Практикалық жұмыс. Аралас құжаттарды құру
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс. Аралас құжаттарды құру
Сабақтың мақсаты:Құжатқа сурет қою тәсілдерін үйрете отырып, оқушылардың сыни ойлау арқылы ақпараттық-коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
- Тақырып бойынша мағлұмат бере отырып, практикалық жұмысқа баулу;
- топтық жұмыс арқылы бірлескен жұмысты ұйымдастыру;
- Оқушыларға еңбекқорлық туралы түсінік қалыптастыру;
тақырыпты АКТ-ның көмегімен аша отырып, сыни ойлауға жетелеу.
Күтілетін нәтиже;
- Топпен жұмыс істеуге дағдыланды.
- Тақырып бойынша мағлұмат бере отырып, практикалық жұмысқа баулу
- Еңбекқорлық түсініктері қалыптасты.
- АКТ- ны тиімді қолдана алады.
сыни ойлаулары қалыптасты
Қолданылатын модульдер;Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалаужәне оқуды бағалау, Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Кедергі болатын қандай негізгі қиындықтар бар?
Әдіс-тәсілдер:Миға шабуыл, ,«БББ» , жұптық,топтық жұмыс, рефлексия, сергіту сәті, «Жұбыңды тексер, бағала» .
Сабақ уақыты | Кезең, оның мазмұны | Мұғалімнің іс—әрекеті | Оқушының іс—әрекеті | Оқыту үшін бағалау, оқу үшін бағалау | Ресурстар | ||||||
5 мин | Кіріспе Ұйымдастыру сәті Психологиялық дайындау «Ақтілек»
Топқа бөліну Гүлдер арқылы оқушыларды топқа бөлу. Топқа ат қою және топ басшыларын сайлау. Алтын ережені еске түсіру
| — Көңіл — күйлеріңіз қалай ?
— Сабаққа дайынсыңдар ма ?
— Ендеше бастайық. Біз бүгін екі топқа бөлініп, жарысамыз. Оқушылардың топтарға орналасуын қадағалап отырады.
Алтын ережені еске алу | Керемет (қолдарын көтеру) Тамаша (шапалақ)
О – о – о (бас бармақтарын көрсету) Топқа ат қойып , топ басшыларын сайлайды.
Алтын ережені еске түсіру, қорытынды жасау. Бірлесе жұмыс атқару. | Жарайсыңдар!
Тамаша! |
Әр түрлі гүлдер
«Алтын ереже»
| ||||||
10 мин | Тұсаукесер Миға шабуыл. «Теңге алу» ойыны (Үй тапсырмасы)
| Таныстырылым арқылы әр түрлі теңге суреттерінің астында сұрақтар жасырылады. 1. Мәтінді пішімдеу дегенді қалай түсінесің? 2. Мәтінді редакциялау деген не? 3.Мәтіндік редакторды қалай іске қосады? 4. Shift пернесінің қызметі. 5. Delete пернесі қандай қызмет атқарады? 6. WordPad қандай редактор? | Оқушылар өздерінің таңдаған теңгелердің артында жасырылған сұрақтарға жауап береді | Смайликпен бағалау | Интербелсенді тақта Смайликтер Слайд №2
| ||||||
20 мин | Негізгі бөлім Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Практикалық жұмыс
Сергіту сәті Жаттығуды орындарында отырып орындау
«Жұбыңды тексер, бағала» әдісі Мақсаты: Бағалау өлшемдерін негізге ала отырып, бірін-бірі бағалау іс әрекетін жүзеге асыру.. Бекіту тапсырмасы | Мағынаны тану 1 және 2 топтарға «Мәтіндік редактор» тарауын оқып, постерде қорғау тапсырылады.
Оқулықпен жұмыс 190 бет Тапсырма: графикалық және мәтіндік редактордың көмегімен «Менің отбасым» тақырыбында сурет дайындап, әңгіме құрастыру.
Көз жаттығуын орындайық. (презентация көрсетіледі)
Таныстырылымда тест сұрақтарын жазып, интербелсенді тақтадан көрсете отырып , дұрыс жауаптарын табу. | Сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазып алады Екі топ бір-біріне циклді түрде постерлерін түсіндіреді. — әр топ жеке-жеке суретті графикалық редакторда қалай қырқу керектігі жөнінде ортаға салып талқылайды. -компьютерде практикалық жұмыс орындайды, сурет кірістіріп ,әңгіме құрайды. Орындарында отырып көз жаттығуын орындайды Жұптасып бір -бірінің жауаптарын өзара бағалау |
Формативті бағалау «2жұлдыз, 1 тілек»
Бірін-бірі бағалау Смайлик арқылы
«Епті екенсіңдер!»
Тақтадан дұрыс жауап көрсетілгенде, бағалау өлшемдерін негізге ала отырып, жұптар бірін- бірі бағалау әрекетін жүзеге асырады. «5»-қатесіз орындалған жұмысқа «4»-1 қатеге «3»-2,3 қатеге «2»-4 қатеге | Интербелсенді тақта, маркер, постер.
Стикерлер
АКТ , Информатика оқулығы
Таныстырылым көрсету
Слайд №3
| ||||||
10 мин | Қорытынды «Білемін, білдім, білгім келеді…» стратегиясы Мақсаты; игерген білім жайында кері байланыс жасау.
Бағалау
Рефлексия
| Рефлексия
Бағалау парағы бойынша бағалау
Бүгінгі сабақтан алған әсерлерінді стикерлерге жазу. | Бүгінгі сабақта нені білдіңдер? Тағы не туралы білгілерің келеді? Осы тақырып бойынша не ой түйдіңдер? Сауалдарына жауапты кестеге түсіреді Топ басшысы сабақ барысында топ мүшесі қаншалықты жауап бергенін бағалау парағына белгілеу арқылы бағалайды.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерге стикерлерді жапсыру арқылы білдіреді.
| «Өте тамаша»
Бағалау парағы
Әр түрлі стикерлер
| Слайд №4 Таратпа қағаздар
Бағалау парағы Стикерлер,смайлик жапсырылған плакаттар. Слайд №5 | ||||||
Үйге тапсырма | Компьютерде WordPad мәтіндік редакторында «Менің сыныбым» тақырыбында шағын шығарма жазу. | Күнделікпен жұмыс | Күнделік | Слайд №6 |