Microsoft office Word редакторында кестемен жұмыс

Сабақтың тақырыбы:      Microsoft office Word редакторында кестемен жұмыс.

Сабақтың мақсаты:         Ms Word редакторында кесте құру әдістерін 

                                              түсіндіру,оқушыларды өз бетінше кесте құруға үйрету.

Дамытушылық мақсаты:    Ms Word редакторында кесте құруәдістері туралы

                                                   толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың

                                                   компьютермен жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты:  Оқушыларды ұқыптылыққа,шапшаңдыққа, адамгершілікке,

                                                                      тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:           Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:         интерактивті тақта, компьютер, ұпай көрсететін

                                                 кеспе қағаздары

 

Пәнаралық байланыс:          қазақ әдебиеті, геометрия, ағылшын тілі

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  1. Үйге берілген тапсырма бойынша дайындалып келген екі шумақ өлеңді

                                                                                                 компьютерде теру.

  1. “Келесі” ойыны (сұрақ – жауап)

“Келесі” ойыны арқылы үйге берілген тапсырманы ауызша сұраймын. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан береді. Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орыннан тұрып жауап береді.

ІІІ. Негізгі бөлім

  • Жаңа сабақты түсіндіру

Мәтіндік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін арнайы мүмкіндіктері бар

қолданбаны мәтіндік процессор деп атайды.

    Мәтіндік редактормен жұмыс істеу барысында реттелген ақпаратты жиі қолданамыз. Осындай реттелген    ықшам   ақпаратты   сақтаудың   ең

қолайлы  тәсілі   кестелер  болып  табылады.

Кесте дегеніміз – бағандар мен жолдарда реттелген ақпарат .

 

         Б
      ұяшық  А
         Ғ
         А
жолдар   н

 

Кесте құру жолдары

1)Стандартты панелінен Қарапайым  кестелерді құру үшін

2) “Кесте кірістіру” сұхбат терезесінен Күрделі кестелерді құру үшін

3) “Кестелер мен шекаралар” аспапты панелінен  Құрылымды күрделі кестелерді құру үшін

Біз Word редакторында кесте құру үшін мына әрекеттерді орындаймыз:

 

  • Тапсырмалар орындау

1 – тапсырма. “Менің досым” тақырыбында кесте толтыру

2 – тапсырма. Кесте құру арқылы 5 көзден тұратын терезе көрінісін салу.

3 – тапсырма. “Ой қозғау”- қойылған сұрақтың жауабын үш тілде кестеге

                                                                                                                      толтыру.

  1. Сабақты бекіту

1– тапсырма. “Қатесін тап”

2 – тапсырма. Ребус шешу

  1. Бағалау
  2. Үйге тапсырма бер.