Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.

 

 

Сабақтың тақырыбы:

 

Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.

 

Сабақтың мақсаты:Білімділік:Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәләмет беру, құжаттың  құрылымы мен редактордың  терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа  дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға  үйрету.

 

Дамытушылық:Логикалық ойлауын, таңымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту, дүниетанымын кеңейту, компьютерлік сауаттылығын арттыру.

 

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету.

 

Сабақтың көрнекілігі:Компьютерлер, слайд, интерактивті тақта,Word Pad бағдарламасы, кеспе қағаздар, бағалау үшін қаршалар, үлестірмелі материалдар, paint бағдарламасында дайындалған оқушылардың жұмысы.

 

Сабақтың әдісі:Көрсете түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс, деңгейтік тапсырмалар, венн диаграммасы, ойын элементтері.

 

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы.

 

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

 

Пәнаралық байланыс:Қазақ тілі, бейнелеу.

 

Сабақтың барысы:           

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Практикалық жұмыс

Ү. Жаңа сабақты бекіту:

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау

ҮІІ. Үй тапсырмасы

ҮІІІ. Бағалау

 

 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
  4. Қауіпсіздік ережесі дәптерін толтырту.
  5. Сабақ барысында дұрыс жауап берген, тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушыларға қаршалар беріліп,сабақ соңында жинаған қаршаларының санына қарай бағаланатындығы туралы айту.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Кім тапқыр» ойыны ойнатылып, әр-бір дұрыс жауапқа қарша беріледі.

 

 

 

Ақпарат және компьютер бөлімінің сұрақтары:

  1. «Ақпарат» сөзі латынның қай сөзінен аударылған?
  2. Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңыз.
  3. Компьютер құрылғыларының қайсысы негізгі және қайсысы қосалқы құрылғыларға жататынып атап беріңіз.

 

 

 

 

 

Ақпарат және компьютер бөлімінің жауаптары:

  1. Латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарын білдіретін information сөзінен шыққан.
  2. Бит, Байт, Килобайт, Мегабайт, Гигабайт, Терабайт, Петабайт, Ексабайт, Зеттабайт, Йоттабайт.
  3. Компьютердің негізгі құрылғылары: жүйелік блок, монитор, пернетақта және компьютердің қосалқы құрылғылары: тышқан, колонкалар, принтер, сканер, т.б.

 

Компьютер құрылғылары бөлімінің сұрақтары:

  1. Пернетақта пернелері неше топқа бөлінеді?
  2. Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғыларды атаңыз.
  3. Компьютер жадының түрлері.

 

Компьютер құрылғылары бөлімінің жауаптары:

  1. Пернетақта пернелері бес топқа бөлінеді:
    • Символдық пернелер;
    • Функционал пернелер;
    • Меңзерді басқару пернелері;
    • Сандық пернелер;
    • Арнайы көмекші пернелер.
  2. Тінтуір, джойстик, микрофон, сканер.
  3. Ішкі жады: Жедел жад, тұрақты жад, кэш-жады;

Сыртқы жады: иілгіш диск, оптикалық диск, флеш-жадтары.

 

Қарапайым графикалық редактор бөлімінің сұрақтары:

  1. «Paint» бағдарламасының ашылу жолы?
  2. «Paint» бағдарламасының құрал-саймандар тақтасында қанша құрал және түстер палитрасында қанша түс бар?
  3. Берілген суретті 90º-қа бұру үшін қандай команда орындалады?

 

Қарапайым графикалық редактор бөлімінің жауаптары:

  1. Пуск àВсе программыàСтандартныеàPaint.
  2. 16 құрал және 28 түс бар.
  3. Рисунок àОтразить/ПовернутьàПовернуть на уголà90º àОК.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы:       Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.

Сабақтың мақсаты:          Word Pad мәтіндік редакторы туралы мәләмет беру, құжаттың  құрылымы мен редактордың  терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа  дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға және сақтауға  үйрету.

 

Оқушылардың редактормен қаншалықты таныс екенін зерттеу мақсатында редактордың іске қосылу жолы, терезе элементтері, құрал саймандардың қолданылу мақсаттары және құжатты сақтау жолы алдымен оқушылардан сұралады.

