МИФ әлеміне саяхат
Тақырыбы: «МИФ әлеміне саяхат»
Мақсаты:
- Физика, математика және информатика пәніне деген қызығушылықтарын, білімге деген құштарлықтарын арттыру;
- Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету, сөз байлығын, ойлау қабілетін дамыту.
- Оқушылардың мақсатқа жету барысында жакуапкершіліктерін жетілдіру, жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу.
Түрі: Танымдық ойын
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тапсырма парақтары
Жүргізуші:
Ойын толқын жатқандай асып — тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсеңде қалма жасып.
Ойының құрылымы:
- «Танысу» кезеңі
- «Қас – қағым сәт»
- «Ғажайып үштік»
- «Логика»
- «Шебер қолдар» ойыны
- «Кім білгір» ойыны
- «Қызықты жұмбақтар»
- «Мақал –мәтілдер жалғасын тап»
- Қорытынды
Жүргізуші:
Қайырлы кеш қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «МИФ» әлеміне саяхат атты кешімізге қош келдіңіздер. Кешіміз үш топ білімдерін көрсету арқылы өтеді.
Уа, жарандар, жарандар!
Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар
Ғылымдардың ғылымы
Математика, физика, информатика жайында
Ойынымызды бастаймыз
1 — оқушы
Азаматтық ақыл-кенін ашқандар
Архимед, Ньютон мен Паскальдар
Сусындаған өзің сынды ұстаздан
Ізгі мәңгі өшпейді дастандар
2-оқушы
Информатика әлемі
Қызығы мол әдемі
Компьютердей құралды
Меңгердік біз енді
3- оқушы
Бүгінде МИФ барлық жерде
Құрылысты, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйреніңдер
Жостар, зерделікпен меңгеріңдер
Әділқазылар алқасы:
_________________________________
_________________________________
_________________________________
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, — дей келе, сайысқа қатысушы командалармен танысайық.
Қатысушылар:
9 «А»- «Паскаль»
10 «А»- «Пифагор»
11 «А» — «Ньютон»
1.«Танысу» кезеңі
- «Қас-қағым сәт» кезеңі. Барлық командаларға қойылатын физика, математика, информатика пәндері бойынша сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады
Физика
- Уақыт өтуіне қарай басқа денелерге қатсты кеңістіктегі орнының өзгеруі (мех.қозғалыс)
- Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы. (кинетикалық, потенциялдық)
- Жылу берілу кезінде дененің алған немесежоғалтқан энергиясы ( жылу мөлшері)
- Линзаның сындыру қасиетін сипаттайтын физикалық шама (сыну көрсеткіші)
- Өз сұйығымен динамикалық тепе – теңдікте болатын бу. (қаныққан бу)
Математика
- Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бұйірлі)
- Санның жүзден бір бөлігі (пайыз)
- Квадрат пен ромбның перимертлері бірдей. Қай фигураның ауданы бірдей (квадрат)
- 4 әр түрлі оң сандардың көбейтіндісі 100. Олардың қосындысы негетең? (18)
- Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше рет жазылуы мүмкін (20)
Информатика
- Ақпаратты бейне бетке шығаруға арналған құрылғы – бұл … (монитор)
- Бір килобайт … тең (1 024 байтқа)
- Жадыны үнемдеу және қысылған мәліметтерді бір ғана мұрағаттық файлда орналастыру мақсатында бір немесе бірнеше файлды нығыздау – бүл (Мұрағаттау)
- Word бағдарламасының құжатына дайын суреттер қандай әмірлер көмегімен кірістіріледі? (Кірістіру – Сурет – Файлдан – қажетті суретті екі рет шерту)
- Excel-де формула қандай символдан басталады? ( =)
- «Ғажайып үштік» кезеңі.
Бұл кезеңде әр команда ұяшықтарды таңдап сұрақтарына жауап береді. Балл ұяшық санымен бағаланады.
Математика | 10 | 20 | 30 |
Физика | 10 | 20 | 30 |
Информатика | 10 | 20 | 30 |
Сұрақтары
| Жауабы | |
Информатика 10 | Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі | Бит |
Информатика 20 | Power Point- та құрылған файл қалай аталады? | Презентация |
Информатика 30 | MS Excel бағдарламасы қанша баған қанша жолдардан құрлған | 256 баған 65536 жолдардан |
Физика10 | Күштің өлшем бірлігі? | Ньютон |
Физика 20 | Тізбектегі ток күшін өлшейтін құрал | Амперметр |
Физика 30 | Тоқтың жылулық әрекетін зерттеген ғалымдар? | Джоуль – Ленц |
Математика 10 | Таңбалары қарама – қарсы екі санның көбейтіндісі қандай сан? | Теріс |
Математика 20 | Бөлімдері 10, 100, 1000 болып келген бөлшектер қалай аталады? | Ондық |
Математика 30 | Бірдей үш цифрмен жазылған үш таңбалы сан 3-ке де, 37-ге де бөлінеді. Ол қандай сан? | 111 |
- «Логика»
Пәндер бойынша логикалық сұрақтар
Математика
- Кез –келген арифметикалық амалдармен пайдаланып, бес бірліктен 100 санын шығарып ал (111-11=100)
- Теңдік тура болатындай етіп арифметикалық амалдар мен жақшаларды қойып шық
9 9 9 = 72 9*9-9=72
44 44 = 1 44 / 44 = 1
5 5 5 5 =50 5 *5 + 5 * 5 =50
- Екі әке мен екі баласы 3 апельсин сатып алды. Әрқайсысына 1 апельсиннен тиды. Ол қалай болуы мүмкін. (мұнда әңгіме атасы, әкесі және баласы жайлы жүреді)
- Екі бес санның арасына қандай таңба қою керек, шығатын сан 5 –тен үлкен 6-дан кіші болу керек ( үтір, 5,5)
- Бір үлкен үйде 100 пәтер бар. Есіктің бетінде 9 цифры неше мәрте жазылуы тиіс (20 рет)
Физика
- Дүниеде ең жүйрік не? (Ой, қиял)
- Көзіңмен көресің, бірақ ұстай алмайсың (көлеңке)
- Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады (аспалы сағат)
- Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (адам орындықта отыр)
- Электр пойызы шығыстан батысқа қарай жүйіткіп келеді. Қарсы бағыттан жел тұрса, жел пойыз түтінін қай жаққа қарай айдап әкетеді. (электр пойызында түтін болмайды)
- «Шебер қолдар» суретшілер сайысы.
