Қайталау операторы
Тақырыбы: Қайталау операторы
Жаңа сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың оператор дегеніміз не екенін, оның нешеге бөлінетінін еске түсіру. Қайталау операторы туралы түсіндіру. Тапсырмаларды орныдау барысында орындалатын әрекеттер тізбегі ретінде оператор түсінігін беру.
- Дамытушылық: Оқушыларды қайталау операторларын есепте пайдалануға үйрету. Оқушылардың пәнге қызығушылығын әр түрлі тапсырмалар арқылы дамыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
- Тәрбиелілік: Оқушыларды мәдениетке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру, практикамен байланыстыру.
Пәнаралық байланыс: математика
Қолданатын көрнекіліктер: Видеопроектр, компьютер құрылғылары,
бағалау парағы.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар: Оқушылар білуі тиіс: Қайталау операторының анықтамасын, операторлардың жазылуын, берілген тапсырмалардың программасын құруды.
Сабақтың барысы:
- 1-кезең. Берілген үй тапсырмасын №9(а) есепті компьютерден тексеру, «Бой сергіту» сұрақтары арқылы үй тапсырмасын бекіту.
- 2-кезең. Жаңа тақырыпты оқушыларға презентациялық көрсетілім арқылы түсіндіріп өту. Қайталау операторлары туралы түсінік беру, оны программа барысында қолдануға үйрету.
- 3-кезең. Тақырыпты бекіту мақсатында оқушылардан тест сұрақтары бойынша жауап алу, тексеру.
- 4-кезең. Бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.Үйге тапсырмасын беру.
1-кезең. №9(а)есеп.
Program esep9;
Var x,y:real;
Begin
Write(‘x енгіз:’);
Readln(x);
If (-2<=x) and (x<=2) then y:=sqr(x)
Else y:=4;
Writeln(‘y=’,y);
End.
«Бой сергіту» сұрақтары:
- Паскаль тілін қай жылы және кім ұсынды?
- Паскаль тілінде оператор дегеніміз не?
- Паскаль тілінде программаның үш бөлімі.
- Begin, End түйінді сөздерін не деп атаймыз?
- Оператор қандай топтарға бөлінеді?
- Паскаль тілінде шартты, шартсыз, цикл операторлары қандай операторлар деп аталады?
- GoTo операторы қандай оператор?
- Турбо Паскальдағы екі шартты операторды ата?
- CASE қандай операторға жатады?
- Программада есептің дұрыстығын тексеру үшін қанадай клавиашаны қолданамыз?
- Программада есепке мән беру үшін қандай клавишаны қолданамыз?
- If, Then, Else операторының аудармасы.
- Программада есептің нәтижесін көру үшін қандай клавишаны қолданамыз?
- Var бөлімін есепте не деп атаймыз?
2-кезең. Жаңа сабақ мазмұны.
Цикл операторлары
while..do repeat..until for..to..do
While..do операторы.
While (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше)
Do (оқылуы: ду, аударылуы: орындау)
Жазылу пішімі:
WHILE <қайталану шарты> DO <цикл тұлғасы>
<қайталану шарты>-логикалық өрнек
<цикл тұлғасы>-қайталанатын операторлар.
Орындалуы:
WHILE <шарт> DO
BEGIN
<1-оператор>;
<2-оператор>;
…..
<n-оператор>;
END.
For..to..do операторы.
FOR (оқылуы: фо, аударылуы: үшін)
To (оқылуы: ту, аударылуы: дейін)
Do (оқылуы: ду, аударылуы: орындау)
Жазылу пішімі:
For <айнымалы> := <S1> To <S2> Do <оператор>
S1,S2 – цикл параметрінің алғашқы және соңғы
мәндерін анықтайтын өрнектер.
For, to, do – цикл тақырыбын анықтайтын түйінді сөздер
<оператор> — цикл тұлғасы.
Орындалуы:
FOR k:=1 TO 100 DO read(M[k]);
Repeat..until операторы.
Repeat (оқылуы: рипит, аударылуы: қайталау)
Until (оқылуы: антил, аударылуы: дейін, шейін)
Жазылу пішімі:
Repeat <қайталану шарты> Until <цикл тұлғасы>
<қайталану шарты>-логикалық өрнек
<цикл тұлғасы>-қайталанатын операторлар.
Орындалуы:
REPEAT
<оператор-1>;
<оператор-2>;
…..
<оператор-n >;
UNTIL <ШАРТ>
3-кезең. Жаңа сабақты бекіту тест сұрақтары.
- Цикл операторлары:
А) if, case, for Ә) for, while, repeat
Б) goto, if, case В) read, write
- 2. Цикл операторларының арифметикалық циклі.
А) for Ә) while Б) repeat В) case
- WHILE операторының қызметі.
А) шартты соңынан тексереді Ә) дұрыс жауап жоқ
Б) шартты алдын-ала тексереді В) шартты тексермейді
- FOR операторын басқаша қалай атайды?
А) параметрлі Ә) тұрақты Б) өзгермелі В) дұрыс жауап жоқ
- Қайталау операторлары қай оператор түріне жатады?
А) қарапайым Ә) құрама Б) жай В) дұрыс жауап жоқ
- Турбо Паскальда қайталау операторларын басқаша қалай атайды?
А) таңдау Ә) шартты Б) цикл В) дұрыс жауап жоқ
- Қайталау саны алдын-ала белгілі болған кезде қандай операторды қолданамыз?
А) while Ә) repeat Б) for В) case
- Цикл операторларында қайталанатын бөлігін не деп атайды?
А) циклдің денесі Ә) циклдің басы
Б) циклдің соңы В) дұрыс жауап жоқ
4-кезең. Бағалау. Үй тапсырмасын беру.
Бағалау парағы.
Оқушының аты-жөні | Үйге тапсырма | Бекіту тест сұрақтары | Бағасы | |
№9 (а) есеп | Сұрақ | |||
15-14 – «5»
13-11 – «4»
10-7 – «3»
- 7 тақырып. Қайталау операторы.
№1, 100 бет.