PAINT графикалық редакторы. Нысанды қиып алу және қою
Сабақтың тақырыбы: PAINT графикалық редакторы. Нысанды қиып алу және қою
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:
Оқушыларға Paint графикалық редакторы жайлы жалпы мағлұмат беру және
суреттерді қиып алып, басқа жерге орналастыруға үйрету.
- Дамытушылық:
Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютерлік жұмыс істеу шеберлігін одан әрі шыңдау және оны өмірде қолдана білуге ықпал жасау, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
- Тәрбиелік:
Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, компьютерлік сауаттылыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу және тиянақты жұмыс жасауға талаптандыру.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Нысандарды қиып, оларды орналастыру жұмысын компьютерде практикалық түрде көрсетіп алу керек.
- PAINT редакторын аш.
- Бiрнеше жемiстi, саңырауқұлақты және табақша суреттерiн сал.
- ПРОИЗВОЛЬНОЕ ВЫДЕЛЕНИЕ құралын қолдан. «Без фона» командаларын пайдалануды ұмытпа.
- Саңырауқұлақты ерекшелеп белгiле.
- ПРАВКА менюіне кіріп, ВЫРЕЗАТЬ командасын таңда.
- ПРАВКА менюінен ВСТАВИТЬ командасын таңдап, тышқанды шерт.
- Саңырауқұлақты табақшаға сал.
- Осы әрекеттер арқылы қалған саңырауқұлақтар мен жемiстердi табақшаға салыңдар.
- Бiрнеше жемiс түрлерi мен себеттiң суретiн сал.
Жемiстердi себетке жиып салу керек. Ол үшін жемістерді бір жерге жиып, себеттiң iшiне орналастыр. Тапсырманы орындап көрiңдер!
- Суреттi СЕБЕТ деген атпен сақта
Сабақтың әдісі: көрсете түсіндіру, ойын технологиясын пайдалану
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Компьютерлік — бағдарламалық Мicrosoft Power Point, Word,
құралдар: «Paint» графикалық редакторы
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Қауіпсіздік ережесін естен шығармайық.
«Біле бер, қанша білсең, — тағы тіле,
Жетерсің мұратыңа біле, біле».
Жүсіп Баласағұн
«Компьюша» досымыздан хат келді.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “Paint “ графикалық редактор патшалығына саяхат деп аталады. Өмірдегі сияқты “информатика әлемінде” де көп кедергілер кездеседі.Саяхат барысында алдымызда көптеген кедергілер бар.Ол- тапсырмалар.
Сіздерге сәттілік тілей отырып саяхатымызды бастайық. І с к е с ә т !
І. ОЙ СЕРГІТУ
С е р г i т у с ә т i
Бiрiгiп түгел сынып,
Көтерiлдiк биiк,
Бойларыңды тiк ұста,
Қисаймасын иық.
Тағы отырып, тұрып,
Қозғала түс, шынық.
Бәрiн жасап болсаңдар,
Отыр да, ендi тынық.
/Б.Бөрiбаев/