Таңбашалар
Сабақтың тақырыбы: Таңбашалар
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға «файлдар», «таңбашалар» ұғымдарымен және қапшықтың құрылымы мен объектілер, таңбашалар жасау ережелерімен таныстыру.
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: тарих, физика
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
- Жаңа қапшықты қалай құруға болады?
- Қапшық дегеніміз не?
- Жаңа қапшық құрудың қанша тәсілі бар?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Таңбаша – бұл бағдарламаларды іске қосу немесе файлды ашу қасиеті бар пиктограмма, объектінің тамғасы, компьютер үшін объектіге жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жұмыс үстеліндегі немесе терезедегі жай белгіше, ол Windowsxp-дегі қандай да бір объектіге: файлға, дискіге, компьютерге, принтерге т.б. сәйкес келеді.
Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Сондықтан оны жойғанда файлдар жойылмайды.
Таңбашада мауспен екі рет шерту, файлға немесе қапшықтың белгішесіне екі рет шерту әсерімен бірдей (бағдарлама іске қосылады, құжат немесе қапшық ашылады және т.б.)
Ағымдағы терезеде таңбаша құру
- Ағымдағы терезеде таңбашаларды Файл – Создать – Ярлык, Файл – Создать ярлык немесе контексті менюдің Создать – Ярлык командасының көмегімен жасауға болады.
- Таңбашаны жасағаннан кейін оны қажетті орынға орналастыруға болады.
- Ол үшін таңбаша құрылатын объектіні іздеуді таңбаша жасау процесін іске қосқаннан соң жүргізуге болады немесе алдымен объектіні тауы алып, содан кейін таңбашаны құруды бастауға болады.
Жұмыс үстелінде таңбаша құру
- Жұмыс үстелінің бос жерінде меңзерді орналастырып, маустың оң жақ батырмасын басса, контесті меню пайда болады.
- Создать – Ярлык опциясын таңдағанда, «Создание ярлыка» («Таңбашаны құру») диалог терезесі пайда болады.
- «Шолу» (Обзор) батырмасын басу, «Шолу» диалог терезесін ашады. Файлдармен қапшықтар арасынан объект табу.
- «Ашу» батырмасын басу арқылы «Таңбаша жасау терезесі» ашылады. Онда, файлдарға жол толық көрсетілген.
- «Далее» (Одан әрі) батырмасын басу – «Таңбашаның атын таңдау» (Выбор названия ярлыка) диалог терезесін ашады.
Мұнда объектінің жүйелік атын өзгертуге болады.
- «Дайын» (Готово) батырмасын басу – Жұмыс үстелінде жаңа таңбаша пайда болады.
Таңбашаға жылдам шақыру пернесін тағайындау
- Қажетті таңбашада маустың оң жақ батырмасын басып, «Қасиеттері: таңбашаның аты» диалог терезесін ашады. «Таңбаша» (Ярлык) қосымшасын ашу.
- Сочетание клавиш енгізу өрісінде меңзерді жылжыту (пернелер тағайындалмай тұрып, енгізу өрісінде «Нет» жазуы көрінеді).
- Пернені таңдап, оны басу. Сочетание клавиш енгізу өрісінде Ctrl + Alt + таңдалған перненің символы бейнеленеді.
- Пернелердің үйлесуін пайдалану таңбашаға мауспен баспай-ақ, бағдарламаны шақыруға мүмкіндік береді. Пернелер үйлесуі (нақты соңғы таңдалатын символ) бірегей болуы керек.
Тапсырма
Таңбаша жасаудың екі тәсілін сипатта.
1-тәсіл | 2-тәсіл |
1. | 1.
|
2. | 2.
|
3. | 3.
|
V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
- Таңбаша дегеніміз не?
- Таңбаша белгішесін басқа белгішеден айырмашылығы қандай?
- Таңбашаны екі рет шерткен кезде не болады?
- Егер файлдың таңбашасын жойса, не болады?
- Таңбашаның негізгі арналуы (қызметі) қандай?
VІ Жаңа сабақты қорыту
VІ Оқушы білімін бағалау
VІ Үйге тапсырма беру
109-110 бет оқу