Сабақтың тақырыбы: Сайыс сабағы
Сабақтың тақырыбы: Сайыс сабағы
Сабақтың мақсаты: «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интелектуалдық ойыны
арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,
дамыту және тапқырлыққа, жылдам шешім қабылдауға
үйрету. «ХХІ ғасыр көшбасшысы» деп аталатын ойын
таңдай қақтырып, баршамызды тамсандырып-ақ
келеді.
«Батылдық – балалық шақта» десек, баланы бала
ететін тәрбие құрамының бірі – ойын екендігі белгілі.
Сабақтың түрі: Интелектуалды ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
І – жүргізуші: Тойлап маржандай боп өлеңдесіп
Достарым отырсың ба елеңдесіп
Ата-салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз алдыменен сәлемдесіп
ІІ – жүргізуші: Ұстаздар аман бекен құрбы құрдас
Сыныптас бірге оқып болған сырлас
Жақсы ма, денсаулығың қал-жағдайың,
Отбасыңда аман ба, мал менен бас?
І – жүргізуші: Сәлем бердің құрметті ұстаздарға, әділ қазылар мен оқушылар сіздермен бірлесе отырып, біз ХХІ –ғасыр көшбасшысы атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
ІІ – жүргізуші: Ең алдыменен сіздерге осы ойында әділ бағасын беретін, әділ қазылар алқасымен таныстырайық.
І – жүргізуші: Бақ пен бап сыналар бұл жарыста қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қонғайсың демекпіз. Ал, жас қырандар «Бәйге» турын бастаймыз.
ІІ – жүргізуші: Берілген түрлі анықтамалардың шешімін шапшаң жауап берген топқа 2 ұпайға ие болады.
Артқа
І. «Бәйге»
- Аталған байттар тізбегі Файл
- Компьютер жанындағы өсімдік Кактус
- Алғаш есептеу құрылғысы Саусақтар
- Компьютердің негізгі құрылғыларын ата
Процессор, монитор, пернетақта, тышқан
- Компьютердің ең басты бөлігі (миы) Процессор
- Пернетақта қандай құрылғы?
Ақпарат енгізу құрылғысы
- Баспаға шығару құрылғысын қалай атайды?
Принтер
- Операциялық жүйе дегеніміз не?
Басқарушы және қолданбалы бағдарлама
- Информатика қандай ғылым?
Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым
- Ақпараттың неше түрі бар?
Мәтіндік, графикалық және символдық
- Желіге қосылу үшін қажет құрылғы Модем
- Графикалық ақпаратты компьютерге өткізетін құрылғы Сканер
- Монитор қандай құрылғы? Компьютердегі ақпаратты бейнелейтін құрылғы
- Компьютер дегеніміз не? Ақпараттық процестерді өңдейтін құрылғы
І – жүргізуші: Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
ІІ – жүргізуші: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте — деп Қ. Мырзалиев ағамыз айтқандай жас өркендеріңнің тіл білімін тамашалайық.
І – жүргізуші: Демек, келесі сайысымыз «Полиглот» деп аталады.
ІІ – жүргізуші: Сендерге жұмбақталып жасырын сөз оқылады.
І – жүргізуші: Жасырын сөзді тауып, қазақ, орыс және ағылшын тілінде айтқан топқа 20 ұпай (ал, екі тілді айтса 10 ұпай) беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаңыздар.
Артқа.
