Графикалық ақпарат туралы түсінік.

№17Сабақтың8- СЫНЫП.

05.02.09

Ітақырыбы:Графикалық ақпарат туралы түсінік.

 (1 сағ)

мақсаттары:1. Экранның нүктелік, пикселдік өлшемдері, растрлық, векторлық, фракталдық графика туралы түсініктер енгізу.

2. Графикалық ақпараттармен орындалатын амалдар, пж арқылы граф.ақпаратты өңдеудің бір түрімен таныстыру.

3. Эстетикалық тұрғыдан көркем өңдеу дағыдысын қалыптастыру.

көрнекілігі: Ms Pikture Manager редакторы.
түрі:Теориялық-практикалық сабақ.
ІІбарысы:

(3 мин)

 

 

 

 

 

(5 мин)

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІІҚысқаша сұрақ-жауап.

·         Ақпарат түрлері?

·         Мәтіндік ақпаратқа мысалдар келтіру,

·         Дыбыстық апқпаратқа мысалдар келтіру?

·         Кез-келген таңба компьютерде қалай кодталады?

·         Суреттер таңбаға жатпайды, олай болса оны қалай кодтайды?

 

IVЖаңа сабақ

Лекция

(10 мин)

1.  Графикалық режимде экран көлденеңінен және биіктік бойымен көптеген нүктелерге бөлінген. Жұмыс столының параметрін баптағанда біз ол өлшемдерді көргенбіз (жұмыс

стөлі →мауыс оң жақ кноп.→свойства →параметры  →разрешение экрана).

Мыс: 1024 на 768 нүкте т.б. Мұндағы 1024 экран ұзындығындағы нүктелер саны, 768 биіктігі бойынша нүктелер саны. Экранның тағы қандай өлшемдері бар?

Енді сурет компьютер экранында қалай шығады, соны қарастырайық.

Мұндағы 0-дер ақ, 1-лер қара түсті береді. 0-дер мен 1-лердің 2-лік  кестесін компьютерге енгізсек, ол оң жақтағы тік бүрышты үшбұрыш суретін экаранға шығарады. Бұл мысалда кішкентай үшбұрыш 1000 есе үлкейтіліп көрсетілген. Егер суреттің ұзындығы 800 биіктігі 600 және ақа-қара сурет болса оның көлемі 800*600=480000бит/8 = 60000байт/1024= 5806Кб немесе 5,8Мб болады. Ақ-қара суретте кескіннің бір нүктесі 1бит болады.

Түрлі-түсті суретте бір нүктені кодтау үшін 4бит қажет болады. 3-еуі нүктенің түсін (қызыл, жасыл, көк RGB) көрсету үшін. 3 түсті араластырып көптеген түстер алуға болады. Алдынғы мысалдағы суретіміз тұрлі-түсті болса оның көлемі 4 есе үлкен болады. 5,8Мб*4=23.2Мб.

2. Компьютерлік графика түрлері.

Растрлық графика деп суреттердің нүктелер н/е пиксельдер түрінде берілуін айтады. Базалық элементі нүкте. (103бет).

Векторлық графика деп сызық, доға, шеңбер, тікбұрыштар түріндегі геометриялық объектілер жинағынан тұратын суреттерді айтады. Базалық элементі сызық.

Фракталдық графика деп математикалық формулалардың графиктері түрінде берілетін суреттерді айтады. Базалық элементі математикалық формула. Мысалы y=ax2+bx+c формуласы параболаның суретін береді.

 

АтауыМысалАртықшылығыКемщілігі
Растрлық графикаТүзетуге, әдімелеуге, нүктелерді алып тастауға н/е қоюлатуға, әр нүкте түсін өзгертуге болады.Суретті созғанда (сыққанда) сапасы азайады
Векторлық графикаөзгерткенде сапасы жоғалмайды, көлемі растрлықтан мыңдаған есе кіші боладыСуретті нүктелермен кескіндегендей (фотосуреттей) дәл бере алмайды.
Фракталдық графикаКомпьютер жадында сурет емес, оның формуласы сақтаталытын-дықтан өте аз орын алады, жылдам атқарылады,Фотосуреттер мен көркем суреттерді айқын көрсете  алмайды.

 

 

VСынып жұмысы

(25 мин)

ПЖ. Ms Pikture Manager графиктік редакторын пайдаланып берілген суреттен жеке сурет қиып алу, оны өңдеу.

 

1.    Ms Pikture Manager программасын іске қосыңыз. пуск→все программы→Microsoft Office→средство Microsoft Office→ Ms Off Pikture Manager

2.    Керекті суретті «Мои рискунки» папкасынан таңдап алыңыз. Прдеставление одного рисунка  кнопкасын басыңыз.

3.    Жеке сурет қиып алыңыз. Приступая к работе→Обрезка

4.    Суретке Приступая к работе панеліндегі басқа да амалдарды қолданып көріңіз.

5.    Жұмыс нәтижесін «Общая документа»- дағы «8б» папкасына «фамилия №6» деген атпен сақтаңыз.

6.    Жұмысыңызды, жұмыс дәптеріңізді тексертіңіз.

Үйге тапсырма

(2 мин)

Оқулықтан 7.2 (101-108 бет)

Сұрақтар 108б.