MS Word бағдарламасы, терезе элементтері

Сабақ тақырыбы:  MS Word  бағдарламасы,  терезе элементтері

Сабақ мақсаты:  MS Word  бағдарламасымен

жұмыс істеу  , терезе элементерін қолдану тәсілін  үйренеді.

 

Мідеттері:              Теориялық білімдерін бір жүйеге келтіріп,  MS Word  бағдарламасымен

жұмыс істеу кезіндегі практикалық біліктіліктер

мен дағдыларды қалыптастыру.

 

Қарастырылатын мәселелер:

  1. MS Word бағдарламасының құрылымы мен терезе элементтерінің

негізгі функцияларына түсінік беру. Алған теориялық білімдерін

практикада игеру.

 

2.Өз ойын сауатты түрде айта білуді қалыптастыру,логикалық ойлау

қабілетін дамыту.

 

3.Тыңдау және тыныш отыру ісін тәрбиелеу.Информатика пәніне деген

оң көзқарас пен қызығушылықты тәрбиелеу.

 

Сабақ типі: Жаңа сабақ

 

Сабақ түрі: Дәстүрлі

 

Өткізу тәсілі:

 

Пән аралық байланыс: қазақ тілі, ағылшын тілі

 

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, компьютерлер,презентациялар,сөз жұмбақ.

Тарату материалдары: бағалау парағы,информатикалық диктант, тапсырмалар.

 

 

 

 

Сабақ жоспары:

1.Қызығушылықты ояту

2.Мағынаны ашу

  1. Ой толғаныс

 

 

1.Қызығушылықты ояту: 1. Тест (слайд түрінде)

  1. Сөз жұмбақ шешу

 

  1. Тіңтуірдің ағылшын тілінде аталуы?
  2. Бұл перне алдыңғы символды өшіру үшін керек?
  3. Ағылшын тіліде сөз не деп аталады?
  4. Үй ағылшын тілінде қалай аталады?
  5. Жаңа жолға түсу үшін осы пернені пайдаланады?
  6. Бұл перне меңзердің оң жағында тұрған символды өшіреді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мағынаны ашу : 1. Жаңа тақырыпты оқушылар электрондық оқулық арқылы өздері

танысады.

  1. Практикалық бөлім: оқушылар тапсырма алып компьютермен

жұмыс жасайды.

Тапсырма№1

 

                                    

1.Ms Word бағдарламасын қос.

  1. Мәтіннің өлшемі-14.
  2. «Гүлдер» деген атпен сақта.

 

 

Гүлдер.

   Маусым- шілде айларында орманда және жол маңайында өсіп тұрған қызғылт немесе ақ түсті,өткір жұпар иісі анқыған ірі гүлді итмұрын немесе жабайы раушан жиі кездеседі.

 Итмұрынның сабақтары мен қысқа шыбықтары,тіпті жапырақтарының өзектері улы шөп жейтін жануарлардан қорғайтын өткір тікенектерімен жабылған.

 

  1. Информатикалық диктант

 

Информатикалық диктант

 

Microsoft Word  бағдарламасы- бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға,түрлендіруге және басып шығаруға арналған  Microsoft Office  қосымшасы.

Microsoft Word – бұл мәтіндерді енгізуге,түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін мәтіндік процессор.  Бағдарламаын іске қосу үшін: Пуск- Все программыMicrosoft Office — Microsoft Word , әмірлерін орындау керек. Тақырып жолағы- онда терезені басқару батырмалары және құжаттың атауы орналасады. Құжатты сақтау үшін: ФайлСохранить как ,әмірін орындау керек.

 

 

 

Информатикалық диктант

 

Microsoft Word  бағдарламасы- бұл мәтіндік құжаттарды әзірлеуге, қарап шығуға,түрлендіруге және басып шығаруға арналған  _________________________

Microsoft Word – бұл мәтіндерді енгізуге,түзетуге, пішімдеуге және басып шығаруға мүмкіндік беретін ___________________.Бағдарламаын іске қосу үшін:________________

______________________________, әмірлерін орындау керек.

___________________________- онда терезені басқару батырмалары және құжаттың атауы орналасады. Құжатты сақтау үшін:__________________________________,әмірін орындау керек.

 
Дұрыс берілген сөз саны

Ұпайы

 

Топ №________, Оқушының аты-жөні____________________________________________

 

 

 

  1. Мағынаны ашу: 1. «Топтастыру»- атқаратын қызметіне қарай суреттерді жеке-жеке

топтастыру. (әр объектіге -1ұпай)

 

 

 

Мәзір жолағы
Тақырып жолағы
Компьютер
Стандартты құрал үстелі

 

 

2.Автор орындығы.   1топ-  «Logi-com» фирмасы, 2 топ- « Pentium»

фирмасы, 3 топ- « Intel» фирмасы.

 

Оқушыларды бағалау:  Оқушылар өздерің өзі бағалайды. Мұғалім толықтырады.

 

Үйге тапсырма беру:   «Менің отбасым» атты тақырыпқа  шығарма жазып келу.