Жеміс

  1. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Жеміс

Сабақтың мақсаты: 1 Жеміс туралы түсінік беру.2 Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.3 Өсімдік тобы, мүшелері туралы алған білімін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Өсімдік жемісі туралы  суреттер.

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Үйге берілген тапсырманы пысықтай отырып, білімдерін пысықтау.

ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру: Шөп текті  өсімдіктердің мүшелері туралы әңгімелеу.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру,көрсету.Өсімдік жемістері алуан түрлі болады. Бидай жемісі масақта орналасады. Оны « дән» деп атайды. Жүгері жемісі собағына орналасады.Жүгері жемісі де «дән». Ал қарағайдың жемісі -бүр.Еменнің жемісі –жаңғақ. Таңқурайдың жемісі-жидек. Жеміс гүлден пайда болады.ә) Оқушыдарға тізбектей оқыту,(оқи алатын оқушыға)Сергіту сәті.

Ү.білімді тексеру. -Өсімдік жемістері қандай?-Ол қайдан пайда болады?

ҮІ. Жаңа білімді бекіту. Танымайтын өсімдіктерді жеуге болмайды. Кейбір жемістер улы болады.Әр жемістің атын ата.Жемістің суретін салу. Тәжірибе жасау.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз  не  жайында  білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма,бағалау.

 

  1. Дүниетану.