Объектілермен жұмыс істеу

Тақырыбы: Объектілермен жұмыс істеу

Жаңа сабақтың мақсаты:

 

  1. Білімділік: Оқушылардың объекті дегеніміз не екенін, олармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында объектілер туралы түсінігін беру.
  2. Дамытушылық: Оқушыларды объектілермен жұмыс істеуге үйрету. Оқушылардың пәнге қызығушылығын әр түрлі тапсырмалар арқылы дамыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
  3. Тәрбиелілік: Оқушыларды мәдениетке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру, практикамен байланыстыру.

 

Қолданатын көрнекіліктер: Видеопроектр, компьютер құрылғылары.

                                                                           

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс:

                                   Компьютер құрылғыларын, олардың қызметтерін және

                                  ДК-де қалай жұмыс жасау керектігі.

Сабақтың барысы:

           І. Ұйымдастыру.

  1. Сәлемдесу.
  2. Қатысымды тексеру.
  3. Сабаққа дайындығын тексеру.

           ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(қайталау)

І бөлім. Лездік тапсырмалар.

               1 тапсырма.

Сұрақтар:1.  Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым?

  1. Компьютердің негізгі құрылғылары?
  2. Принтер не үшін керек?

                                    2 тапсырма.

Тест сұрақтары:

  1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал?

     а) сканер

     ә) процессор

     б) компьютер

     в) принтер

 

  1. Компьютердің не басты бөлігін ата?

    а) монитор

    ә) жүйелік блок

    б) пернетақта

    в) принтер

                        3 тапсырма.

Суреттерге қарап сөйлем құрау(маус, колонка, жүйелік блок, флешка)

                       4 тапсырма.

Адасқан әріптерді орнына қойып шығыңдар(информатика, компьютер, монитор, пернетақта, тышқан, флешка)

ІІ бөлім. «Ой шақыру»

Жасырылған сөзді табу (сұрақ-жауап)

  1. Ақпараттың өлшем бірліктері.
  2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі.
  3. Пернетақтада неше перне бар.

     4.Пернетақтадағы ең ұзын перне.

     5.Себет не үшін керек.

  1. Компьютердің ең басты бөлігі.
  2. Бас әріптер енгізу пернесі.
  3. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы.

    9.Windows дегеніміз не?

ІІІ бөлім. «Сиқырлы пернелер» (Оқушылар пернелердің атқаратын          қызметі туралы айтып береді –Eң ұзын перне,  Backspace, Delete, Shift,Caps Lock, Alt+Shift, Esc, NumLock, F1-F12)

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Объектілермен жұмыс істеу кезеңдері:

  1. Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру.
  2. Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту.
  3. Меню командалары арқылы объектілерді көшіру мен жылжыту.
  4. Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту.
  5. Жылжыту, көшіру мен ат өзгерту операцияларын болдырмау.
  6. Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаны жою.
  7. Өшірілген қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды қайта қалпына келтіру.
  8. Корзинаны қалай тазалайды?
  9. Дискілерді пішімдеу.

10.Объектіні дискетке көшіру.

 

  1. Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды жылжыту мен көшіру.
  2. Маустың оң жақ батырмасының

көмегімен (көшіру-копировать,

жылжыту-переместить)

  1. Маустың сол жақ батырмасының

көмегімен (CTRL және SHIFT пернелері)

 

  1. Объектілерді жабық қапшыққа көшіру және жылжыту.

Объектілерді басқа қапшықтарға бұл қапшықтарды ашпай-ақ көшіруге немесе жылжытуға болады. Ол үшін жабық қапшыққа орналастыратын файл белгішесін мауспен іліп алып, оны файлды орналастыратын қапшық белгішесіне тасымалдап, маустың батырмасын босату керек.

  1. Меню командалары арқылы объектілерді көшіру мен жылжыту.
  2. Көшіру (копировать) – Ctrl+C

 

  1. Қию (вырезать) – Ctrl+X

 

  1. Кірістіру (вставить) — Ctrl+V
  2. Қапшықтардың, файлдардың немесе таңбашалардың аттарын өзгерту.
  3. Объектіні белгілеу-маустың оң жақ батырмасы-переименовать-ENTER.
  4. Объектіні ашу-файл-переименовать- ENTER.
  5. Объектіні белгілеп – F2
  6. Жылжыту, көшіру мен ат өзгерту операцияларын болдырмау.

Кез келген терезенің менюіндегі

Правка-Отменить

командасын орындаймыз.

  1. Қапшықтарды, файлдар мен таңбашаны жою.

Объектіні жоюдың бірнеше жолдары:

  1. Объектіні белгілеп, Del пернесін басамыз.
  2. Объектіні маустың оң жақ батырмасымен шертіп, Удалить командасын

таңдаймыз.

  1. Объектіні белгілеп, қапшық терезесінің менюіндегі Файл-Удалить

командасын орындаймыз.

  1. Объектіні таңдап, Себет белгішесіне апарамыз.

 

  1. Өшірілген қапшықтарды, файлдар мен таңбашаларды қайта қалпына келтіру.

Объект Корзинада оны жойғанша немесе қалпына келтіргенше сақталады. Корзинадағы объектіні қалпына келтіру үшін Файл-Востановить командасын орындаймыз.

  1. Корзинаны қалай тазалайды?

Қапшықтың меню терезесіндегі Файл-Очистить корзину командасын орындаймыз.

 

 

ІV. Сабақты бекіту тапсырмалары.

 

  1. Объектілерді көшіру (104 бет)

 

  1. Объектілерді жылжыту (105 бет)

 

  1. Объектілердің аттарын өзгерту (106 бет)

 

  1. Үйге тапсырма.

3.5-тақырып. Объектілермен жұмыс істеу.

  • Тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ құрастырып келу.

 

  1. Бағалау.