Логика және пікір

Ордабасы ауданы

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Сабақтың тақырыбы: Логика және пікір

Сабақтың мақсаты:  Логика және пікір туралы ұғым қалыптасады. Логикалық ойлау қабілеттері және есте сақтау қабілеттері артады. Оқушылар жаңа ұғымдарды тез қабылдауға, әсемдікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже:

-Нақты пікір айтуға,басқаның ойын тыңдауға үйренеді.

-Сыныпта диологтік әңгіме өрбиді

-Топпен жұмыс жасай отырып,балалар бір-біріне тапсырмалық жұмыстарда көмектеседі.

Қолданылатын әдіс-тәсілдері: Диалогтік әдіс, , топтастыру стратегиясы, Рефлексия.

Енгізілген модуль:        1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

2.Сыни тұрғыдан  ойлауға үйрету.

3.Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану.

4.Оқытудағы басқару және көшбасшылық

  1.           Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

6.Талантты және дарынды балаларды оқыту

Дереккөздер: оқулық, интербелсенді  тақта, А4 парағы, плакат, стикерлер, маркер, бағалау критерий парағы.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.  Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Шаттық шеңбері. Оқушылар екі қатарға тұрып бір – біріне сәттілік тілеп, гүл  ұсынады.

 

І.Қызығушылықты ояту

 

Үй тапсырмасы.

Тест сұрақтары интербесенді тақтадан көрсетіледі. Оқушылар белгілей отырып, өздерінің жауаптарының дұрыс немесе бұрыстығын көре алады.

Топқа бөлу.

Сандықшадан геометриялық фигураларды алу арқылы сынып екі топқа бөлінеді.

Ребус шешу арқылы екі топ өз топтарының атын шығарды.

      І топ                                                   ІІ топ   

«Логика»                                                   «Пікір»

 

Жаңа сабақ

Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы ойларын  жазуға жетелейді, ресми іс -қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.

 

Сергіту сәті.

«Қара жорға»

 

Ой толғаныс.

Екі топқа ортақ логикалық сұрақтар беріледі.

 

 

 

 

 

 

Сабақты бекіту.

 

Логикалық сұрақтар

 

І топ. Мектеп бітіру кешінде Нағима қызыл көйлек киді. Розаның киген көйлегі қара да, көк те, көгілдір де емес. Зәуренің екі көйлегі бар қара және көк. Айгүлдің ақ та, көк те көйлегі бар. Баянның барлық аталған түсті көйлектері бар. Егер қоштасу кешіне қыздардың әрқайсысы әр түсті көйлек киіп келген болса, қайсысының қандай көйлек киіп келгенін анықта.

ІІ топ. Уильямс , Барнет  және Эдвард.  Олардың бірі-наубайханашы, екіншісі-такси жүргізуші, үшіншісі-өрт сөндіруші. Олардың әрқайсысының мамандығын анықта. Бірнеше дерек: Уильямс  және Барнет  әр кеште шахмат ойнайды. Барнет  пен Эдварс  бейсболға бірге барады. Такси жүргізуші –металл ақша, өрт сөндіруші-қалайы солдаттарды, ал наубайханашы-марка жинайды. Эдвардс  ешқашан пошталық штемпельдері туралы естімеген. Такси жүргізуші ешқашан бейсболға бармаған.

 

 

 

 

 

Сабақты қорытындылау.

«Экипаж» ойыны

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия.

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Бағалау. Бағдаршам түстері арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: Логикалық сұрақтар дайындап келу.

 

 

Информатика  пәнінің  мұғалімі: Қалыбаева Ұ.