Медицина есебінде Microsoft Excel электрондық кестесін қолдану
Тақырыбы: Медицина есебінде Microsoft Excel электрондық кестесін қолдану
Сабақтың типі: (аралас сабақ) жаңа материалды түсіндірумен ұштасатын және компьютерде тапсырманы орындауды қамтитын тәжірибелік сабақ
Сабақтың әдісі:баяндау, түсіндіру, демонстрациялау.
Сабақтың мақсаты:Студенттерге электрондық кестенің мүмкіндіктерін болашақ кәсіби қызметінде қолданылуын көрсету.
Білімдік:сандық ақпаратты өңдеуге, жұмыс ұйымдастыруға үйрету; анализ жасау және салыстырмалы график, диаграмматұрғызуды меңгерту.
Дамытушылық: студенттердің танымдық қызметі мен шығармашылық белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік:еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың өту уақыты: 45’
Пән аралық байланыс:күнделікті өмірмен,математика, алгебра, геометрия, медициналық статистика
Сабақтың жабдықталуы: Интерактивті тақта, мультимедиапроектор, дербес компьютер.
Бағдарламалық қамтамасыз етілуі:MS PowerPoint, MS Word, InterwriteWorkspace файлдары, жұмыс дәптерлері, тапсырмалар.
Студенттер білуі тиіс:
Excel электрондық кестесінде мәліметтерді өңдеудің негізгі әдістерін; Excel-дің графикалық мүмкіндіктерін; графиктер мен диаграммалар тұрғызу алгоритмін; электрондық кестенің көмегімен сандық ақпараттыөңдеу технологиясын.
Сабақтың жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі(Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсатын айқындау – 2 мин)
- Білімді өзектендіру Үй жұмысын тексеру, өткен сабақта алған білімдеріне талдама жасау – 5 мин; Білімдерін тексеру (қайталау сұрақтары) — 8 мин.
- Жаңа сабақты меңгертуЭлектрондық кестені қолдану, мультимедиапроекторда демонстрациялық материал). Материалды түсіндіру. — 12 мин.
- Медициналық есептерді шешу. Білімдерін бекіту. Компьютерде тапсырма орындау — 14 мин.
- Сабақты қорытындылау— 2 мин.
- Үйге тапсырма— 2 мин
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Медицина есебінде Microsoft Excel электрондық кестесін қолдану.
Мақсатымыз: Электрондық кестенің кәсіби қызметіміздің міндеттерін шешуде қолданылуын үйрену.
- Білімді өзектендіру
Өткен сабақтарда бізMicrosoft Excel электрондық кестесінде мәліметтермен жұмыс ұйымдастыруды, өңдеуді, диаграмма құруды қарастырдық. Microsoft Excel электрондық кестесінің мүмкіндіктері өте кең. Excel-дің есептеу құралы ретіндегі қуатты бағдарлама екендігі барлығыңызға белгілі. Бұл бағдарламаның көмегімен физика, экономика, инженерлік ғылымдар, алгебра, геометрия, медицина және т.б. салаларда қарапайым және күрделі есептеулер орындауға болады. Бүгін біз сіздермен электрондық кестені медицина саласында есептеулер шешуде қолдану аясын қарастырамыз.
Алдымен Excel электрондық кестесінің мүмкіндіктерін еске түсіріп өтейік.
- Электрондық кестенің негізгі құрылымдық бірліктерін атаңыздар.
- Ұяшықтың адресі қалай анықталады?
- Абсалюттік және салыстырмалы адрес деп нені түсінеміз?
- Электрондық кестеге қандай мәліметтер типін енгізуге болады?
- Формуланы енгізу қалай орындалады?
- Үнсіз келісім бойынша мәтінге, санға қатысты туралау қалай жүреді?
- Баған енін қалай өзгертуге болады?
- Толтыру маркері деген не? Оның атқаратын қызметі қандай?
- Диаграмма тұрғызу алгоритмін айтып беріңіздер.
- Жаңа сабақты меңгерту
Теориялық мәліметтер
Медицина саласында және денсаулық сақтау саласында негізгі қиыншылықтар түрлі есептерді шешудегі ресурстардың жеткіліксіздігімен бірге уақыттың және қажетті ақпараттың жеткіліксіздігі. Қазіргі кезде ақпаратты алу және өңдеу жылдамдығы, оның сапасы осы саланың өмір сүруінің және қарқынды дамуының шарты болып қалыптасуда. Бұл проблеманы компьютерлік технологияны қолданбай шешу мүмкін емес.
