпараттық мәдениет негіздері әдістемелік нұсқау», 2004ж.
- Е.Қ.Балапанов, Б.Б.Бөрібаев, «Ақпараттық мәдениет негіздері 3-сынып», 2004ж.
- О.Жапарова «Информатика негіздері» Алматы, 2006
- «Информатика негіздері» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.- Алматы;
- «Алгорифм» республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.- Алматы; №1, 2004 ж