 

 

Word Pad мәтіндік редакторыПуск à

Все программыà

Стандартныеà

Word Pad- командасы арқылы іске қосылады. Word Pad бағдарлама-сының ашылу жолы интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Ашылған редактор терезесінен терезе элементтері көрсетемін.

Терезе элементтері:

  • Тақырып жолы;
  • Меню жолы;
  • Құрал–саймандар және пішімдеу тақтасы;
  • Сызғыш;
  • Абзац шегінісі маркері;
  • Меңзер немесе енгізу нүктесі;
  • Жұмыс аймағы.

 

 

 

 

Құрылған құжатты сақтау үшін WordPad à Сохранить как…à Сохранить –командасы орын-далады. WordPad à Сохранить как… командасынан кейін ашылған диалогтік терезеде құжатты қай жерге және қандай атпен сақтайтынымызды көрсетіп Сохранить батырмасын басу арқылы сақтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Word Pad мәтіндік редакторында жұмысты аяқтаған соң редактордан шығу жолы:  Пуск àВыход командасы орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ. Практикалық жұмыс.

Практикалық жұмысқа алдын ала А4 форматында дайындалған деңгейлік тапсырмалары бар қағаздар үлестіріледі. Тапсырмалар шарты бойынша берілген мәтінді  WordPad мәтіндік редакторында теріп, мәтіннің күйін өзгертулері қажет.Оқушыларға әр-бір тапсырмаларды орындағаны сайын қаршалар беріліп отырады.

 

ҚЫС.

Қаркөпжауып, нағызқысболды. Күнқысқарып, түнұзарғанкез. Күнніңкөзікөрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлдімұзқаптап, қалыңқарданшөптің басы көрінбейді. Қыскүніаязкүштіболып, үскірікборандар да аз емес. Адамдарсуықтанқорғаныпүйсалып, жылыкиімкиіп, үйлеріне от жаққан.

 

Тапсырма №1

Мәтінді  WordPad мәтіндік редакторында теріңдер.

 

Тапсырма №2

Мәтін тақырыбын жартылай қалыңдатып, мәтіннің түсін өзгертіңдер.

 

Тапсырма №3

Мәтін тақырыбын бас әріппен, ортасы бойынша туралап және қаріп өлшемі 18,ал мәтінді екі жақ шеті бойынша туралап, қаріп өлшемі 14 болатындай етіптүзетіңдер. Мәтінді «Қыс» тақырыбымен сақтаңдар.

 

{Оқушылар практикалық тапсырмаларды орындау кезінде «Оқушылардың Pain бағдарламасында салған суреттері:» тақырыбында шағын слайд-шоу көрмесіөткізіледі}

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту: «Футбол» ойыны:

 

Ойынның сұрақтары:

  • WordPad бағдарламасын іске қосу жолы?
  • Құжаттысақтаужолы?
  • Мәтінтүсінөзгертукомандасықайжолдаорналасқан?
  • Қаріптіөзгертукомандасықайжолдаорналасқан?
  • WordPadбағдарламасындағынегізгіэлементтер
  • WordPadбағдарламасынжабудыңнешежолы бар?

(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада футбол қақпасы және 6 доп беріледі. Әр допта WordPad бағдарламасына сәйкес сұрақтар беріледі. Оқушы қалаған добын таңдайды және сұраққа жауап береді.)

 

ҮІ. Жаңа сабақты қорытындылау:

«Венн» диаграммасы:

Оқушыларға «Венн» диаграммасы бар қағаздар үлестіріліп, Paint және WordPad бағдарламаларының ұқсастықтарын жазу тапсырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҮІІ. Үй тапсырмасы:

  1. Қарапайым мәтіндік редактор. Редактор интерфейсі.
  2. Үйден «Менің елім – Қазақстан» тақырыбында шағын шығарма жазып келу. (Шығарманы келесі сабақта компьютерге енгізіп, мәтінмен жұмыс жасалады.)

 

ҮІІІ. Бағалау.