Компьютерлік технологияның дамуы, оның еңбек өнімділігін арттыруыдағы қосатын зор үлесі, өлшемінің кішіреюі, бағасының қол жетімділігі медициналық ақпаратты өңдеу саласында революциялық өзгерістерге алып келді. Салыстырмалы түрде алып қарағанда компьютерлік технология жаңа технологиялар қатарына жатады, атап айтқанда медицина саласында.
Компьютерлік технологияны медицина саласына енгізу қазіргі заманғы дәрігер, медицина саласындағы орта буын маманы онымен тіклей қарым-қатынаста жұмыс жасау қажеттігін тудырды. Медициналық ақпараттық жүйе емдеу-алдын алу мекемелерінің қызметін жеңілдетуге арналған кешенді автоматтандырылған ақпараттық жүйе. Онда медициналық шешімдерді қабылдауды қолдайтын жүйе, емделуші туралы электрондық медициналық жазба, медициналық зерттеулердің сандық түрдегі мәліметтері, медициналық қызметкерлер арасында қарым-қатынас жасау құралы, қаржылық және әкімшілік ақпарат барлығы біріктірілген.
Медициналық ақпараттық жүйелердің (МАЖ) ерекшеліктері:
Емделушіге бейімдеп құру: емделуші туралы жазба;
Бағдарлама құрастырушының жауапкершілігін арттыру;
Әкімшілік, медициналық және қаржылық ақпараттың кіріктірілуі;
Спецификалық жабдықтардың кіріктірілуі.
МАЖ медициналық мекеменің қызмет көрсету аясына қарай келесі түрлерге жіктеуге болады:
Стационарларға арналған МАЖ
Емханалар мен амбулаторияларға арналған МАЖ
Стоматологиялық емханаларға арналған МАЖ
Демалушыларға арналған МАЖ (емдеу-сауықтыру мекемелері)
Медицина маманының болашақ кәсібінде Stataistica пекетімен жұмыс істеуге тура келеді. Бағдарламаның негізгі терезесін экрандағы суреттен көруге болады.
Бұл жүйедегі мәліметтер электрондық кесте түрінде ұйымдастырылған. Электрондық кестенің бағандары мен қатарлары жағдайлар мен және айнымалылар арқылы көрсетілген. Терезе белсенді болғаннан бастап саймандар тақтасы мен мәзір қатары ауысып, осы құжат типімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін командалар пайда болады. Бұл бағдарламаның көмегімен мәліметтерді өңдеуге, диаграммасын тұрғызып, салыстырмалы анализін жасауға, белгілі бір формуланы қолдану арқылы қорытынды нәтиже алуға болады.
Тағы бір айта кететін мәселе ЕГЕР логикалық функциясын қолданылу. Бүгін біз сабақ барысында осы функцияның көмегімен өзіміздің денсаулығымызға байланысты шағын тест орындап, нәтижесін көретін боламыз.
ЕГЕР (ЕСЛИ) функциясы есептеулерде шартты тексеру шін қолданылады. Егер берілген мән есептеу барысында ИНСТИНА (ақиқат) мәнін берсе, онда сол мәнді береді. Ал, егер берілген мән есептеу барысында басқа мәнді қабылдаса, онда ЛОЖЬ (жалған) болады.
ЕГЕР ( лог_өрнек; мәні_егер_ақиқат; мәні_егер_жалған)
Лог_өрнек —АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН мәнінің бірін қабылдайтын кез-келген өрнек немесе мән. Мысалы, А10=100 – логикалық өрнек; егер А10 ұяшығының мәні 100-ге тең болса, онда өрнек АҚИҚАТ деген мәнді қабылдайды. Қарсы жағдайда – ЖАЛҒАН мәнді қабылдайды.
- Медициналық есептерді шешу
Қазір Сіздер жұмыс үстелдеріңіздегітапсырмаға назар аударыңыздар. Тапсырмалар ішінен әрбір жұп компьютер нөміріне сәйкес тапсырманы орындайды. Жұмыс соңында кейбірін талқылап өтетін боламыз.
