WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға WordPad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері туралы түсінік беру, құрал-саймандар тақтасымен таныстыру;
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы:
Сабақтың көрнекілігі: оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Оқушы білімін тексеру
- WordPad программасын қалай іске қосамыз?
- WordPad қандай редактор?
- WordPad программасының терезе элементтерін атаңдар.
- Құрал-саймандар тақтасы не үшін керек?
- Пішімдеу тақтасы не үшін керек?
ІІІ Мақсат қою арқылы тексеру
ІV Жаңа материалды түсіндіру
WordPad мәтіндік редакторының батырмалары
WordPad программасында екі меңзер болады: кірістіру нүктесі және
І-меңзері.
Кірістіру нүктесі – өшіп-жанып тұратын тік сызықша. Ол мәтінді енгізгенде қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
І-меңзері – терезенің жұмыс аймағында маус нұсқағышы латынның
І әрпі түрінде болады.
V Оқушылардың жаңа сабақтан түсінгенін тексеру
- WordPad –та қанша меңзер бар?
- WordPad қандай редактор?
- WordPad программасының құрал-саймандар тақтасындағы батырмалары атап беріңдер.
- WordPad программасында қанша батырма бар?
VІ Жаңа материалды бекіту
VІІ Үйге тапсырма беру
VІІІ Оқушы білімін бағалау