Мәтіндердің орнын ауыстыру және көшірмелеу

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндердің орнын ауыстыру және көшірмелеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мәтіннің орнын ауыстыру және көшірмелеу туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық:      Окушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, Ауызша сабақ – 1  картасы

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәтінмен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: слайд, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәтті

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген «MS Word мәтіндік редакторы. Мәтіндік құжат құру, сақтау және ашу» тақырыбы бойынша тақырыптық тест алу – 5 минут

  1. МS Word қандай редактор?
  2.  Іске қосу реті қандай?
  3.  Мәтінді пішімдеу әрекеттері?

Үй тапсырмасын қорытындылау: /тест/

  1. Солдан оңға қарай қай перне көмегімен өшіруге болады?

а) Shift                 ә)Delеte                      б)Backspace               в)Alt

  1. Оңнан солға қарай қай перне көмегімен өшіруге болады?

а) Shift                 ә)Delete                   б)Backspace              в)Alt

  1. Бас әріппен жазуға арналған перне.

а) Shift                     ә)Delete                     б)Backspace               в)Alt

  1. /MS WORD/ Мәтіндегі сөзді ерекшелеу үшін мыналар қажет

а) Правка- Вырезать командасын беру

ә) сөзге оң батырманы түрту және Ерекшелеу командасын таңдау

б) сөзді оң батырмамен екі рет түрту

  1. Құжатты сақтау үшін

а) Файл – Печать ә) Файл – Сахранить как    б) Файл — Закрыть

  1. Пішімдеу дегеніміз не?

а) Мәтіндік құжатты рәсімдеу   ә) Құжатты баспаға беру   б) Мәтіндік құжатты өшіру

Кілті

  • Ә
  • Б
  • А
  • Б
  • Ә
  • А

ІІІ. Жаңа сабақ

Видио түсіндіру

Кез-келген терілген мәтіннің бөлігін қиып алуға, қоюға, көшірмелеуге болады. Ол үшін сатандарттау панеліне назар аударамыз.

Қиып алу батырмасы қайшы тәріздес болып келеді, ол өшіру командасын қоса орындайды. Мәтіннің бөлігін қиып алу үшін мәтінді ерекшелейміз, қиып алу батырмасын шертеміз. Қиып алынған мәтін компьютердің оперативті жадысындағы буфер алмасуда уақытша сақталады.

Мәтінді қою үшін мәтіннің тұратын орнына меңзеді орналастырамыз, қою командасын шертеміз.

Мәтіннің бөлігін көшірмелеу үшін мәтінді ерекшелейміз, көшірмелеу батырмасын шертеміз. Көшірмеленген мәтін компьютердің оперативті жадысындағы буфер алмасуда уақытша сақталады. Көшірмеленген мәтіннің тұратын орнына меңзеді орналастырамыз, қою командасын шертеміз.

Компьютердің оперативті жадысындағы буфер алмасуды көру үшін меню жолындағы Правка — буфер алмасу командасын орындаймыз. Ол құжаттын оң жақ бөлігінде көрініп тұр. Қиып алынған, көшірмеленген мәтін буфер алмасуда сақталған.

Мәтіндік блокты көшіру үшін, ең алдымен оны белгілеңдер, содан кейін <СТRL> пернесін басып тұрып, белгіленген блокты шертіңдер де, оның орнын ауыстырыңдар. Көшіру кезінде ішінде «плюс» белгісі бар кішкене тікбұрыш пайда болуы тиіс. Ақпаратты көшіру жэне орнын ауыстыру кезінде алмасу буферін пайдалануға болады.

Правка-Копировать командасы арқылы буферге көшіргеннен кейін Правка-Вставить командасы арқылы буферден қою керек..

  1. Жаңа сабақ бойынша Видио мысал:
  2. Мәтінді теріңіз.

Мен – озат оқушымын.

  1. мәтінді толығымен көшірмелеңіз мына үлгі бойынша.