№1 тапсырма
Қазақстан Республикасында 2000—2010 аралығында жас ерекшелік топтары бойынша (1000 әйелге шаққанда) бала туу коэффициенті. Кестедегі мәліметті пайдаланып, 2010 жылғы туу көрсеткіші негізінде қай жастағы әйелдердің бала көп туғандығын анықтаңыз. Осы мәліметті пайдаланып, диаграмма тұрғызыңыз.
15-49ж 15-19ж 20-24ж 25-29ж 30-34ж 35-39ж 40-44ж 45-49ж
2000 54,32 30,88 132,72 104,88 64,07 28,03 6,28 0,62
2001 53,80 28,39 129,67 105,48 66,16 29,76 6,50 0,5
2002 54,67 25,68 129,35 109,39 70,06 32,74 6,98 0,4
2003 58,95 26,52 136,27 119,87 76,05 37,73 7,90 0,52
2004 64,08 27,11 142,69 131,00 86,00 43,65 9,29 0,50
2005 64,71 26,74 139,44 132,79 87,08 45,88 10,22 0,55
2006 69,21 27,85 143,87 140,43 95,05 51,55 11,51 0,58
2007 73,20 29,32 146,49 147,62 101,81 54,95 12,85 0,60
2008 80,68 31,12 158,24 160,54 112,00 60,70 14,93 0,71
2009 80,93 31,38 157,02 157,73 110,77 60,82 15,28 0,68
2010 79,89 28,19 146,65 155,71 111,52 62,52 16,15 0,76
№2 тапсырма
Кестеде Қазақстан Республикасында 2000—2010 аралығындағы (1000 адамға шаққанда) өлім көрсеткіші берілген. Халық арасындағы өлім көрсеткішінің орташа мәнін анықтаңыз.
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010
Халықтың 9,87 10,06 9,95 10,05 10,41 10,14 10,37 10,27 9,74 8,97 8,94
өлімі
Әйелдер өлімі 8,62 8,55 8,48 8,57 8,81 8,47 8,67 8,54 8,45 7,76 7,81
№3 тапсырма
Кестеде статистикалық мәліметтерден алынған Қазақстан халқының 1000 адамға шаққандағы (2000—2010) табиғи өсуі берілген. Осы мәліметті пайдаланып, ең көп және ең аз болған жылдарды анықтаңыз.
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010
4,86 4,96 5,24 6,22 8,05 8,05 9,44 10,57 10,20 13,48 13,60
№4 тапсырма
Бала туған 100000 әйелдің ішінен 2000-2010 жылдар аралығындағы ана өлімінің көрсеткіші туралы мәліметті пайдаланып, гистограмма құрыңыз.
2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010
60,98 48,6 50,5 42,1 36,9 40,5 45,6 46,8 31,2 36,8 22,7
№5 тапсырма
Қазақстан Республикасында 2000—2010 аралығында жас ерекшелік топтары бойынша (1000 әйелге шаққанда) бала туу коэффициенті. Кестедегі мәліметті пайдаланып,
20-24 жас аралығында қай жылы бала көп, қай жылы аз туылғанын анықтаңыз.
15-49ж 15-19ж 20-24ж 25-29ж 30-34ж 35-39ж 40-44ж 45-49ж
2000 54,32 30,88 132,72 104,88 64,07 28,03 6,28 0,62
2001 53,80 28,39 129,67 105,48 66,16 29,76 6,50 0,5
2002 54,67 25,68 129,35 109,39 70,06 32,74 6,98 0,4
2003 58,95 26,52 136,27 119,87 76,05 37,73 7,90 0,52
2004 64,08 27,11 142,69 131,00 86,00 43,65 9,29 0,50
2005 64,71 26,74 139,44 132,79 87,08 45,88 10,22 0,55
2006 69,21 27,85 143,87 140,43 95,05 51,55 11,51 0,58
2007 73,20 29,32 146,49 147,62 101,81 54,95 12,85 0,60
2008 80,68 31,12 158,24 160,54 112,00 60,70 14,93 0,71
2009 80,93 31,38 157,02 157,73 110,77 60,82 15,28 0,68
2010 79,89 28,19 146,65 155,71 111,52 62,52 16,15 0,76
№6 тапсырма
Қазақстан Республикасында 2000-2010 аралығында жас ерекшелік топтары бойынша (1000 әйелге шаққанда) бала туу коэффициенті. Кестедегі мәліметті пайдаланып, 25-29 жас аралығындағы әйелдердің орташа бала туу көрсеткішін анықтаңыз.
