Сабақтың тақырыбы: ЛОГИКАЛЫҚ АМАЛДАР
Сабақтың тақырыбы: ЛОГИКАЛЫҚ АМАЛДАР
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Логикалық көбейту, косу, терістеу амалдаымен, ақиқаттық кестелерімен таныстыру.
Тәрбиелілік:Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық:Оқушылардың есте сақтау және зейіндік кабілеттерін дамыту, пәнге
дегенқызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:саяхат-сабақ
Көрнекіліктер: компьютер, оқулык, интерактивті тақта, мұхиттағы аралдар, қайық қозғалысы келтірілген флипчарттар,
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар қатысымын, сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ.«Үй тапсырмасы» жағалауында.(Үйге берілген тапсырманы тексеру.)
2 жалған, 2 ақиқат пікір ойлап келу.
ІІІ. «Қайталау аралы»(Өткен материалдарды қайталауға тест тапсырмалары)
Тест тапсырмалары:
- Санау жүйесі дегеніміз не?
а) сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі.
ә) цифрларды атау тәсілі.
- Санау жүйесінің қандай топтары бар?
а) позициялық, позициялық емес.
ә) позициялық, цифрлық емес.
- Позициялық санау жүйесінің негізі деп нені айтамыз?
а) цифрлар позициясы
ә) цифрлар саны
- Пікір дегеніміз не?
а) ақиқат немесе жалған тұжырым, пайымдау.
ә) тек қана ақиқат тұжырым, пайымдау.
- Ақиқат пікірдің мәні қандай?
а) 0
ә) 1
- Жалған пікірдің мәні қандай?
а) 0
ә)1
ІҮ. «Логикалық амалдар» аралы. (Жаңа тақырыпты түсіндіру)
Логикалық амалдар.
- «және» конъюнкция (логикалық көбейту)
- А және В «немесе» дизъюнкция (логикалық қосу)
- А немесе В «емес» терістеу А емес
Логикалық көбейту
ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша соіушісііо -біріктіру), ал операцияның нәтижесі — логикалық көбейтінді деп аталады.
ЖӘНЕ операциясы «.» нүктемен белгіленеді (& белгісімен де белгіленуі мүмкін).
А | в | АжәнеВ |
1 | 1 | 1 |
1 | 0 | 0 |
0 | 1 | 0 |
0 | 0 | 0 |
ЖӘНЕ (конъюнкция) логикалық операцияның ақиқаттық кестесі:
Ақиқаттық кестесінен:
Пікірдің екеуі де акиқат болғанда, А және В конъюнкциясы ақиқат.
А немесе В пікірлерінің бірі немес екеуі де жалған болса, онда «А» және «В»конъюнкциясы жалған болады,
Мысалы: А={Бүгін күн қар жауып тұр.} В={Қазір информатика сабағы болып жатыр.}
A=0, B=1
А&В=0&1=0
Логикалық қосу
Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция(латынша disjuncnctio — бөлу), ал операцияның нәтижесі – логикалық қосынды деп аталады.
НЕМЕСЕ логикалық операциясы белгісімен (кейде + белгісімен белгіленеді). НЕМЕСЕ логикалық операцияның ақиқаттық кестесі төмендегідей болады:
А | В | А немесе В |
1 | 1 | 1 |
1 | 0 | 1 |
0 | 1 | 1 |
0 | 0 | 0 |
А немесе | В пікірлерінің | ең | болмағанда | біреуі | ақиқат болғанда, А | немесе | В |
дизьюнкциясы | ақиқат. А және | В | пікірлерінің | екеуі | де жалған болғанда, | А және | В |
дизьюнкциясы | жалған. |
Мысалы: А={2+2=4} В={Ит — төрт аяқты.}
A=1, B=1
А˅В=1˅1=1
Логикалық терістеу
Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы деп аталады, операцияны орындау нәтижесінде ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді.
ЕМЕС терістеу операциясының | ақиқаттық кестесі: | ||
А | АЕМЕС | ||
1 | 0 | ||
0 | 1 | ||
Бастапқы Бастапқы | пікір жалған болса, терістеу-ақиқат пікір ақиқат болса, терістеу-жалған |
Мысалы: А={Астана — Қазақстанның астанасы.}
A=1
Ү. «Тапсырмалар» аралы. (Оқушылар кезекпен келіп активқалам көмегімен тақтаға тапсырмаларды орындайды.)
ҮІ. «Сергіту» аралы.(Логикалық жұмбақтар)
- Алманы қақ ортасынан бөлгенде жартысы неге ұқсайды?
- 1 кг мақта ауыр ма, 1 кг темір ауыр ма?
- Стол бетінің бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрыш пайда болды?
ҮІІ. «Сұрақтар» аралы. (Қорытындылау сұрақтары)
Қорытынды сұрақтар:
- Логикалық көбейту амалы қалай орындалады?
- Логикалық қосу амалы қалай орындалады?
- Логикалық терістеу амалы қалай орындалады?
- Логикалық көбейту амалы қалай аталады?
- Логикалық қосу амалы қалай аталады?
- Логикалық терістеу амалы қалай аталады?
ҮІІІ. «Бағалар» аралы. (Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.)
ІХ. Үйге тапсырма беру.
20-беттегі 3.2. тақырыпты оқу.
23-беттегі 1,2-тапсырмаларды орындап келу.