Мен – озат оқушымын. Мен – озат оқушымын.

Мен – озат оқушымын. Мен – озат оқушымын.

Мен – озат оқушымын. Мен – озат оқушымын.

Мен – озат оқушымын. Мен – озат оқушымын.

  1. Ортасындағы екі жолды өшіріңіз.
  2. Келесі мәтінді теріңіз.

Март

Январь

Апрель

Февраль

  1. Рет-ретімен койыңыз.
  2. Жаңа сабақ бойынша тапсырма.

Жұмыс столында Мақал-мәтел деген тақырыпта құжат берілген. Құжатты ашамыз.

Тапсырма: Төменде мақал мәтелдер дұрыс аяқталмайәр жерге жазылған. Мақал-мәтелдердің дұрыс ретімен тауып жаз. Ол үшін Қиып алу, қою командаларын пайдалан. Орындалған тапсырма Yandex.kz сайты арқылы электрондық поштаға жіберіледі.

 

Ерді намыс өлтірер,
Жақсы дұшпан артық.

Ер жігіт ел үшін туады,
Қоянды қамыс өлтірер.

Жаман жолдастан,
Өнер көкке жеткізер.

Акыл көпке жеткізер,
Ел үшін өледі
Жүздің көркі — сақал,
Сөз қаруы – ой.

Тіл қаруы – сөз,
Сөздің көркі — мақал.
Ата көрген оқ жонар,

Білім жастан шығады.

Қына тастан шығады,
Ана көрген тон пішер.

 

Дұрыс жауап:

  1. Ерді намыс өлтірер, Қоянды қамыс өлтірер.
  2. Жаман жолдастан,  Жақсы дұшпан артық.
  3. Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі
  4. Өнер көкке жеткізер.Акыл көпке жеткізер,
    5. Жүздің көркі — сақал, Сөздің көркі — мақал.
  5. Тіл қаруы – сөз, Сөз қаруы – ой.
    7. Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер.
  6. Қына тастан шығады, Қына тастан шығады,
  7. Жаңа сабақ бойынша тапсырма.

Экранға назар аударыңыз.

  1. Кесте
  2. Ұяшық
  3. Печать
  4. СТRL
  5. Көшірмелеу
  6. Орын ауыстыру
  7. Бетті номерлеу

Есте сақтауға 1минут  беріледі, жазуға 3минут.

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді әр оқушы оқиды. Берілген тірек сөздердің мағынасын ашады.

 

  1. Сын тұрғысынан ойлау сұрақтары: Оқушы «Иә», «Жоқ» деп жауап береді, ООМ белгіленеді.
  2. Құжаттарды басу үшін Файл Печать командасын орындау қажет? (Иә)
  3. Кесте дегеніміз ұяшық? (Жоқ, баған мен жолдың қиылысы)
  4. Кестені Вставка Таблица командасын орындау арқылы құрамыз? (Иә)

4.Мәтінді ерекшелеу үшін Shift пернесін басамыз? (Жоқ, СТRL)

5.Беттерді номерлеуге болады? (Иә)

6.Шекаралар типін таңдау үшін Формат    Границы и заливка командасы орындаймыз? (Иә)

  1. Кестедегі келесі ұяшыққа Ctrl пернесі арқылы өтеміз? (Жоқ, Tab немесе бағыттаушы пернелер)
  2. Правка-Копировать командасының көмегімен қажетті құжатты қиып аламыз? (Жоқ, көшіреміз)
  3. Вставка-Номера страниц бет номерлеуге арналған команда (Иә)
  4. Таблица — Объединить ячейки командасының көмегімен ұяшықтарды бөлеміз? (Жоқ, ұяшықтарды біріктіреміз)

ІҮ. Бекіту: Оқулықтағы 7.7 —  практикалық тапсырманы орындау

Ү. Үйге тапсырма: 7.7 тақырыпты оқу

ҮІ. Бағалау:  парақ бойынша бағаланады.