15-49ж 15-19ж 20-24ж 25-29ж 30-34ж 35-39ж 40-44ж 45-49ж
2000 54,32 30,88 132,72 104,88 64,07 28,03 6,28 0,62
2001 53,80 28,39 129,67 105,48 66,16 29,76 6,50 0,5
2002 54,67 25,68 129,35 109,39 70,06 32,74 6,98 0,4
2003 58,95 26,52 136,27 119,87 76,05 37,73 7,90 0,52
2004 64,08 27,11 142,69 131,00 86,00 43,65 9,29 0,50
2005 64,71 26,74 139,44 132,79 87,08 45,88 10,22 0,55
2006 69,21 27,85 143,87 140,43 95,05 51,55 11,51 0,58
2007 73,20 29,32 146,49 147,62 101,81 54,95 12,85 0,60
2008 80,68 31,12 158,24 160,54 112,00 60,70 14,93 0,71
2009 80,93 31,38 157,02 157,73 110,77 60,82 15,28 0,68
2010 79,89 28,19 146,65 155,71 111,52 62,52 16,15 0,76
№7 тапсырма
Қазақстан Республикасында 2000-2010 аралығында жас ерекшелік топтары бойынша (1000 әйелге шаққанда) бала туу коэффициенті. Кестедегі мәліметті пайдаланып, жылдар бойынша орташа мәндерін есептеп, ең жоғарғы көрсеткішті анықтаңыз.
15-49ж 15-19ж 20-24ж 25-29ж 30-34ж 35-39ж 40-44ж 45-49ж
2000 54,32 30,88 132,72 104,88 64,07 28,03 6,28 0,62
2001 53,80 28,39 129,67 105,48 66,16 29,76 6,50 0,5
2002 54,67 25,68 129,35 109,39 70,06 32,74 6,98 0,4
2003 58,95 26,52 136,27 119,87 76,05 37,73 7,90 0,52
2004 64,08 27,11 142,69 131,00 86,00 43,65 9,29 0,50
2005 64,71 26,74 139,44 132,79 87,08 45,88 10,22 0,55
2006 69,21 27,85 143,87 140,43 95,05 51,55 11,51 0,58
2007 73,20 29,32 146,49 147,62 101,81 54,95 12,85 0,60
2008 80,68 31,12 158,24 160,54 112,00 60,70 14,93 0,71
2009 80,93 31,38 157,02 157,73 110,77 60,82 15,28 0,68
2010 79,89 28,19 146,65 155,71 111,52 62,52 16,15 0,76
№8 тапсырма
Қазақстан Республикасында 2000-2010 аралығында жас ерекшелік топтары бойынша (1000 әйелге шаққанда) бала туу коэффициенті. Кестедегі мәліметті пайдаланып, жылдар бойынша орташа мәндерін есептеп, ең төменгі көрсеткішті анықтаңыз.
15-49ж 15-19ж 20-24ж 25-29ж 30-34ж 35-39ж 40-44ж 45-49ж
2000 54,32 30,88 132,72 104,88 64,07 28,03 6,28 0,62
2001 53,80 28,39 129,67 105,48 66,16 29,76 6,50 0,5
2002 54,67 25,68 129,35 109,39 70,06 32,74 6,98 0,4
2003 58,95 26,52 136,27 119,87 76,05 37,73 7,90 0,52
2004 64,08 27,11 142,69 131,00 86,00 43,65 9,29 0,50
2005 64,71 26,74 139,44 132,79 87,08 45,88 10,22 0,55
2006 69,21 27,85 143,87 140,43 95,05 51,55 11,51 0,58
2007 73,20 29,32 146,49 147,62 101,81 54,95 12,85 0,60
2008 80,68 31,12 158,24 160,54 112,00 60,70 14,93 0,71
2009 80,93 31,38 157,02 157,73 110,77 60,82 15,28 0,68
2010 79,89 28,19 146,65 155,71 111,52 62,52 16,15 0,76
Енді, Сіздерге Excel бағдарламасында ЕГЕР логикалық функциясын қолданып, құрастырылған тест сұрақтарына жауап беруді ұсынамын. Сіздердің мақсаттарыңыз қойылған сұрақтарға 1 немесе 0 ұпайларын жазу арқылы ұпай жинау. Нәтижесінде Сіздің диагнозыңыз экранға шығады. Мысалы, Пневмонияның белгілері. Мына сұрақтарға жауап беріп, өз диагнозыңызды біліңіз. Иә – 1 ұпай. Жоқ – 0 ұпай.
