WordPad мәтіндік редакторында жұмыс
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторында жұмыс
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс жасауды үйрету, түсінік беру
тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, қарапайымдылыққа тәрбиелеу
дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы: орыс тілі, шет тілі
Сабақтың көрнекілігі: кесте, оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
- Үзінді дегеніміз не?
- Үзіндіні көшіру, жылжыту үшін қандай командаларды орындаймыз?
- Үзіндіні бұру үшін қандай командаларды орындаймыз?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
WordPad қосымшасында құжатты әзерлеу үшін келесі негізгі кезеңдерді орындау қажет:
- Қаріпті және оның мөлшерін таңдау.
- Мәтін енгізу және редакциялау.
- Мәтінді форматтау.
- Құжатты сақтау және ашу.
- Құжаттарды баспаға беру.
Осы кезеңдерге егжей-тегжейлі қарастыралық.
Мәтінмен жұмыс істеу кезінде символдардың сызылымын таңдауға болады, яғни жартылай қалын, курсив, астын сызу, сондай-ақ беттін шеттерінде қатысты мәтінге туралауды қолдану. Бұл мәтінді түрлендіру процесі мәтінді форматтау деп аталады.
Мәтінді теңестіру үшін аспаптар тақтасындағы сол жақ шеті бойынша, оң жақ бойынша, ортасы бойынша туралау батырмалары қолданылады. Бұл командалары туралау өрісіндегі Формат – Абзац мәзірінде таңдауға болады.
WordPad-та құжат құру үшін, төмендегі негізгі сатыларын орындау керек.
- Қаріп және оның өлшемін таңдау.
- Мәтінді енгізу және редакциялау.
- Мәтінді пішімдеу.
- Құжатты сақтау және ашу.
- Баспаға шығару.
Осы әрекеттерді ретімен қарастырайық.
Ең алдымен қаріпті және оның өлшемін таңдау керек.
Әдетте программа іске қосылған кезде үнсіз келісім бойынша, яғни автоматты түрде орысша және ағылшынша әріптерімен мәтінді енгізу үшін Times New Roman қарпі орнатылады. Олардың қажеттісін таңдап алу үшін, пернетақтаның индикаторындағы Ru немесе En батырмаларының бірінде шерту керек.
Мәтінді қазақ тілінде енгізу үшін құрал-саймандар тақтасында Шрифт батырмасын шертіп, Times/Kazakh қарпін таңдап және пернетақта индикаторында Kz батырмасында шерту керек.
Сонан кейін, айналдыру батырмасында шертіп, Размер Шрифта (Қаріп өлшемі) батырмасының созылған менюін ашыңдар да, қаріптің қажетті өлшемін таңдаңдар. Ең дұрысы 14-өлшемдегі қаріпті пайдалану.
Қаріпті, өлшемді және әлпетті қатар өзгерту үшін Формат – Шрифт (Пішім – Қаріп) командасын орындаңдар. Сонда экранда Қаріп диалогтық терезесі шығады, одан қажетті параметрлерді таңдауға болады.
Мәтінді енгізу және редакциялау.
Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады. <Enter>пернесін тек абзац соңында немесе мәтінді бос жол жасау үшін басады. Бас әріпті теру үшін <Shift>пернесін басып тұрып, қажетті әріпті теру керек. Жолды түгел бас әріппен теру үшін,<Caps Lock> пернесін басып қойыңдар, ал кіші әріпке көшу үшін, оны екінші рет басыңдар.
Егер сендер керек емес әріпті теріп қойсаңдар, онда <Backspace>пернесін пайдаланып қате әріпті немесе символды жоюларыңа болады. Оң жақ символды жою үшін <Delete> пернесін пайдаланамыз.
Мәтінді пішімдеу.
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, сызылған түрін таңдауға болады, сонымен қатар мәтінді беттердің шеттері бойынша туралауды қолдануға болады. Мұндай мәтінді өзгерту процесі мәтінді пішімдеу деп аталады.
Мәтінді пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу тақтасындағы жартылай қалың, курсив, сызылған батырмаларын қолдану болып табылады.
Мәтінді туралау үшін Туралау құралдар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша туралау батырмалары қолданылады.
V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
- WordPad бағдарламасының мүмкіндіктері?
- Мәтінді форматтау деп қалай түсінесіз?
- Мәтіндерді туралау үшін қандай командаларды орындаймыз?
VІ Сабақты қорыту
VІІ Үйге тапсырма
VІІІ Оқушы білімін бағалау