3 топтан бір оқушыдан шықсын. Сайысымыздың шарты бойынша сендерге қазір әр түрлі фигуралар сурттері көрсетіледі. Оларға қарап, естеріңе сақтап алуға 1 минут уақыт беріледі. Содан соң бұл сурет жабылады. Суреттегі фигураларды рет – ретімен салып шығуларың керек. Бастайық!
6.«Кім білгір» ойыны
Мен сандарды айтып отырамын. Сіздер осы саннан кейінгі сандарды айтып отырасыздар. Мысалға мен 10 десем сіздер 11 дейсіңдер, мен 345 десем сендер 346 дейсіңдер, т.с.с. Олай болса, қане бастайық
1 топқа: 13,21,54,212,10009,1338,66,2999,689,1000,4099
2 топқа: 11,25,45,313,11111,1447,77,3999,889,3002,9090
3 топқа: 18,32,65,345,10010,1399,89,1899,669,2002,9999
- «Қызықты жұмбақтар»
Физика пәні бойынша
- Жердің жүзін шарлайсың,
Онсыз еш жерге бармайсың.
Көлікпен де жаяу да,
Саралайсың, таңдайсың. (Жол)
- Жылдамдықты өзгертеді,
Қоғалысты тездетеді.
Қарсы шықса қоғалысқа,
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)
3 Көп болса асықпайсың,
Мезетте қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)
- 4. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньюонға ол келеді. (Күш)
- 5. Біз, біз, біз едік,
Бірегей жарқын қыз едік.
Тамашада көп болдық-
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз)
Иформатика
- 1. Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым
Бірақ тілін шет елдің
Аудара алмай тастадым
Тілді қалай өзгертем
Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt )
- Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғы жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын)
- Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер (бит)
- Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта)
- Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тінтуір)
Математика
- Оң сандарға қол шатырдай
Қалпақ болған беделі
Квадраттасаң егер оны
Белгімсі оның кетеді (квадрат түбір)
- Екі бұрыш ежелден
Тату көрші болған екен
Бірін-бірі толықтырып
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас)
- Екі түзу қатар жүріп
Үшіншісін қияды
Сонда шыққан бұрыштарды
Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес)
- Қарама –қарсы қабырғалары
Паралель боп қосылған
Оқыңызшы аталуын
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм)
- Үлкен, кіші сандар арасына
Таңбаларды қойған кезде
Алынады қандай өрнек
Білейікші оны біз де (теңсіздік)
8.«Мақал –мәтелдер жалғасын тап»
Физика
- Түйені жел қозғаса
Ешкіні …. аспаннан ізде (қозғалыс, тербеліс)
- Жел соқпаса…. шөптің басы қозғалмайды (күш)
- Аузы күйген, …. үрлеп ішер (Кебу)
- Ай мен күн ауысты
Тәулікті …. тауысты (жерлің өз осімен айналуы)
- Ай жоғары әлемге
Күн жоғары ….. төменге (жарық сәулесі)
Математика
- Екі жақса қас болмас
Екі жаман …. ( дос болмас)
- Алты жыл аш болсаңда, …. (атаңның салтын ұмытпа)
- Жеті жұрттың тілін біл, … (жеті түрлі білім біл)
- Жеті атасын білмеген …. (жетімдіктің белгісі)
- Қызға ….. (қырық үйден тию)
Информатика
- Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала)
- Байт биттен құралады. (Теңге тиыннан құралады)
- Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас. (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)
- Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім. (Аттың сыры, иесіне мәлім)
- Антивирусы күштіні Вирус ала алмайды. (Досы күштіні-жау алмайды)
- Қорытынды:
Көңіл бөліп бұл кеште
Қатысушыларға көп рахмет!
Алдыңызда жайнаған жүздер әлі
Сендермен кездесеміз біздер әлі, — дей келе біз танымдық ойынымызды аяқтаймыз.
Ендігі кезекте әділ – қазылар алқасын тыңдайық.
Марапаттау, мадақтау