Электронды пошта деген не?
Сабақтың тақырыбы: Электронды пошта деген не?
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға желілік қорды қалай ашатыны туралы түсінік беру, үйрету;
тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
дамытушылық: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың байланысы:
Сабақтың көрнекілігі: оқулық
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Оқушы білімін тексеру
- Компьютерлік желі дегеніміз не?
- Желілік қорды қалай ашамыз?
ІІІ Мақсат қою арқылы тексеру
ІІІ Жаңа материалды түсіндіру
Электрондық хабар немесе файл түріндегі хатты, жергілікті желі арқылы да, дүниежүзілік желі арқылы да жіберуге болады. Жергілікті желі бойынша жібергенде ОЖ-ның құрамдас құралдары немесе қызметтер пайдаланылады, ал дүниежүзілік желі бойынша жібергенде арнайы бағдарламалық жабдықтамалар және белгілі электрондық хабарламамен жұмыс істеу ережелері қолданылады, сонымен қатар қосымша аппараттық жабдықтама – модем қажет болады.
Кез келген электрондық хабар (хат) тақырыптық бөлімімен денесінен құралуы керек. Хаттың тақырыптық бөлігінде пайдаланушының, жіберушінің адресі, жіберу уақыты, хат тақырыбы, оның маңыздылығының дәрежесі міндетті түрде көрсетілуі керек. Хаттың денесінде, мәтіннің өзінен басқа, жіберушінің қолы қойылады.
Электрондық хабарлармен алмасу әдеттегі поштадан әлдеқайда ыңғайлы, өйткені ол сенімді, арзан және уақытты үнемдейді.
Электрондық хабарларды дайындау үшін арнай бағдарламалық құралдар, өзгеше мәтіндік редакторлар қолданылады. Хабарларды жіберуді әдетте басқа бағдарламалар орындайды. Мұның бәрі қандай компьютерлік желіні қолданылуымен байланысты.
Электрондық пошта – бұл желіні пайдаланушылар арасында ақпаратты жіберу мен сақтау жүйесі; компьютердің көмегімен кез келген түрдегі хабарларды немесе баспасөз хабарларын беру.
Электронды поштамен жұмыс істегенде Off Line режімін пайдаланады.
Off Line бұл пайдаланушы онда Хост – машинамен байланыса алатын, поштаны және жаңалықтарды десте түрінде жіберіп ала алатын жұмыс режімі. Off Line режімінде пайдаланушының қосылуы оның өзін тіркеу де (пароль мен электрондық адрес берілуі) және сәйкес бағдарламалық жабдықтама орнату.
Электрондық пошта — бұл қазіргі тез, сенімді және үнемді абоненттер арасында құпия сақтау кепілдігімен ақпараттар алмасу құралдарының бірі болып саналады. Электрондық пошта жұмысының принциптері мынадай: Хост-машинаға қосылған әрбір абонентке (Интернеттің қандай да бір желіге кіретін машинасына және ол абонентке қызмет көрсететін провайдерге жататын) электрондық адрес және қатқыл дискіде орын – электрондық пошталық «жәшік» беріледі, оған қатынау пайдаланушының паролімен бұғатталады.
Электрондық адрес пайдаланушының желідегі орнын анықтау үшін қолданылады. Хост-машиналары хаттармен алмасуды автоматты режімде орындайды. Хост-машиналармен байланысуарқылы пайдаланушылар пошта алады, бұл кезде пайдаланушының компьютерінің қосылып тұруы міндетті емес. Электрондық поштаның көмегімен мәтіндік, графикалық ақпараттарды, кез келген көлемдегі файлдарды жіберуге болады. Шектеулер тек хост-машинамен пошта алмасу кезінде ғана қойылуы мүмкін. Бірақ отандық телефон желілері айтарлықтай шуыл дәрежесімен айырмашылықты болғандықтан, ақпаратпен алмасудың нақты жылдамдығы 28000 бит/сек аспайды, сондықтан 300 К-дан артық хабар жіберудің қажеті жоқ.
І V Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
- Электроныдқ пошта дегеніміз не?
- Электроныдқ пошта арқылы не жіберуге болады?
- Пошталық сервер деген не?
- Электрондық пошта мен кәдімгі поштаның ұқсастығы және айырмашылығы неде?
V Сабақты қорыту
VІ Үйге тапсырма
VІІІ Оқушы білімін бағалау