Монитор. Пернетақта. Маус
Сабақтың тақырыбы: Монитор. Пернетақта. Маус.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларды компьютердің сыртқы құрылғыларымен таныстыру, енгізу-шығару құрылғыларын жалпы шолу, дербес компьютернің шығару құрылғысы монитормен таныстыру, пернетақтаның арналуы және таратылуымен таныстыру, әр түрлі алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуді көрсету, пернетақтамен істеу әдістерімен таныстыру,
тәрбиелік: оқушыларды саналыққа , ұқыптылыққа,
компьютерлік техниканы дұрыс пайдалана
білуге тәрбиелеу;
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
- Бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?
- «Марк-1» машинасы қандай элементтерден жасалды?
- Бұрынғы Кеңестер Одағындағы бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?
- ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?
- Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығару құрылғысы. Бұл жалғыз емес, бірақ негізгі шығару құрылғысы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидардан аумайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп атайды.
Дисплей – компьютердің «тілі». Ол дисплей көмегімен өзінің жұмысы туралы барлық қажет ақпаратты беріп отырады.
Дисплей электронды-сәулелік түтікшеден, қоректендіру блогынан және сәулені басқарушы электрондық блоктан тұрады.
Пиксель – монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) қызыл, жасыл, көк.
Қазіргі дисплейлердің басты бөлігі электронды-сәулелік түтікше (ЭСТ) болып табылады.
ЭСТ – іші люминоформен қапталған, тік төртбұрышты экраны бар, енсіз шыны цилиндр. ЭСТ ішіндегі арнайы конструкция – электрондық зеңбірек экранда кескін шығу үшін, электрондар ағынын шығарып, оны өте жоғары жылдамдыққа дейін үдетеді.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды.Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады.
Пернетақта бірнеше блоктарға бөлінеді:
- Символдық пернелер
- Фукционалдық пернелер
- Нұсқаушы немесе меңзерді басқару пернелері
- Цифрлық пернелер
Символдықпернелер, олар пернетақтаның ортасында орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады.
Функционалдықпернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1, F2, …, F12) әрпімен белгіленген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады.
Нұсқаушы немесе меңзерді басқару пернелері. Меңзер дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді.Бұл пернелер символық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелкалар) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады.
Осы айтылған бөлектерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олар:
Backspace пернесінің көмегімен меңзердің сол жағындағы символды өшіруге болады.
Delete — пернесінің көмегімен меңзердің сол жағындағы символды өшіруге болады
Бос орын — пернесінің көмегімен меңзердің сол жағындағы символды өшіруге болады
Shift пернесі кіші әріптерді баспа (үлкен) әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылады. Бас әріптерді енгізу үшін Shift пернесін басып тұрып, одан соң символдық пернелерді басады да, қажетті әріптерді тереді.
Caps Lock егер бұл пернені бір рет басса (үлкен) әріптер енгізіледі, тағы бір рет басса кіші әріптер енгізіледі.
Enter немесе енгізу пернесі. Бұл ең басты перне, оны басу әдетте белгілі бір әрекеттің, операцияның аяқталғанын, компьютер енді бұл әрекеттерді өңдеуі керек екенін көрсетеді. Команда символдық пернелердің көмегімен енгізілгенде, ол алдымен пернеақтаның жадында салқталады да, компьютерге сендер Enter пернесін басқаннан кейін жетеді.
Num Lock пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады. Егер Num Lock пернесін бір рет басса, онда пернелерде көрсетілген цифрлар енгізіледі. Ал оны тағы бір рет басса, онда бұл пернелер меңзерді экранда жылжыту бағытын басқарады (пернелердегі цифрлар орнына — бағдаршалар).
Қазіргі кездегі компьютерлер тағы да бір ақпараттарды енгізу құрылғысы – «Маус» (тінтуір) манипуляторымен жабдықталған.
Маус (тінтуір) – басқарушы ақпаратты енгізу құрылғысы. Қазіргі кездегі графикалық тілдесуі бар амалдық жүйелерді басқару үшін аса қажет құрылғы.
V Жаңа сабақты бекіту
- Тапсырма. Арнайы пернелердің қызмет кестесін толтыр.
№ | Перне аты | Перненің қызметі |
1. | Enter | |
2. | Num Lock | |
3. | Caps Lock | |
4. | Shift | |
5. | Backspace | |
6. | Delete | |
7. | Бос орын |
- Компьютерге отырып бір шумақ өлеңді теру
Ана тілі
Ана тілім – әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қазығы.
Ой-саламның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні.
Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,
Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!
Тілім барда ғана мынау ғаламның
Кілтін табар саналысы сезінем.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер.
(Төкен Әбдірахманова)
VІ Жаңа сабақты қорытындылау
- Монитор не үшін керек?
- Пернетақта қандай құрылғы?
- Пернетақта неше блоктан тұрады?
- Ең ұзын перне қалай аталады?
- Num Lock пернесінің қызметі?
- Enter пернесінің қызметі?
- Маус дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
VІІ Оқушы білімін бағалау
VІІ Үйге тапсырма беру
40-45 бет монитор, пернетақта, маус тақырыптарын оқу, пернелердің қызметтерін жаттау.
7 сыныптар №10______________________
Сабақтың тақырыбы: Сыртқы жад. Компакт-дискілер. Сканер.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға ақпаратты жазумен оқу, иілгіш және компакт-дискілер сияқты ақпарат тасушылар туралы түсінік беру. Дискжетек пен CD-ROM жұмыстарымен таныстыру
тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,
компьютерлік техниканы дұрыс пайдалана
білуге тәрбиелеу;
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
- Монитор не үшін керек?
- Пернетақта қандай құрылғы?
- Пернетақта неше блоктан тұрады?
- Ең ұзын перне қалай аталады?
- Num Lock пернесінің қызметі?
- Enter пернесінің қызметі?
- Маус дегеніміз не? Ол қандай қызмет атқарады?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Компьютерде жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл – бұл жадтағы орын, оған әдетте бірегей атай беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы жадында орналаса алады. Сыртқы жад – бұл, біріншіден, винчестер, ал екіншіден, иілгіш және компакт-диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу туралы айтпай тұрып, ақпарат тасушылар деген не екенін анықтауымыз керек.
Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы түрі бойынша не дискілік, не таспалы, жадтау принципі бойынша — магнитті-оптикалық, оптикалық болады. Соңғы уақытта ІВЬ типті Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш негізі болады. Оларға винчестерге (хард-диск) кіретін қатқыл магнитті дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-дискілерді жатқызуға болады.
Сыртқы жад – бұл компьютерді өшіргеннен кейін де енгізілген ақпаратты сақтайтын жад.
Компакт диск – бұл металдан қапталған оптикалық диск, оның салмағы небәрі 15 грамм және диаметрі 12 см. Оған шамамен 640 Мб ақпарат жазуға болады. Дискінің жұмыс бетін зақымданудан сақтайтын арнайы қабығы бар. Компакт-дискілер арнайы орауышта сақталады.
Сканер – бұл қағаздағы кескінді түсіріп алып, оны дисплей экранына шығаратын құрылғы.
Сканерлер бөлінеді:
|
|
|
|
|
Түптекпен жұмыс істеу түсі бойынша Құрылғының типі бойынша
VІ Жаңа сабақты қорытындылау
- Сыртқы жад дегеніміз не? Ол не үшін керек?
- Компакт-дискілердің қызметі?
- Сканер не үшін керек?
- Сканердің түрлерін атап беріңдер.
VІІ Оқушы білімін бағалау
VІІ Үйге тапсырма беру
47-52 бет конспект оқу