Paint графикалық редакторын қорытындылау
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторын қорытындылау
Сабақтың мақсаты
1.Білімділік: Оқушылардың оқу материалын қабылдауы, нысандардың байланысы мен қарым-қатынасын зерделеу, сонымен қоса оқушылардың алған білімін жүйелеуге үйрету;
2.Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қызығушылығын жүйелеу, сараптау, салыстыру дағдыларын дамыту, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін арттыру;
3.Тәрбиелік: Ғылыми көзқарастарын қалыптастыру, өздігінен және топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, жолдастық сезімге, өзара көмек беруге және халықтың салт-дәстүрін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: дербес компьютер, үлестірмелі карточкалар, суреттер.
Сабақтың типі: қорытындылау
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ойын, компьютермен жұмыс
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі
- І-гейм «Қоржыннан шыққан бас қатырғылар» (Үй тапсырмасын сұрау )
- ІІ-гейм «Көрсетейік…» (капитандар сайысы)
- ІІІ-гейм «Ой қозғау»
- ІҮ- гейм «Келесі, келесі…»
- Ү-гейм «Қыз қуу»
- ҮІ-гейм «Арқан тарту»
- Бағалау
- Қорытындылау
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сабақты «Суретшілер аралы» ойыны түрінде өткізіп, сыныпты екі топқа бөлу керек. Сабақты ұлттық нақыш түрінде жүргіземін. І-гейм. «Қоржыннан шыққан бас қатырғылар»
Ойынның шарты: Әрбір топтан бір-бір оқушы шығып, қоржыннан асық алып, сол асықтағы жасырылған сұраққа жауап беру қажет. Әр дұрыс жауап сол топқа ұпай береді. Сонымен қоса қойылған сұрақты компьютерде көрсету қажет.
А |
- Кескіннің түсін қалай таңдаймыз? (Жауабы: Палитрадағы қажетті түстің төртбұрышына тышқан нұсқауын орналастырып, сол жақ батырмасын шерту керек)
- Суретке жазу қалай жазылады? (Жауабы: Құралдар тақтасынан батырмасын таңдап алып, жұмыс аумағына орналастыру керек)
- Пайнт программасын қалай іске қосамыз? (Жауабы: Бастау- Бағадарламалар- Стандартные- Пайнт)
- Бүріккіш құралы не үшін қолданылады? (Жауабы: Бұл құрал бүрку эффектісін жасау үшін қолданылады)
- Суретті қалай сақтайды? (Жауабы: Файл- Сохраить командаларын орындап, өз қалауы бойынша сақтау қажет)
- Суретті қалай ашады? (Жауабы: Файл- Открыть командасын орындап, керекті құжатты ашуға болады)
ІІ-гейм.. «Көрсетейік» шығармашылық тапсырма. (Капитандар сайысы)
Ойынның щарты: Әр топ басшыларын шақырып, жеребе арқылы белгілі тақырыптарға пайнтта сурет салдыру. Қай топтың суреті жақсы болса, сол топ ұпайды әкетеді.
Тақырып аттары: 1) «Ауыл-2030»
2) «Әрқашан бұлт төнбесін»
ІІІ-гейм. «Ой қозғау»
Ойынның шарты: Әр топтан 3 оқушыдан шығып, тақтадағы сызба нұсқасын толтырады. Әр дұрыс жауап топқа ұпай жинайды.
6 |
5 |
4 |
3 |
2 |
1 |
1 | 4 | ||
2 | 5 | ||
3 | 6 |
ІҮ-гейм. «Келесі, келесі…»
Ойынның шарты: Үйден дайындалып келген жұмбақтарын айтып компьютерден көрсету. Қай топ жұмбақтың шешімін тапса, сол топқа ұпай саналады.
І-топ. Үсті-басы ине
Бұл не деген бейне. (Кірпі)
ІІ-топ. Қисық сызық қолданып,
Салып көрші ойланып,
Дөңгелек пен көп таяқ.
Қиыстырсаң шығады
Теңіздегі ……….. (Сегізаяқ)
Ү-гейм. «Қыз қуу»
Ойынның шарты: Әр топтан бір ұл, бір қыз шығып. Әр топтың қыздары ауысып, ұлдарға сұрақ қояды. Сұраққа жауап бере алмаған топ ұлдары тақпақ не мақал-мәтел айтуы қажет.
І-топ қыздары: Суреттің үзіндісін белгілеу үшін не істеу керек? (Выделение/ белгілеу батырмасын таңдап, тышқан нұсқағыштың бөлінетін суреттің сол жақ бұрышына орналастыру керек)
ІІ-топ қыздары: Үзінді көбейту дегеніміз не? ( Экранда тышқаның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмесің тізбегін жасау )
ҮІ-гейм «Арқан тарту » ойыны
Ойынның шарттары: Сыныптан бір-бір оқушы шығып тақтадағы ілініп тұрған әр элементтің аттарын жазу керек.
Батырма | Батырма аты |
Ерікті аймақты белгілеу | |
Белгілеу
| |
Өшіргіш
| |
Құю | |
Түс таңдау | |
Масштаб | |
Қарындаш | |
Қылқалам | |
Бүріккіш | |
Жазу |
Оқушыларды бағалау. Жеңімпаз оқушыларды марапаттау, тиісінше бағалау.
Қорытындылау.
Үйге тапсырма беру. Тапсырмалар дайындап келу