І тоқсандағы тест жұмысы 7 сыныптар
Сабақтың тақырыбы: І тоқсандағы тест жұмысы
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушылардың өткен сабақтар бойынша білімдерін тест арқылы тексеру,
тәрбиелік: оқушыларды шыншылдыққа ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
Компьютер дегеніміз не?
- Ақпараттық құралдар неден тұрады?
- Программалық құралдар ұғымына не енеді?
- Мәліметтер дегеніміз не?
- Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Тест сұрақтары
- «Информация» термині . . .
А) гректің «informatio» сөзінен шыққан мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;
Ә) француздық «informatio» сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді;
Б) латынның «informatio» сөзінен шыққан, мәлімет, түсіндіру, мазмұнын айту дегенді білдіреді .*
- Ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән . . .
А) информатика;*
Ә) информатиция;
Б) кибернетика;
- Бір байт неден тұрады . . .
А) 8 биттен;*
Ә) 4 биттен;
Б) 16 биттен;
- Ақпараттық процесс дегеніміз не?
А) ақпараттық процесстерді компьютер деп атаймыз;
Ә) телекоммуникациялық технология;
Б) ақпаратты сақтау, өңдеу, беру процесін АП деп атаймыз;*
- Адам ақпаратты қандай түрде қабылдайды?
А) 2 түрде қабылдайды бейнелі, таңдалы;*
Ә) 2 түрде сигнал арқылы таңба арқылы;
Б) 2 түрде бейнелі, алфавит арқылы;
- Бит дегеніміз?
А) ақпараттық процесс;
Ә) ақпараттық ең үлкен өлшем бірлігі;
Б) екілік алфавит 0 және 1;*
- Байт дегеніміз не?
А) ақпараттық процесс;
Ә) екілік алфавит 0 және 1;
Б) 8 биттен тұратын код;*
- Морзе әліппесінде қанша символ бар?
А) 2;*
Ә) 128;
Б) 4;
- Сигнал дегеніміз не?
А) ақпараттық процесс;
Ә) ақпарат тасушы;*
Б) екілік алфавит 0 және 1;
- Компьютер дегеніміз не?
А) ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсыну;
Ә) ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын негізгі құрал;*
Б) ақпараттық процесстерді компьютер деп атаймыз.
- Информатика пәні нені зерттейді?
А) ақпараттық процесстерді;*
Ә) компьютерді;
Б) мониторды.
- Операциялық жүйе дегеніміз не?
А) компьютердің жұмысын ұйымдастыратын программалар жүйесі;*
Ә) компьютердің миы;
Б) компьютердің тілі.
- Файл дегеніміз не?
А) бір типтегі байттар тізбегі;*
Ә) бір типтегі биттер тізбегі;
Б) нақты бір файлды көрсететін арнайы белгіше.
- Код дегеніміз не?
А) бір белгілі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесі;*
Ә) бір типтегі биттер тізбегі;
Б) ақпаратты кері кодтауды код деп атаймыз.
- Дербес компьютер дегеніміз не?
А) көп адамдарға арналған компьютер;
Ә) бір адамға арналған компьютер;*
Б) ең қуатты компьютерлер.
- Жүйелік блок дегеніміз не?
А) компьютердің миы;*
Ә) ақпаратты енгізуге арналған құрылғы;
Б) компьютердің тілі.
- Жапондықтар есепшотты не деп атаған?
А) серобян;*
Ә) абак;
Б) суан-пан.
- Компьютердің атасы кім?
А) Блез Паскаль;
Ә) Лейбниц Паскаль;
Б) Чарлз Бэббидж.*
- «Марк -1» машинасы қандай элементтерден жасалған?
А) электрондық лампалардан;
Ә) релелік және механикалық элементтерден;*
Б) перфокарталардан.
- Дүние жүзі бойынша бірінші программист:
А) Блез Паскаль;
Ә) Ада Лавлейс;
Б) Чарлз Бэббидж.
- Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?
А) бірінші буынға;
Ә) үшінші буынға;
Б) төртінші буынға.
V Үйге тапсырма беру
VІ Білімін бағалау кезеңі