Терезе және оның элементтері. Файлдар, бумалар, жарлықтар

Пән: Информатика

Сынып: 7 а

 

Сабақтың тақырыбы: Терезе және оның элементтері. Файлдар, бумалар, жарлықтар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылар терезе және оның элементтері, файлдар, бумалар, жарлықтармен танысады.

Тәрбиелік: Терезе және элементтері, файл, бума, жарлықтармен таныстыра отырып, оларды компьютермен жұмыс барысында жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Әр оқушының шығармашылық  қабілетін дамыту, ой-өрісін кеңейтуге, компьютермен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

 

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, оқулық, интербелсенді тақта.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

— Оқушылармен сәлемдесу

— Оқушыларды түгендеу

 

ІІ. Үй тапсырмасы: Ой-қозғау сұрақтары

1.Операциялық жүйе дегеніміз не?

  1. Қандай операциялық жүйенің түрлерін білесіңдер?
  2. Жұмыс үстелінде қандай элементтер орналасқан?

4.Динамикалық немесе контексті менюді қалай  ашамыз?

5.Компьютердің жүйелік блогының алдыңғы бөлігінде орналасқан батырма қалай аталады?

  1. Тышқанмен қандай әрекеттерді орындауға болады?

 

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Терезе дегеніміз – жақтаулармен шектелген экранның төртбұрышты аумағы, онда обьектілер орналаса алатын жұмыс ортасы мен басқару элементтері бар.

Терезенің 4 түрі бар:

  • Қапшық терезесі (Менің құжаттарым)
  • Қолданбалы терезе (Paint графикалық редакторының терезесі)
  • Диалогтық терезе (Мерзім және уақыт терезесі)
  • Анықтама терезесі (Калькулятор бағдарламасы)

 

 

 

 

 

Терезе элементтері

 

 

Жұмыс жүріп жатқан терезе – активті терезе. Активті терезе басқа терезелерден ерекшеленіп тұрады және жоғары орналасады. Сонымен бірге есептер тақтасындағы батырмасы басулы болып көрінеді.

Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не программа, не құжат болуы мүмкін. Әр файлдың аты болады. Оның оң және сол жақ бөліктерден тұратын екі аты болады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файлдың типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1-ден 255 символға дейін жетеді, оның пайдаланушы үшін құжаттың қызметін анықтайтын мазмұндық жүктемесі бар. Файл атында ? : * < > / символдарын пайдалануға болмайды.

 

Файл кеңейтілімдері:

  
.bmpPaint графикалық қолданбасының суреті
.docWord және WordPad мәтіндік редакторларының

құжаттары

.txtБлокнот қолданбасының құжаты
.wavФонограф қолданбасының дыбыстық файлы
.aviБейнеклип
.xlsExcel  кестелік процессорының құжаты
.pptPower Point қолданбасының презентациясы

Бума – пайдаланушының сызбалық тілдесуінде көрінетін бағдарламалар мен файлдарға арналған, бейне бетте кеңсе папкасына ұқсайтын белгіше түрінде көрініс табатын сауыт.

Жарлық — нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Олардың қапшық белгішесінен айырмашылығы-оның сол жақ төменгі бұрышында кішкене иілген бағдаршасы бар. Таңбашаны екі рет шерту құжатты ашады немесе программаны іске қосады. Таңбашаны жойғанда оны көрсетіп тұрған файлы жойылмайды.

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

Тапсырма. Сәйкестендіру

 

Файл кеңейтілімі қай сипаттамаға сәйкес келетінін көрсету

 

Файл кеңейтіліміСипаттамасы
.bmpМузыкалық файл
.docPaint графикалық қолданбасының суреті
.txtБейнеклип
.mp3Word және Word Pad мәтіндік редакторларының құжаттары
.aviБлокнот қолданбасының құжаты
.xlsPower Point қолданбасының презентациясы
.pptExcel  кестелік процессорының құжаты
.htmlИнтернет бетінің құжаты

 

Тапсырма. Терезе элементтерін жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест.

 

  1.  қандай батырма?

А)Терезені жаймалау батырмасы

Б) Терезені жималаубатырмасы

С) Терезені жабу батырмасы

 

  1.  қандай батырма?

А)Терезені жаймалау батырмасы

Б) Терезені қалпына келтіру батырмасы

С) Терезені жималау батырмасы

 

  1.  қандай батырма?

А)Терезені қалпына келтіру батырмасы

Б) Терезені жималау батырмасы

С) Терезені жаймалау батырмасы

 

  1. Windows cөзінің аудармасы?

А)Терезе

Б) әдістеме

С) практика

 

  1. Терезенің неше түрі бар?

А)5

Б) 4

С) 2

 

  1. Қиып алу, сақтау, көшіру, батырмалары қай панельде орналасқан?

А)жұмыс алаңында

Б) тақырып жолы

С) құрал-саймандар тақтасы

 

  1. қандай белгіше?

А) Бағдарлама белгішесі

Б)  Бума белгішесі

С)  Құжат белгішесі

 

  1.  қандай белгіше?

А) Жарлық  белгішесі

Б)  Бума белгішесі

С) Файл белгішесі

 

  1. қандай белгіше?

А) Бума белгішесі

Б)  Құжат белгішесі

С) Файл белгішесі

 

  1. қандай белгіше?

 

А) Файл белгішесі

Б)  Бума белгішесі

С) Құжат белгішесі

 

 

Ү. Сабақты қорытындылау.

 

ҮI. Оқушыларды бағалау.

 

ҮІІ. Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу