«Алгоритм» ұғымы. Алгоритм қасиеттері

СабақтыңАЛГОРИТМ ҰҒЫМЫ (1  сағ)                               9- СЫНЫП.
Ітақырыбы:2-сабақ. «Алгоритм» ұғымы. Алгоритм қасиеттері.
Мақсаттары:1. «Алгоритм» ұғымын қалыптастыру, оның қасиеттерін білу, алгоритмнің өрнектелу жолын талдай отырып, блок-схемасын сызу, орындаушы мен оның командалары, міндетері ұғымын қалыптастыру;

2. Алгоритм құру дағдысын қалыптастыру, негізгі қасеттеріне мысалдар келтіре білу, алгоритмнің берілу тәсілдерін қолдана білу, алгоритмді орындау түсінігін дамыту;

3. Қарапайым алгортмдер құра білу, нәтижесін талдай алу, блок-схемасын сыза білу, ерекшелеп жаза білу;

көрнекілігі:Басаплық  материалдар сызылған плакат. Блок-схемалардың анықтамалық плакаты. Тестілу программасы. Қарапайым алгоритмдердің блок-схемасы, баспалық, мультмедиалық-компьютерлік (CD) таратпа материялдар.
Түрі:Теориялық сабақ
ІІбарысы:

(3 мин)

Ұйымдастыру.

  1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.
  2. Сынып, тақта, парта  тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.
  3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІІЖаңа сабақ

(20 мин)

1-сабақ лекция.

1.        «Алогритм» ұғымы.

Проблемлық ситуация:

Мына интегралыдық функцияның  х=3 болғандағы мәнін шығара алсыңдар ма

?                    (жоқ, біз ондайды өткен жоқпыз)

Онда былай істеңдер: бұл таңбаны интеграл дейді.

Мына нұсқауларды — орындаңыздар.

  1. х-тың дәрежесіне 1 қосыңыз;

 

  1. осыны 3 ке бөліп, бөлшек етіп жазыңыз;

 

 

  1. х-тың орнына алдымен  интеграл белгісінің үсінгі санын қойып 1-бөлшек етіп жазңыз,

 

 

  1. х-тың орнына алдымен  интеграл белгісінің санын жазып 2-бөлшек өрнек жазңыз;

 

 

  1. 1-бөлшектен 2-бөлшекті шегеріңіз;

 

 

  1. шыққан санды нәтиже ретінде жазыңыз;
х3

 

 

 

3

Нәтиже 3 шықты. Мен айтқан нұсқаулар бойынша сіздер білмесеңіздер де жоғарғы математиканың есебін шығардыңыздар. Мен есептің алгоритмін айтып тұрдым, сіздер орындадыңыздар.

Алгоритм дегеніміз- берілген есептің шығару жолдарын реттелген амалдар түріне келтіру.

Мысалдар келтіру…

2. Алгоритм қасиеттері

2.        айықындылық – алгоритмде жазалған әрбір әрекет анық, нақты, орындаушыға түсінікті әрі бірмәнді болуы керек (мыс: «айнымалыға нақты немесе бүтін сан беріңіз» деген жарлық дұрыс емес. Нақты мен бүтіннің бірін ғана көрсету керек);

3.        үзіктілік  Алгоритмнің әрбір қадамы толық аяқталған әркеттен тұруы тиіс (мыс: «айнымалы мәнін есептеп алып оны жауап ретінде алыңыз» деген жарлықта екі қадам бірігіп кеткендіктен дұрыс емес. Дұрысы: айнымалы мәнін есептеңіз; шыққан нәтижені жауап ретінде алыңыз;)

4.        нәтижелік. Алгоритм белгілі бір уақытта есептің шешімін немесе «шешуі жоқ» деген нәтижені беруі тиіс (бұл қасиеті сақталмаса алгоритмді орындаушы «айналып» қалады)

5.        жалпылық. Бір алгоритм өзара ұқсас кез-келген есептерді шешуі тиіс.

6.        формалдылық. Орындаушы алгоритм мағанасын түсінбесе де әр жарлықты орындай отырып дұрыс нәтиже шығаратындай болу керек

Мысады: Мына алгоримтді торкөз параққа орындап көріңіз.

1. Клетка қилысына қалам ұшын тиігізіңіз.

2. Жоғары қара 10 клетка сызыңыз.

3. Оңға қарай 5 клетка сызыңыз.

4. Төмен қарай 5 клетка сызыңыз.

5. Солға қарай 5 клетка сызыңыз.

6. Қаламды қағаздан алыңыз.

Сіздің әрекеттеріңіздің нәтижесі не болып шықты?

Сіз жалаудың суретін салатыныңызды білдіңіз бе?

Салу барысында ойландыңыз ба?

IVСабақты бекіту

(10 мин)

Алогритм деген не? Бұл сөз қайдан шыққан?

Негізгі қасеттері қандай?

Алгоритманың қасиеттеріне сипаттама бер, мысалдар келтір.

«Жарықшам» алгоритмін құрыңыдар:

  1. Көше қиылсында тоқтаңыз
  2. Шамға қараңыз
  3. егер жасыл жанса өтіңіз
  4. егер сары жанса дайындалыңыз
  5. егер қызыл жанса тоқтаңыз
VСынып жұмысы

(12 мин)

Тапсырмаларды дәптерге орындаңдар;

Оқулықтың 13 бетіндегі №1, 2, 3 тапсырмаларды орындаңдар

VIҮйге тапсырма

3 мин.

