Компьютерде моделдерді зерттеу және модел жасаудың негізгі кезеңдері
Сабақтың тақырыбы: Компьютерде моделдерді зерттеу және модел жасаудың негізгі кезеңдері
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушылардың модель, модельдеу, модель түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.
ә) дамытушылығы: оқушылардың ақыл-ой өрісін, танымдық қабілетін дамыту.
б) тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке баулу, шығармашылық қабілетін арттыру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: слайд, интерактивті тақта, жұмыс дәптері
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрсете түсіндіру, топтық, тапсырмалар орындау
Сабақтың өту барысы:
І. Оқушыларды ұйымдастыру . (2 минут)
ІІ. Топқа бөлу
ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру .
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Болашаққа көзқарас, «Экспо – 2017» ой толғау жазу
VІ. Қорытындылау
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру.
ІІІ. ӨТКЕН ТАҚЫРЫПТЫ ҚАЙТАЛАЙ ОТЫРЫП,
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ҚАЙТАЛАУ (10 минут)
- Алгоритм дегеніміз не?
Жауап. Орындаушының белгіленген мақсатқа жетуіне бағытталған түсінікті де дәл ұйғарым алгоритм деп аталады.
- Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады және оларды ата?
Жауап. 3 бөлікиен тұрады: тақырыптық, сипаттау, операторлар бөлімі
- Идентификатор дегеніміз не?
Жауап. Идентификатор – міндетті түрде әріппен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау.
- Сызықтық алгоритм дегеніміз?
Жауап. Сызықтық алгоритм дегеніміз – қарапайым, яғни командалары бірінен соң бірі тізбектей орындала беретін алгоритм.
- Тармақталу алгоритмі дегеніміз?
Жауап. Тармақталу алгоритмі дегеніміз – орындалатын әрекеттер екі шартпен орындалады. «Иә» және «Жоқ».
- Циклдік алгоритм дегеніміз?
Жауап. Циклдік алгоритм дегеніміз – командалары бірнеше рет қайталанып келетін алгоритмдер.
- Паскаль тіліндегі стандартты типтерді ата.
Жауап. Бүтін, нақты, логикалық, тіркестік мәтіндік
- Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
Жауап. Алгоритмдік тіл – бұл алгоритмдер мен олардың біртекті және дәл жазбаларына арналған белгілер мен ережелер жүйесі
- Операторлар – меншіктеу операторы, басқару операторы, функция мен процедураларды анықтау операторлары
- Паскаль тіліндегі стандартты типтер – бүтін, нақты, логикалық тіркестік мәтіндік
ІV. ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ
- Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
- Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін (макетін) құру.
- Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалады.
- Бір объект (процесс, құбылыс) үшін әр түрлі модель жасалуы мүмкін.
МОДЕЛЬДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЖІКТЕЛУІ:
ОҚУ МОДЕЛІ – көрнекі оқу құралы, әр түрлі машықтандырушы, үйретуші программалар түрінде болуы мүмкін
ТӘЖІРИБЕЛІК МОДЕЛЬ – жобалау объектісінің кішірейтілген немесе өте майда объектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады.
ҒЫЛЫМИ ТЕХНИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР – процестер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында құрылады
ОЙЫН МОДЕЛЬДЕРІНЕ – әскери, экономикалық, спорттық ойындар жатады.
ИМИТАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ – шын мәніндегі нақты объектіні өте жоғары дәлдікпен бейнелей алады
Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі топқа жіктеуге болады.
Статистикалық модель деп – объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады.
Динамикалық модель деп – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді
МОДЕЛЬДЕРДІ КӨРСЕТІЛУ ӘДІСІНЕ ҚАРАЙ ТОПТАУ
Материалдық модельдер түпнұсқаның физикалық және геометриялық қасиеттерін көрсетеді
- Ақпарттық модель дегеніміз – объектінің, процестің, құбылыстың қасиеттері мен күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып табылады.
- Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель.
- Таңбалық модель деп – арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.
Көрсету түріне қарай ақпараттық модельді мынадай топтарға жіктеуге болады:
- Геометриялық модель – графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
- Ауызша модель – иллюстрацияны пайдаланып, ауызша және жазбаша сипаттаулар.
- Математикалық модель – объект немесе процестің әр түрлі параметрлерінің байланысын көрсететін математикалық формулалар.
- Құрылымдық модельдер – схема, графиктермен кестелер т.б.
- Логикалық модель – ой қорытындысы мен шарттарды талдау негізге алынған іс әрекеттерді таңдаудың әр түрлі нұсқалары көрсетілген модельдер.
- Арнайы модельдер – ноталар, химиялық формулалар.
- БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС
«Экспо – 2017» ой толғау жазу (оқушылар өз пікірлерін жазады)
VІ. Қорытындылау
Тақырып бойынша қорытындылау кестедегі әріптерден сөз құрастыру қажет
О | М | О | Д | І | К | Қ | Ы | Л | А |
Қ | У | Л | Е | Л | Ғ | Ы | М | И | К |
Ә | Т | Ь | Б | Е | Ы | Л | Т | Г | И |
Ж | І | Р | И | А | К | Х | Е | О | Л |
Й | О | Қ | Ы | Л | И | Н | Л | Ы | Қ |
Ы | Н | И | М | К | І | Л | А | Б | Ң |
Ц | А | Т | И | К | О | Р | Е | Т | А |
И | Я | Л | Ы | Қ | М | П | Ь | Ю | Т |
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру.
Тексерілді: __________________