Қайталаушы операторлар. While – do қайталау опрераторы

№15Сабақтың9- СЫНЫП.
Ітақырыбы:Қайталаушы операторлар. While – do қайталау опрераторы (1 сағ)
мақсаттары:1. Әзір-қайталау командаларын Паскаль опреторында программалауды үйрену, пысықтау.

2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Программаның математикалық моделі туралы түсінік қалыптастыру.

3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескеру.

көрнекілігі:Паскаль редакторы – Паскал АВС, қайталау операторнының блок-схемасы, баспалық таратпа материялдар. Көкпен жазылғандарды оқушылар дәптерлеріне жазып алады.
түрі:Машықтану сабағы
ІІбарысы:

(1 мин)

 

 

 

 

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІІҮй тапсырмасымен жұмыс.

 

(5 мин)

1. Үй жұмысының орындалуын тексеру, есепке алу

Үй жұмысы орындалған, бірақ дұрыс емес — 1 ұпай,

                                                жартылай дұрыс — 2

                                                толық дұрыс       —  3

                                                 жоқ                     —  0

2. Қысқаша сұрақ-жауап. (1-2 ұп)

·         Қайталаушы алгоритм не үшін қолданылады? (қайталанып келетін процестерді программалау үшін)

·         Әзір-қайталау алгоритмі қалай орындалады (шарт сақталмай қалғанша қайталау опреторы серия жарлықтарын атқара береді)

·         Қайталау параметрі деген не? (қайталау санын көрсететін, әр қайталау сайын 1-ге артып отыратын натурал типті шама)

·         Шарт деген не?  (жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым)

·         Серия деген не?  (Паскаль опреторларының тізбегі)

Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.

 

 

IVЖаңа сабақ

(15 мин)

1.  Қайталаушы опрераторлар қайталанып келетін процестерді программалау үшін қолданылады. Орындалу тәртібі қайталушы алгоритмдегідей.

Жазылу түрі:

АлгоритмдеПаскалдаБлок-схема түрінде
әзір шарт

цбасы

серия

цсоңы

while  шарт

begin

серия/операторлар;

end;

Бүгінгі сабақта осы әзір қайталау операторын есептің программасын жазу үшін қолданамыз. Алдымен мына сұрақтарға жауап берейік. (1-3ұп)

  1. Жұп сандарға мысал келтір.
  2. 10-ға дейінгі жұп сандарды айтып шық.
  3. 10-ға дейінгі жұп сандардың қосныдысын ауызша есепте.

Енді мына есепке программа жазып көрелік.

Е С Е П: Бүтін М санына дейінгі жұп сандардың қосындысын табатын программа жазыңыз.

Мат.мод.

  1. Не белгілі?  М – бүтін, қайталау параметрі і- бүтін,
  2. Не табу керек? Жұп сан қосындысы s – бүтін,
  3. Қалай есептейміз;

М –мәнін енгіземіз, i:=2 қосынды  s:=0

болады

і < m болса i=m болғанша қайталанады,

s:=s+i: i:=i+2;

қайталаймыз.

Программа мәтіні:

program sum01;

var s,i,m:integer;

begin

s:=0; i:=2;

write(‘bytin san engiz ‘);

read(m);

while i<=m do

begin

s:=s+i; i:=i+1;

end;

write(‘summa s=’,s);

end.

VСынып жұмысы

(20 мин)

А. Осы программаны компьютерде теріп орындаңдар, (5ұп)

В. Осы прогмамманы тақ сандардың қосындысын табатындай етіп өзгертіп, компьютерде орындаңдар. (10ұп)

С. Оқулықтан №11 есеп (103). Бүтін М (100<=M<=200) санына дейінгі жұп сандар мен тақ сандардың қосындысын жеке есептеп, нәтижелерін экранға шығаратын программа жазып, компьютерде орындаңыз. (15 ұп)

Нұсқа:. Қателерін тексеріп, түрлі мән беріп бірнеше рет орындаңдар, файлды сыныптарыңның «9 сын» папкасына өз фамилияларың мен есеп нөмірін файл аты етіп сақтаңдар.

Бағалау:

(3 мин)

Қосымша ұпайлар:

белсенділік – 2 ұп,    оқу-құралдары (кітап, дәптер, қалам) толық – 1 ұп

тәртібі – 2 ұп

35-40 үп   — «5»    25-34 ұп  — «4»    3 – 24 ұп – «3»    … – 0-2 – «2»

VІІҮйге тапсырма

(1 мин)

Оқулықтан 3.7 (91-92 бет)

Есеп №2ә, программа жазып келу, мүмкін болса дискіге жазуп келу.

Оқушының бағалау парағы:

ҰйымдастыруОқулық  бар – 1 ұп, жоқ -0
Дәптер   бар – 1 ұп, жоқ -0
Қалам    бар – 1 ұп, жоқ -0
Үй жұмысыҮй жұмысы

Бар, бірақ  дұрыс емес -1

жартылай дұрыс — 2                       толық дұрыс       —  3

жоқ                     —  0

Сұрақ-жауапБір дұрыс – 1 ұп
Жаңа сабақ / сұрақ-жауапБір дұрыс – 1 ұп
Сынып жұмысы

А-нұсқа

В

С

мұғалім бағалайды

5 ұп

10 ұп

15 ұп

белсенділік2 ұп /мұғалім қояды/
тәртіп-мәдениеттілік2 ұп /мұғалім қояды/
Жалпы жинаған ұпайы