Информатика мейрамханасы

Сабақтың тақырыбы:  Информатика мейрамханасы

Мақсаты: Пәнге деген студенттердің  танымдық қызығушылығын,  белсенділігін арттыру,  шығармашылық, өнерпаздық мүмкіндіктерін байқау, құрметтеуге  тәрбиелеу.

Даяшылар: Рагима, Жулдыз

Әділ – қазылар: Экон -201 тобының студенттері Жібек, Мөлдір

Сабақтың түрі: ойын сабақ

Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Информатика мейрамханасы » атты кешімізге қош келдіңіздер! Бүгін біздің мейрамханамызға 4 ауылдың қонақтары келіп  отыр. Біздің мейрамханамыздың бір ерекшелігі бар. Біздің есігіміз қалталы бай азаматтарға емес, білімді, парасатты азаматтарға айқара ашық, бізде «ақша» ұғымы «білім » ұғымымен алмастырылған. Яғни кім білімді сол ғана тәтті дәмділерден, түрлі тағамдардандәм тата алады.

 

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай танымда, жат дауыста.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу қалып жатады асығыста.

 

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып.

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.

 

  1. Таныстыру. Төрт топ өздерін таныстырады. 3 мин. 10 балл.
    РЭС 204  топ аты – «Windows »
    ПВ — 204 топ аты – «Apple»
    РЭС -101  топ аты – «Web»
    ЭКОН -101  топ аты – «Ipone»
    (топтың эмблемасын, атауының мағынасын таныстырады)

Даяшылар барлық топқа бауырсақ апарады.

  1. Сұрақ – жауап.

Өмір деген көк мұхиттың толқыны,

Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.

Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,

О, толқындар арпалысып алға шық!

Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын

Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін информатика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған студенттерге сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсыңдар демекпін. Ал, жас қырандар енді ІІ-турымызды бастаймыз.

Әр топқа он сұрақтан беріледі.1- сұраққа 1 бал. Жауап берілмеген сұраққа басқа топтың жауап беру мүмкіндігі бар. Ең көп бал жинаған топқа тәтті әрі дәмді тамақ апарылады.

 

 

 

РЭС -204 тобының сұрақтары

 

СұрақтарЖауаптар
1Экранның төменгі жағындағы жіңішке жолақтапсырмалар тақтасы
2Windows сөзінің қазақша аудармасытерезе
3Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақтерезе
4ЭЕМ-ніңекіншібуыны(1955-1965)
5Жою пернесіDelete
6Компьютерден өшірілген құжаттар сақталадыкорзина
7Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін пернеDelete
8ЭНИАК(1946)
9Компьютер сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?есептеу
10Сурет салуға арналған бағдарламаPaint

 

ПВ -204 тобының сұрақтары.

 

СұрақтарЖауаптар
11 байт нешебиттентұрады?8
2Ақпараттықпроцестер?сақтау, алмасу, өңдеу
3Марк-I(1944)
4Компьютердіңеңнегізгіқұрылғылары?жүйелік блок, пернетақта, монитор
5Лейбниц машинасы(1672)
6Егербұлпернені бір ретбасса бас әріптеренгізіледіCapsLock
7Ақпараттықағазғабасыпшығаратынқұрылғыпринтер
8Біріншіэлектрондыесептеуіш машина қашанжасалды1946 жылы АҚШ-тыңПенсильвануниверситетінде
9Компьютердіңоперативтіжадысы (ОЗУ) немесеRandomAccessMemoryмәліметтердіқысқамерзімгесақтауүшінқызмететедіКезкелгенбағдарламаның, амалдықжүйенің де, жұмысістеуіүшініскеқосукезіндебағдарламаныңбірбөлігінқотаруғаоперативтіжадыныңбіршамакөлеміталапетіледі.
10Сканер (ізкескіш) қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы.

 

 

 

 

 

РЭС -101 тобының сұрақтары

 

СұрақтарЖауаптар
1Монитор, жүйелік блок, пернетақта компьютердің қандай құрылғылары?негізгі
2Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғыдисплей немесе монитор
3Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылыминформатика
4Ақпараттықпроцестердіжүзегеасыратынқұрылғыкомпьютер
5Екілік жүйенің сандары0,1
6Дүниежүзілік компьютерлер арасындағы байланыс ортасыинтернет
7Компьютердің ақпаратты уақытша сақтайтын құрылғысыоперативті жады
8Логарифм сызғышын ойлап тапқан оқымыстыД.Робертсон
9Алғашқыавтоматтыесептеуіштехниканың авторыЧарлз Бэббидж
10Компьютердің “миы”процессор

 

Экон -101 тобының сұрақтары

 

