Шартты программалау және тармақтаушы операторлар.
№ 11 сабақ.
Тақырыбы: Шартты программалау және тармақтаушы операторлар.
Мақсаты:
Шарт, шарт арқылы тармақтау және таңдау операторларының жазылу тәртібімен таныстыру, тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;
Программалау ұғымын дамыту;
Ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйеліне тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация, компьютер, тест-программа.
Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған сабақ.
Сабақтың барысы
І. Кіріспе. (2мин)
- Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;
- Журнал толтыру;
- Оқушылардың назарын сабаққа бұру,
ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)
- Үй жұмысын тексеру (№5, 9, 10 есептер (74бет).),
- 11-сабақ бойынша тест тапсыру.
ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)
ПС. Копьютермен оқушының сұқбат программасын көрсетеміз.
Компьютер-оқушының сұқбаты:
Экрандағы ақпарат | Сары жазуға назар аударайық. Қалай ойлайсыңдар, компьютер оқушының өзінен 7 жас үлкен екенін қалай «біліп» тұр? … Осындай мәселелерді шешу үшін программалық тілде шартты операторлар қолданылады. Шарт дегеніміз жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым (сұрақ). Шарты бар операторларды құрама немесе күрделі дейді. |
. |
- Тармақтаушы оператор – шарттың сақталуына/сақталмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.
Паскалдағы жазылу түрі:
Толық тармақтау | БС |
if <шарт> then 1-оператор else 2-оператор; шарт сақталса жауабы «иә» болып 1-оператор атқарылады және керісінше. мыс: gas:=15; if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’) else write(‘сен менен ’,jas-8,’ үлкенсің’); Жоғарыдағы сұраққа назар салыңдар. |
Қысқаша тармақтау | БС |
if <шарт> then оператор; шарт сақталса жауабы «иә» болып оператор атқарылады, сақталмаса («жоқ») компьютер келесі операторды орындауға өтеді.. мыс: gas:=15; if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’);
|
Енді жоғарыдағы сұқбатты программалап көрелік. ЕСЕП: Компьютер атыңды сұрайтын, содан соң өзнің қанша жас кіші/үлкен екенін айтатын проргамма жазыңыз.
ІV. Сынып жұмысы. (10мин)
Квадрат теңдеуді шешу алгоритмі. ах2 + вх + с = 0 1. Не белгілі? а, в, с – нақты сандар 2. Не істеу керек? Кв.теңдеудің х1, х2 түбірлерін табу керек, түбірі болмаса «түбірі жоқ» деген хабар шығару керек. 3. Қалай жасау керек? Дискриминант d=b2-4аc D<0 түбірі жоқ D=0 бір түбірі бар x1=-b/2a d>0 екі түбірі бар х1=?, х2=? , | program kvtendeu; var a,b,c:integer; x1,x2,d:real; label 10; begin write(‘Кв.тенд.коэф. енгіз a,b,c ‘); read(a,b,c); d:=sqr(b)-(4*a*c); if d<0 then begin writeln(‘түбірі жок ‘);goto 10;end; if d=0 then begin writeln(‘Бір түбірі бар: ‘,-b/(2*a));goto 10;end else writeln(‘Екі түбірі бар: ‘,-b+sqr(d)/(2*a),’ ‘,-b-sqr(d)/(2*a)); 10: end. |
- Бағалау және үйге тапсырма (3мин)
- 3.5 (76-82бет), №6 есеп (89бет)