Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.
Сабақтың тақырыбы: Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, түрлері.
Мақсаты: модельдер туралы түсініктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- модель туралы түсініктерін толықтырады;
- нақты өмірден модельдердің мысалдарын келтіре алады;
- модель қасиеттерін анықтайды;
- модельдерді түрге ажырата біледі;
- компьютерлік модельдердің қызметін түсіндіре алады.
Сабақтың көрнекілігі: Модельдердің суреттері, ватман, А4 қағаздары, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер, бағалау парақтары.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі | Оқушылардың іс-әрекеті | Мұғалімнің іс-әрекеті |
1. Ұйымдастыру кезеңі (3мин.)
| Оқушылар назарын аудару, жақсы көңіл-күйге бұру. Бағалау критерийлерімен таныстырады. | |
2. Миға шабуыл: МОДЕЛЬ дегеніміз не? (3 мин.) | Түсініктерін айтады, басқаларды тыңдайды | Тыңдайды, қолдау көрсетеді. |
3. Жұптық жұмыс: Бұл модельдер қандай мақсатпен құрылған? (10мин.) | Берілген модельдің құрылу мақсатымен таныстырады. | әр жұпқа модель суреті, А4 парақтарын таратады. Жұмыс барысын бақылайды |
4. Модельдің негізгі қасиеттерін анықтау (5мин.) | қорытынды ойларын ортаға салады | мұғалім интерактивті тақтаға модельдің негізгі қасиеттерін жазады |
5. Топқа бөлу («Кемедегі капитан» ойыны арқылы ( «Кемедегі капитан» дегенде оқушылар бейтарап күйде араласып жүреді, «палуба» деп айтылса, оқушылар жұптасады; «борттан адам құлады» дегенде ортаға үштен топталады; «түскі ас» делінсе төрттен топталады). (3мин.) | Топқа бөлінеді | Оқушылармен бірге орындайды |
Топтық жұмыс: «Модельдерді түрлеріне қарай жіктеу» (12 мин.) 1 топқа: материалдық 2 топқа: бейнеленуші 3 топқа: ақпараттық | Модельдерді түрлеріне қарай жіктеп, ватманға жапсырады | Әр топқа 1-қосымша және модельдер суреттерін (2-қосымша), ватман, желім таратады, сырттай бақылайды |
Топ жұмыстарын тексеру Бағалауды дәйектеу (8 мин.) | Әр топ басқа топтың жұмысын тексереді, дұрыс сәйкестендіруге +1, дұрыс емес сәйкестендіруге -1 қояды | Бақылаушы рөлінде |
Үйге тапсырма (1 мин.)Әртүрлі білім салаларында қолданылатын модельдерге мысалдар келтіру | Өздеріне жазып алады. | Интерактивті тақтада алдын-ала жазылған үй тапсырмасымен таныстырады. |
Бағалау парағы
Сабақ кезеңдері | қатысты | қатыспады |
Миға шабуыл | 1 | 0 |
Жұптық жұмыс | 1 | 0 |
Модельдің негізгі қасиеттерін анықтау | 1 | 0 |
Топтық жұмыс | 2 | 0 |
Жұмыстарды тексеру | 1 | 0 |
Баға: 6 балл – «5» 4-5 балл – «4» 3 балл –«3» |
- Қосымша:
Модель (фр.modе1е,ит.modе11о, лат.modulus — өлшем, үлгі) — бұл:
— нақты объектінің қарапайымдандырылған ұқсасы;
— заттың кішірейтілген / ұлғайтылған түрдегі макеті;
— табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;
— жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық / ақпараттық аналогы;
— анықталған шарттарда түпнұсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмасыра алтын алмастырушы – объектісі;
-модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстың кейбір нақты жақтарын бейнелейтің жаңа объект.
Барлық моделдердің көп бейнелігі негізінен үш топқа бөлінеді: —материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио басқарылымды моделі) бейнелейтін кішірейтілген / ұлғайтылған көшірмелері;
—бейнеленушімодельдер (геометриялық нүктелер, математикалық маятник, идеал газ, шексіздік);
—ақпараттық модельдер — модельденуші объектінің ақпаратты кодтау тілдерінің бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар).
Ақпараттық модельдер: компьютерлік және компьютерлік емес болып бөлінеді.