Оқу: лекция бойынша, оқулықтан §1.1-1.3   №4 есеп 13 бет.

 

 

 

9 сынып
3-сабақ «Орындаушы» ұғымы. Орындаушының командалар жүйесі. 1-сағ
IІІҮй тапсырмасымен жұмыс

10 мин.

1. Үй жұмысының орындалуын тексеру, есепке алу

Үй жұмысы орындалған, бірақ дұрыс емес — 1 ұпай,

                                                жартылай дұрыс — 2

                                                толық дұрыс       —  3

                                                 жоқ                     —  0

2. Қысқаша сұрақ-жауап немесе арнаулы тест-программа бойынша тест. (1-2 ұп)

  • Алогритм деген не? Бұл сөз қайдан шыққан?
  • Негізгі қасеттері қандай? (5 сұрақ)

[Журналдағы тізім бойынша әр оқушы бір сұраққа жауап береді. Сұрақтар бітіп қалғанда басынан бастап қайтадан қойыла береді. Әр қайталанған сайын сұрақтар күрделене береді. Бір дұрыс жауапқа бір ұпай.]

IVЖаңа сабақ 15 мин.1. Алогримнің блок-схемасы.

Алгоритмнің жазылу жолдары

1.        сөзбен (алдынғы сабақта бұлай жазу тәсілін қолдандық)

2.        блок-схема түрінде  (бүгінгі сабақта қарастырамыз)

3.        алгоритмдік тілде.  (келешек сабақтарда өтеміз)

4.        программалық  тілде.  (келешек сабақтарда өтеміз)

[Оқулықтың 15-бетіндегі  кестені пайдаланып БС туралы түсінік береміз]

БС құру ережелері:

  1. БС басын және соңын көрсететін блок міндетті түрде болуы қажет;
  2. БС-да бір-бірімен қосылмаған блоктар болмауы тиіс;
  3. болкатар алгоритмдегі амалдардың орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы тиіс;
  4. арифемтикалық амаладар (процесс) орындалатын блоктың бір ену, бір шығу сызығы, шарт тексеру блогының (ромбы) бір ену, екі шығу сызығы болуы қажет. Алты бұрышпен белгіленген цикл басы блогының екі ену, екі шығу сызығы болады.

2. «Орындаушы» ұғымы.

Алдынғы «интегерал» есебін шығаранда мен алгоритмді оқып тұрыдым, сіздер оны орындадыңыздар. Бұл жерде сіздер алгоритмді «орындаушы» міндетін атқардыңыздар.

Өзіне түсінікті командалар жүйесіне кіретін командалардан тізбегін автоматты түрде  атқаратын адамды немесе техниканы орындаушы дейді.

Компьютер — кең тараған техникалық орындаушы болып табылады.

3. Орындаушының командалар жүйесі.

Тағы да жоғарыдағы инетеграл мысалын қарастырайық. Ол алгоримтдегі әрекетердің  бөлшектер мен әрежелеу амалы болғандықтан төменгі сынып оқушылары атқара алмайды. Себебі; оларға бұл команда түсініксіз немсе бұл командалар төменгі сынып оқушысының командалар жүйесіне кірмейді. Яғни алгоритм командары орындаушыға түсінікті болуы тиіс.

VСынып жұмысы

10 мин.

 

[Оқулықтың 10 бетіндегі ЕҮОБ алгоритмінің түрлі нұсқаларын жазуға тапсырма беру]

Екі бүтін m және n сандары берілген.. Олардың ЕҮОБ табу керек. Олар тең болса кез-келгенін ЕҮОБ деп аламыз. Олай болмаса екі санның үлкенін анықтап, оны үлкен мен кішінің айрымасымен ауыстырамыз да екі санды салыстырамыз. Егер тең болмаса ЕҮОБ табылғанша жоғарыдағы әрекетті қайтала береміз.

Осы жұмысты алгоритм түрінде жазыңыздар. Бірнеше жолын қарастырыңыздар.

Оқулықтан 13 беттегі №5 есептегі мәндерді әр оқушыға өзгертіп беру.

Бағалау

5 мин

Оқушының бағалау парағы:

ҰйымдастыруОқулық  бар – 0,5 ұп, жоқ -0
Дәптер   бар – 1 ұп, жоқ -0
Қалам    бар – 0,5 ұп, жоқ -0
Үй жұмысыҮй жұмысы

Бар, бірақ дұрыс емес -0,5

жартылай дұрыс – 1,5                       толық дұрыс       —  3

жоқ                     —  0

Сұрақ-жауап н/е тестБір дұрыс – 1 ұп барлығы 10
Өзіндің жұмысБір дұрыс –  ұп
Сынып жұмысы

А-нұсқа

В

С

мұғалім бағалайды

5 ұп

10 ұп

15 ұп

белсенділік2 ұп /мұғалім қояды/
тәртіп-мәдениеттілік3 ұп /мұғалім қояды/
Жалпы жинаған ұпайы б/ша

31-ден көп екі рет «5»

23-30 ұп – «5»

15-22 —  «4»

7 – 14 – «3»

0 – 7 – «2»