Алгоритмдік тіл, жалпы ережелері. Алогритм командалары, құрылымы

Сабақтың4,5-сабақ                                                                       9- СЫНЫП.
Ітақырыбы:Алгоритмдік тіл, жалпы ережелері. Алогритм командалары, құрылымы. (3 сағ)
мақсаттары:1. Алгоритмдік және программалық тілдер туралы ұғым қалыптастыру. Программалау мен компьютерде орындауға қатысты ұғымдар және терминдермен таныстыру;

2. Алгоритмнің жалпы түрін білу және есептің шарты бойынша алгоритмнің блок-схемасын құра білу, алг командалары мен түрлері туралы біліу, меншіктеу командасы ұғымын қалыптастыру;

көрнекілігі:Алгоритм — баспалык плакаты. Таратпа материалдар, БС-карточкалар.
түрі:Лекция, компьютерде машықтану сабағы.
ІІбарысы:

(3 мин)

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІІЖаңа сабақ

(20 мин)

3-сабақ лекция.

1. Алгоритмдік тіл.

—       деп алгоритмді бірыңғай белгілермен ережелерді сақтай отырып жазу жүйесін айтады. Алгоритмді жазуда қолданылатын сөздер қызметші сөздер деп, ал математикалық таңбалар, цифрлар, әріптер жиыны алгоритм алфавиті деп аталады.

Алгоритмдегі идентификатор – айнымалының атауы. Иднтификатор лат. әріптерімен, сандармен белгіленеді.

Программалық тіл – алгоритмді компьютерге түсінікті мәтін түрінде жазуға араналған жасанды тіл.

Мыс: Паскаль, Бейсик, СИ, Дельфи, Пролог…

Кодтар тілі – компьютердің машиналық тілі /мыс: 1000100010010 1011111100001 111100111/

Транслятор – программаны /алгоримтді/  машина тіліне түрлендіретін программа.

Мыс: программада —   end

Транслятордан соң –  11100010 10001110 11000010

Транслятордың 3 түрі бар.

1.  Интерпретатор  —  проргамманың әр жолын жеке аударып орындайды.

2.  Компилятор – барлық проргамманы бірден аударып компьютер зердесіне модуль түрінде сақтайды. Ол модуль біздің қалауымыз бойынша (Ғ5 клавиші) орындалады.

3. Ассемблер – тек код түрінде яғни, ассемблер түрінде жазылған прог. ғана машина тіліне аударады.

2. Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.

Алгоритмдік тілдің жалпы ережелері.

алг  алгоритм атауы

арг  типтері көрсетілген айнымалылар

нәт  типтері көрсетілген айнымалылар

басы

алгоритм командалары

соңы

Алгоритм тақырбы

Берлігендер жазылады

 

Есептің нәтижелерінің аттары жазылады

Алгоритмнің өз кезегімен орындалатын, белгілі бір нәтиже беретін командалар тізбегін серия дейді. Бір команда бір жолға симаса келесі жолға жазыла береді, бір жолға бірнеше команда жазғанда арасын ; -таңбасымен бөліп көрсету керек.

3. Меншіктеу командасы.

Жазылу түрі:   айнымалы := өрнек

Мысалы:  y:=5      « у  айнымалысына 5 мәні меншіктелсін» деп оқылады.

Бастапқы мәндері  X:=7;   Y:=0   болсын. Мына командалар сериясының нәтижесінде қандай әрекет іске асады?

R:=X;    X:=Y;    Y:=R;

ЖАУАП:  X=0 және Y=7 болады. Яғни, х пен у айнмалылары мәндерін алмастырды.

IVСабақты бекіту

(5 мин)

№1 (методика 9 бет)

алг есеп01;

арг а1,в1,а, в: нақты;

нәт у: нақты;

басы

а1:=а-в;  в1:=а+в;

у:=а1*в1;

соңы

VСынып жұмысы

(15 мин)

Оқулықтан 21 бет №1, 2, 3 тапсырмалардың алгоритмін БС түрінде жазу

15-ши ойынының жеңу стратегиясын табу және оны алгоритмдік тілде жазу.

VIҮйге тапсырма

5 мин.

Оқу: лекция бойынша, оқулықтан 16 беттен. 1,6-1,7 21 бет. Алгебра есептеріне БС жазып келу..

 

4-сабақ   Алгоритм құрылымы.
IІІҮй тапсырмасымен жұмыс

5 мин.

1. Үй жұмысының орындалуын тексеру, есепке алу

Үй жұмысы орындалған, бірақ дұрыс емес — 1 ұпай,

                                                жартылай дұрыс — 2

                                                толық дұрыс       —  3

                                                 жоқ                     —  0

2. Қысқаша сұрақ-жауап. (1-2 ұп)

·         Алгоритмдік тіл дегеніміз не?

·         Программалық тіл, интерпретатор дегендер нені білдіреді?.

·         Транслятор, интерпретатор, ассемблер деген терминдерді қалай түсінесің?

·         Кез-келген алгоритмнің жалпы түрі қандай?

·         Меншіктеу командасына мысалдар келтір.

·         Алгоритм жазудың қандай жолдары бар?

Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.

 

 

IVЖаңа сабақ 20 мин.Алгоритм түрлері. (лекция)

Алгоритмдер екі түрлі болады: жәй алгоритмдер және құрама алгоритмдер. Құрама алгоритмдерде шарт тексеру әдісі қолданылады. Шарт дегеніміз жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым.

