Microsoft Word мәтіндік редакторы
Сынып: 7А Пән атауы: информатика Пән мұғалімі: Абдрахманова А.С | ||
Тақырыбы: | Microsoft Word мәтіндік редакторы | |
Сабақ мақсаты | Тапсырмаларды дифференциалды түрде беру арқылы мәтіндік редактордың мүмкіндіктерін меңгеріп, кесте құру, кескіндерді дұрыс кірістіре білу жайлы білімдерін қорытындылау. | |
Күтілетін нәтиже: | Теориялық білімдерін тексеру, алған білімдерін практикада дұрыс қолдана алуын тапсырмаларды дифференциалды түрде беру арқылы тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау. | |
Сабақтың түрі | Қорытындылау сабағы | |
Білім беру технологиясы | Топтық және жекелей атқарылған жұмыстарға арналған | |
Сабақтың білім беру формасы | Сыни тұрғыдан ойлау | |
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер | Семантикалық карта, «Т» кестесі, Мозайка әдісі | |
Көрнекіліктер | Презентация, таймер, топ ережесі | |
Сабақ барысы | ||
Мұғалімнің іс – әрекеті Оқушының іс — әрекеті | ||
Ұйымдастыру ( 3 мин) | 1.Топқа бөлу: «Microsoft Word мәтіндік редакторы» жұмыс алаңын қолдану арқылы. 2.Топ ережесін қайталау | 1.Оқушылар топқа бөлінеді: I топ: Мәзір жолы II топ: Құрал-саймандар тақтасы III топ: Пішімдеу тақтасы 2.Топ ережесін еске түсіреді. |
Қызығушылықты ояту (5 мин) | 3.«Ой қозғау» сұрақтарын қоя отырып өткен тақырыпты қайталау. 4.«Мозайка» әдісі арқылы берілген тапсырманы қолдана отырып, оқушылар тақырыпты анықтайды.
| 3.Өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталайды 4.«Word мәтіндік редактор терезесі» құралады |
Мағынаны ажырату ( 20мин)
| 5.Топтарға бағытталған тапсырмалар: I-топ. «Т» кестесі II-топ. «Семантикалық карта» негізгі ұғымдар бойынша кесте құру. III-топ. Постер әзірлеу «Microsoft Word мәтіндік редакторы»
| 5.Өткен тақырыптарды еске түсіре отырып, 1.Word, Paint мүмкіндіктерін «Т» кестесіне бейнелейді. 2.Семантикалық картаны толтырады 3.Тақырып бойынша қорытынды жасап, постер әзірлеп, қорғайды. |
Сабақты қорытындылау ( 12 мин) практикалық жұмыс | 6.Жеке жұмыс: «Жетістік деңгейі» компьютерде деңгейлік тапсырма орындау. Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы теориялық білімдерін, практикамен ұштастырады. 3 топқа, 3 түрлі тапсырма беріледі. Өз білімдерін бағалауға үйрету.
| 6.Деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып, мәтіндік редактор мүмкіндіктерін қайталап білімдерін жүйелейді. Өз білімдерін бағалауға үйренеді. |
Бағалау (2 мин) | 7.Сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауымен қорытынды бағасы.
| 7.Оқушылардың өзіндік бағалауы |
Үйге тапсырма (1 мин) | 8.Өткен тақырыптарды қайталау, тест жұмысына дайындалу (VipTest)
| 8.Өткен тақырыптарды қайталайды, тест жұмысына дайындалады |
Рефлексия ( 2 мин) | 9.Кері байланыс. «Менің сабаққа деген пікірім»
| 9.Сабақ бойынша өздерінің ой-пікірлерін жазады. |