- Дене қызуы бірден көтеріліп, қалтырау иә/жоқ.
- Кеуденің ауыруы иә/жоқ.
- Тыныс алудың жиілеуі иә/жоқ
- Жөтелу иә/жоқ
- Қан араласқан қақырық тастау иә/жоқ
Егер 5 ұпай жиналса, онда Пневмония, ал керісінше жағдайда Сіздің денсаулығыңыз жақсы.
- Сабақты қорытындылау
Сабағымызды нақтылай түсу үшін келесі сұрақтарға жауап беріп көрейік:
- Excel бағдарламасы не үшін арналған?
- Ұяшық мәнін қалай пішімдеу не үшін қажет?
- Диаграмманың қандай түрлерін тұрғызуға болады?
- Ұяшықтағы сандардың орташа мәнін қалай табуға болады?
- Салыстырмалы сілтеме не үшін керек?
- Логикалық фунцкияның атқаратын қызметі қандай?
- Медициналық мекемелерде тәжірибеден өту барысында қандай бағдарламаламен жұмыс жасадыңдар?
- Мәліметтерді сүзгілеу не үшін қажет?
- Үйге тапсырма
- MS Excel бағдарламасының мүмкіндіктері.
- Медициналық портфолио жасау үшін материал дайындап келу: Статистикалық мәліметтерді пайдаланып, ҚР құрт ауруымен ауырғандар туралы ақпарат жинау. Алдына алу, болдармау шараларын қарастыру.
Жалпы қорытынды
Қазақстанның жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларға енуі алдымен ұлттық білім беру жүйесінде өзгерістер енгізуді бірінші орынға қояды. Кәсіптік білім беру жүйесін түбегейлі жақсарту мамандар даярлаудың сапасын арттыру еліміздің болашағы үшін маңызы зор.
Соңғы жылдары кәсіптік даярлаудың міндеттерін анықтаудың екпіні студенттерден білім мен білік, дағдыларды меңгеруі кәсіби құзырлық деп аталатын кешенді құрылымның қалыптасуына ауысты. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар денсаулық сақтау саласын, атап айтқанда, медицина мамандарын даярлау жүйесін де қамтыды.
Қазіргі заманғы тәжірибелік денсаулық сақтау саласы мен кәсіптік білім беру жүйесіне қойылатын талаптар – өз білімін қызмет саласында тәжірибеде қолдана білетін және өмір бойы жетілдіріп отыратын құзырлы мамандарды даярлау. Астана қаласындағы медициналық колледжде орта медициналық білім беруді жетілдіруде, оның көздеген мақсаты медицина мамандарын даярлау жүйесін мемлекеттік стандарттарға келтіру және кәсіптік құзырлықтарын арттыру.
Ұсынылған сабақ материалдары медицина мамандарын даярлау бойынша мемлекеттік стандарт талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.Ал, сандық мәліметтермен жұмыс жасау: өңдеу, есептеулер жүргізу, диаграммалар мен графиктер тұрғызу, сүзгілеу және сұрыптау студенттерге денсаулық саласында кәсіби қызметтерін орындауда көмегін тигізетін болады.
Әдебиет
- М.Қ.Байжұманов. Информатика Астана 2004; 104-118
- Г.Ә.Жапарова. Информатика негіздері Алматы 2006; 161-208
- Демографический ежегодник Казахстана. Статистический сборник. Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2010 году Астана 2011; 591.
- Демографический ежегодник Казахстана. Статистический сборник. Здоровье населения Республики Казахстан и деятельность организаций здравоохранения в 2008 году Астана 2009; 938.
- Доклад ВОЗ о состоянии здравоохранения в мире: «Уменьшение риска, содействие здоровому образу жизни». ВОЗ 2002; 16.
- Каюпова Н.А. Проблемы нереализованного материнства. Репродуктивная медицина 2009; 1:01: 4-6.