ІІ. «Полиглот»
- Аса қажет өмірге халық үшін,
пайдаланам күн сайын жарық үшін
(тоқ, ток, еnergy немесе current)
- Мәліметті сұраған
экранға шығарған
(монитор, монитор, monitor)
- Батырмасын басасың,
қажетті файылды ашасың
(тышқан, мышь, mouse)
- Қабат — қабат қаптама,
ақылың болса аттама
(кітап, книга, book)
- Бар жоғын білмейсің,
онсыз өмір сүрмейсің
(ауа, воздух, air)
- Тетігін бассаң алаңсыз,
жазады қалам, қағазсыз
(компьютер, компьютер, computer)
- Жіпке ілдім мен өзім,
кіп-кішкентай күн көзін
(шам, лампочка, lamp)
- Суға салсаң батпайды,
отқа салсай жанбайды
(мұз, лед, ice)
- Жоқ өзінде баста, қаста, мойында,
ұзындығы жазулы тұр бойында
(сызғыш, линейка, ruler)
10.Сұлудың сұлуы,
бойында жоқ жылуы
(ай, луна, moon)
І – жүргізуші: Демек, келесі «Ғажайып үштік» кезеңі. Ұпайы аз топ бағанадағы санды таңдайды. Мысалы ортадағы 20 санын таңдап жауап берсе, сол ұпайды алады.
ІІ – жүргізуші: Егер жауап бере алмаса келесі топқа жауап беруге мүмкіндік беріледі.
ІІІ. «Ғажайып үштік»
(20)
- Файылды сақтау командасы (Файл сохранить)
- Paint бағдарламасында неше құрал бар (16)
- Paint бағдарламасының бояу тақтасы қалай аталады? (түстер политрасы)
(30)
- Пернетақта неше бөліктен тұрады? (3 бөлік: функционалдық, символдық, сандық және меңзер )
- 1 байтта неше бит бар? (8)
- 1 гб – та неше байтт бар? (1024)
(40)
- Адаммен компьютер арасындағы ара қашықтық (60-70см)
- Файл аты неше бөлікке бөлінеді? (оң және сол: фийыл типі және файл аты)
- Қазіргі таңда кеңінен қолданылатын операциялық жүйе (Windows XP)
І – жүргізуші: Айналайын алға ұмтылған Дарындылар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар!
Бізден қйын жағдайларды сұраңдар!
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар !
ІІ – жүргізуші: Мен сенемін алға шыққан тақырларға!
Келесі аялдама аталады «Тапқырлық»
Ақтау мен даттауды саған бердік, соны ұқ!
- «Қиял әлем»
І – жүргізуші: Топтарға тақырып беріледі, тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме қарастыру керек.
ІІ – жүргізуші: Бұл сайысты бағалау әділқазылар шешуімен бағаланады. (максимум 10 ұпай.)
- Компьютердің пайдасы.
- Компьютердің зияны.
І – жүргізуші: Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста қажет екен,
ІІ – жүргізуші: Жорға, жорға, жорғала,
Шапшаңдыққа таң қалма.
Ойын деген арпалыс
Жеңілемін деп ойлама
І – жүргізуші: Сұрақтарға шапшаң жауап беру керек (әр сұрақ 2 ұпай). Нұсқаны таңдау ұпайы аз топ еркіндігінде.
- «Жорға»
(А) вариант
- Windows операциялық жүйесінде терезе неше бөліктен тұрады? (4)
- Видеоклиптік файылдың кеңейтілуі (avi)
- Жүйелік блок, монитор, пернетақта құрылғылардың қандай бөлігіне жатады? (негізгі)
- Папка құру командасы (создать папку)
- Өшірілген файлдар орналасатын орын (корзина)
- Функционалдық пернелер саны қанша? (12)
- Үшінші буын машиналары нелерден тұрады? (интегралды схема)
- Баспаға шығару құрылғысы (Пернетақта)
- Компьютердің көзі (Монитор)\
- Компьютердің миы (процессор)
(Б) вариант
- Компьютердің құрылғылары нешеге бөлінеді? (2: негізгі және қосымша)
- Maicrosoft Word файылының кеңейтілуі (doc)
- Принтер, сканер, модем құрылғылардың қай бөлігіне жатады? (қосымша)
- Ярлык құру командасы (создать ярлык)
- Файлды баска атпен қайта сақтау командыса (файл сохранить как)
- Екінші буын машиналары неден тұрады? (өткізгіш транзистр)
- Құжатты баспаға жіберу командасы (файл печать)
- Мәтіналғы құрылғысы (сканер)
- Компьютердің қолы (пернетақта)
- Компьютердің тілі (колонка)