1. Сызықтық алгоритмдер – әрекеттері алгоритмде қалай жазылса сол ретпен орындалатын командалар тізбегінен тұрады. Шарт болмайды. Блок-схемасы да бір түзудің бойына орналасады.

Мысалда y=ax2+b+cos(ax2+b)- tg(ax2+b) функциясының мәінін есептеу алгоритмінің блок-схемасы көрсетілген.

 

2. Тармақтаушы алгоритм – деп белгілі бір шартқа байланысты бірнеше жолдарға бөлініп кететін алгоритмдерді айтады.

Мынандай жағдайды қарастырайық: 5 оң санба, теріс санба? (теріс). -7 ше? (оң сан). Ал, енді х қандай сан? (?!)… Осы жерде х-ті нөлмен салыстыру қажеттілігі туындайды. Жауабымыз екі жағдайдың (x<0, x>0) бірін таңдауымызға тәуелді. Алогримтдік тілде жазылуы:

егер шарт

онда      1-серия

әйтпесе 2-серия

бітті

Қысқаша (толымсыз) тармақтаушы алгоритм блок-схемасы.

егер шарт

онда   серия

бітті

 

3. Циклдік (қайталаушы) алгоритмдер – деп белгілі бір шарт сақталғанша немесе сақталмай қалғанша қайталанып атқарыла беретін алгоритмдерді айтады.

Мысалы: 3-ке дейінгі сандардың квадраттарын шығарыңыз. Квадраттау амалы 3 рет қайталанады.

Жазылу түрі:

әзір шарт

цб

     серия

   цс

VСынып жұмысы

15 мин.

ЕСЕП: Центрі координаталар басында жататын шебер радиусы берілген. Координаттары (бүтін) белгілі А(х,у) нүктесінің шеңберге тиістілігін анықтайтын алгоритм жазыңыз. Нүкте шеңбер сызығының бойында жатса тиісті болады.

алг шеңбер мен нүкте;

арг бүт А, Х, У: бүт R: нақ S;

нәт  лит Z;

басы

;

eгер R<=S

oнда Z:= «нүкте шеңберге тиісті»

әйтпесе Z:= «нүкте шеңберге тиісті емес»

бітті;

соңы.

ЕСЕП: Барлық екі таңбалы сандардың қосындысын табатын алгоритм жазыңыз.

Алғашқы екі таңбалы сан 10 соңғысы 99.

алг екі таңбалы сан;

арг бүт max: бүт i:

нәт нақ S;

басы

i:=10; S:=0;

әзір i<=99

цб

     S;=S+i;

   цс;

соңы.

Бағалау

5 мин.

Шығармашылық қабілет және белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалаймыз. Баға алған оқушылардың ұпайлары жойылады. Қалғандарына келесі сабақта толтыруға болатын ұпай береміз.
үйгеОқулық 33 беттегі №1, 2 есепке алгоритм жазыр келу.
5-сабақ Компьютерде есеп шығару кезеңдері.
IІІҮй жұмысы

5 мин.

1. Үй жұмысын қарап шығу

2.  2-3 сабақ бойынша компьютерлік немесе жазбаша тест тапсыру.

ІVЖаңа сабақ 10 мин.1. Есептің берілуін математикалық түрде өрнектеу (Математикалық модел) Бұл бөлімде негізі мына үш сұраққа жауап тапса жеткілікті:

а) не белгілі?   — белгілі шамаларды әріптермен белгілеп типтерін анықтаймыз;

ә) не табу керек? – ақырғы нәтижені, оның типін анқтау;

с) Қалай есептейміз? – есептің шешіміне қажетті формулаларды анықтаймыз немесе құрастырамыз. Есепті шешудің идеясын (әдісін) анықтаймыз.

2. Есептің алгоритмін құрамыз.

3. Алгоритмді компьютерге түсінікті программалық тілде жазамыз.

4. Программаны компьютерде орындап қателерін түзетеміз.

5. Ақырғы нәтижені аламыз, талдаймыз (мысалы адамдар саны теріс сан болып шығуы мүмкін).

Бұл жерде ең маңыздысы 1 және 3 кезең.

VСынып жұмысы

20 мин

Inftest бағдарламасы бойынша 1-5 тақырыптарға арналған тест тапсыру.
БағалауОқушының бағалау парағы:

ҰйымдастыруОқулық  бар – 0,5 ұп, жоқ -0
Дәптер   бар – 1 ұп, жоқ -0
Қалам    бар – 0,5 ұп, жоқ -0
Үй жұмысыҮй жұмысы

Бар, бірақ дұрыс емес -0,5

жартылай дұрыс – 1,5                       толық дұрыс       —  3

жоқ                     —  0

Сұрақ-жауап н/е тестБір дұрыс – 1 ұп барлығы 10
Өзіндің жұмысБір дұрыс –  ұп
Сынып жұмысы

А-нұсқа

В

С

мұғалім бағалайды

5 ұп

10 ұп

15 ұп

белсенділік2 ұп /мұғалім қояды/
тәртіп-мәдениеттілік3 ұп /мұғалім қояды/
Жалпы жинаған ұпайы б/ша

31-ден көп екі рет «5»

23-30 ұп – «5»

15-22 —  «4»

7 – 14 – «3»

0 – 7 – «2»