Көкөніс
Сабақтың тақырыбы: Көкөніс.
Сабақтың мақсаты: 1 Көкөністер және олардың пайдасы жайлы түсінік беру 2. Танымдық қабілеттерін дамыту. 3 Ұқыпты, байқағыш етіп тәрбиелеу.Көкөністерді күтіп баптауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Көкөністер туралы суреттер,электронды оқулық.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: -Тұқым деген не?-Тұқым алыс жерлерге қалай таралады? -Өсімдік жемістарі қандай болады?-Біздің жерде өсетін өсімдіктерді ата.
ІІІ. Өткен білімді бекіту. — Жұмбақ шешу.
Дауылға нық күші
Ағаштың мықтысы.(емен)
Жазда жинайды,
Қыста жайрайды. (жапырақ)
Шөлде гүлдейді, құлпырады
Суда өмірі қырқылады. (сексеуіл)
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.Көкөніс.
ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру,көрсету.Көкөніс тағамға пайдаланатын өсімдік.тағамға олардың әр түрлі мүшелерін пайдаланады.Түйнек-топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі.Орамжапырақ-тығыз оралып өскен жапырақЖемтамыры-қоректік заттың жиналуынан жуандаған өсімдік тамыры.Қияр, қызанақ-жемістері гүлден пайда болады.
Көкөністің кейбір түрлерін жерге тұқым себу арқылы өсірсе, кейбірін көшет түріндеотырғызады.Көкөністерді қыс айларында да өсіріп пайдаланады.оның қыста өсіретін жерін жылыжай деп атайды.Базарда көкөністер қысы жазы болда. ә) Оқушыдарға тізбектей оқыту,(оқи алатын оқушыға) Сергіту сәті.
Ү. Білімді тексеру. -Суреттегі көкөністердің атын ата?- Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?-Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді?
ҮІ. Жаңа білімді бекіту. -Көкөністердің қандай пайдасы бар?- Өлардан аналарың не жасайды?
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:
ҮІІІ.Бағалау,үйге тапсырма.