1Ауқымды желіге қосылу үшін қажет құрылғымодем
2Басу құрылғыларының түрлерілазерлік, матрицалық, бүріккіш
3Адам денсаулығыназиянды компьютер құрылғысымонитор
4Компьютер жанына қойылатын өсімдіккактус
5Алғашқы есептеу құралдарыСүйектергесалынғанкертіктер
66-разрядты сандардықосуғажәнекөбейтугеарналғанқұрылғыныңжобасын кім ойлап таптыВ. Шиккард (XVI ғасыр)
7КомпьютерлердіңVбуыны – қашан қай елде шықтыЖапония, 1980-жылдар
8UPS – дегеніміз не?кернеуауысқанданемесеэлектрэнергиясыөшіпқалғанжағдайдакомпьютердіқорғайды.
10Монитордыңэкранындағытүрлітүстінүктелерпиксель

 

 

3.Үй тапсырмасы. Ақындыққа әркімнің бар таласы…  ( Информатика 5ылымы жайында өлең шығару)

Ең жақсы ұйқасты, мағынасы ашылған өлең шығарған топқа  салат апарылады.

 

 

  1. «Кім жылдам?» Әр топтан 6 студент қораптарымен шықсын. Сіздерге берілетін тапсырма қойылған сұраққа жауапты өз қораптарыңыздағы әріптерден көрсетесіздер. Бұл сайыста сіздер өздеріңіздің білімдеріңізбен бірге ұжымшылдықтарыңызды көрсетесіздер.Ал, іске сәт! Ал ең үздік болған топқа дәмді жеміс –жидек апарылады.

 

 

ЭКОН -101  ТОБЫНА  ТАПСЫРМА

 

 А, К, И, Д, Е, М, Т, С, О, М, Н, Р.

 

1 интернетке қосылу үшін қажет құрылғы     (модем)

2 электронды тасымалдаушы   (диск)

3 енгізу құрылғысы   (сканер)

4 қырғыз ақшасы  (сом)

5 физика заңдарының бірі (ом)

6 өтірік сөзінің антонимі  (рас)

7 бейнесіз хабар таратушы (радио)

8 жеті қазынаның бірі (ит)

9 белгілі бір ғылым саласында қолданылатын сөздер (термин)

10  адамның арқауы не  (ас)

 

ПВ -204 ТОБЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

Л, С, Р, К, О, П, У, Д, Е, Е, Б, А

 

1 белгілі бір ақпарат (дерек)

2 жүйелік блоктың сыртқы қорабы ( корпус)

3 жеке адамның компьютері қандай компьютер (дербес)

4 біз бағдарламаны неден бастаймыз (пуск)

5 электронды тасымалдаушы дисктің түрі (сд)

6 тіршіліктің көзі не (су)

7 жоқтың антонимі (бар)

8 оқытушылардың тақтаға жазатын қаламы (бор )

9 араның тамағы (бал)

10 заң жинағы  неден тұрады (бап)

 

РЭС -101 ТОБЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

З, Н, А, Т, Ы, Ш, Қ , О, Ж, Д, Б, А

 

1 басқару тетігі (тышқан)

2 ежелгі римде ойлап табылған алғашқы есептеу құрылғысы (абак)

3 жүйелік блоктың ішінде орналасқан аналық, желілік, дыбыстық, бейнелік не (тақша)

4 есте сақтау құрылғысы (жад)

5 Х VII ғасырда ойлап табылған алғашқы есептеу құрылғысы (шот)

6 бардың антонимі жоқ

7 біздің қажеттіліктеріміздің бірі (ақша)

8 үлкендерден алатын ақ тілек (бата)

9до ре ми фа сол ля си до (нота)

10 Ең аяулы жан (ана)

 

РЭС -204 ТОБЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

А, Б, Э, Н, И, А, К, Р, Е, Т,

1  бейне түрінде көрсететін құрылғы (экран)

2 Алғашқы есептеу құрылғыларының бірі (Абак)

3 Электронды есептеуіш машинасының қысқартылуы (Эем)

4 Алғашқы компьютерді ойлап тапқан ғалымдардың бірі (Марк)

5 Жоқ сөзінің антонимі (Бар)

6 нота (Ре)

  1. Жіктеу есімдігі(Мен)

8.Ақпарат өлшем бірлігі (Бит)

  1. Компьютердің қосымша құрылғысы (Сканер)

10 Кең сөзінің антонимі (Тар)

  1. «Біз техник – құрастырушымыз» Егер бізде техника құрастыру мүмкіндігі болса, біз…. техниканы құрастырар едік. Ең үздік құрастырылған техникаға Тәтті нанымыз тортымыз бар, ал достар тәтті наннан құр қалмайық!

 

 

Осымен біздің сайысымыз да өз мәресіне жетті. Топтардың  бағасын беретін әділ – қазыларымызға сөз береміз. Дастарханында тамағы мол, тәттісі көп топ «Білімді қонақтар» номинациясымен марапатталады. Сау болыңыздар, информатиканың келесі кешінде кездескенше!