Сабақтың тақырыбы: «Интелектуальды казино»
Сабақтың тақырыбы: «Интелектуальды казино»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз
білімін өзге оқушылармен салыстырып, өзінің білімін білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушылардың өзін еркін ұстай білуге, бірін-бірі сыйлай
білуге, уақытын тиімді жұмсауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: білімдерін пысықтау сабағы
Сабақтың барысы:
І. Таныстыру.
ІІ. «Миға шабуыл»
ІІІ. «Интелектуальды казино» ойыны.
1-сектор «Бұл кім?»
2-сектор «Басқатырғылар»
3-сектор «Алгоритм»
4-сектор «Жұмбақтар, мақал-мәтелдер»
- «Аукцион»
- Қорытындылау.
Сабақ барысы:
Жүргізуші:Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер!
Армысың, жас толқын, білім қуған,
Білім жолы- қашанда ол бір думан.
Қош келіпсіздер интелектуальді ойынымызғы
Оқушының жаратылған жолы нұрдан.
«Интелектуальді казино» деген тақырыбы
Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіз!
- Бұл«нтелектуальды казино» — білімді шыңдап, тапқырлықты, ұқыптылықты, шапшаңдықты талап етеді.
- Бүгінгі сайысымыздың ережесін, жоспарын таныстырып өтейін.
Сайыс жоспары:
І. Таныстыру.
ІІ. «Миға шабуыл»
ІІІ. «Интелектуальды казино» ойыны.
- «Аукцион»
- Қорытындылау.
Ойын ережесі:
- Ойынғы 4 топ қатысады, әр топта 3 адамнан.
- Әр командаға 40 ұпай фишкалар беріледі.
- Ойын алаңы 4 секторға бөлінген:
А-сектор «Бұл кім?»
В-сектор «Басқатырғылар»
С-сектор «Алгоритм»
Д-сектор «Жұмбақтар, мақал-мәтелдер»
- Әрбір сектор 10, 20, 30, 40, 50 ұпайлы торлардан тұрады. Ұпай саны көп болған сайын, тапсырмада күрделі болады.
- Бір уақытта әрбір топ өздерінің фишкаларын кез келген тор көзіне қояды, қойған тор көзінде қанша ұпай болса, сонша ұпай фишка қою керек. Одан кейін барабанды айналдырамыз.
- Егер барабандағы сан, ойын алаңындағы санмен сәйкес келсе, онда тапсырманы орындау мүмкіндігін алады. Егер бір емес бірнеше топтың ойын алаңындағы саны сәйкес келсе, барлығы да тапсырманы алуға мүмкіндік алады. Тапсырмаға бірінші болған топ жауап береді. Дұрыс жауап бермесе келесі топ жауап береді.
- Егер тапсырманы дұрыс орындаса, фишка ұпайы екі еселеніп қайтарылады. Дұрыс жауап бермеген топтың ұпайы алынады.
- Егер сандар 3 реттен кейін сәйкес келмесе, онда фишка алынады.
- Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңімпаз болады.
Ойынымыздың бірінші кезеңі:
І. Таныстыру.
— Әрбір команда өзінің командасын айтын және команда мүшелерін таныстырса.
Команда өздерін таныстырады.
Таныстырып таңдамалы команданы,
Ұшталсын деп тілейік қадамдары.
Мінеки, ойынымызда басталыпты,
Сәтті болсын ылайым қадамдары.
ІІ. «Миға шабуыл».
Ғылымда асуларда көп алатұғын,
Қанатын биіктерге қағатұғын.
Ұшқырлығын танытып қыран құстың,
Кез келді кімнің жылдам екенін көретұғын.
-дей келе ойынымыздың «Миға шабуыл» кезеңіне кез келді. Мұнда 10 сұрақ оқылады әр сұрақ 5 ұпай, қай топ дұрыс жауап берсе 5 ұпайды иеленіп, ұпай қорын толтырады.(әр сұрақ сайын, дұрыс жауап берген топқа фишка беріледі)
- Paint қандай редактор? графикалық
- Вирусты жоятын программа? антивирус
- Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? бит
- Принтер шығару құрылғысы ма, енгізу құрылғысы ма? Шығрау құрылғысы
- 9 сыныпта оқып жатқан программалау тілін ата? Паскаль
- Дүниежүзілік желі? Интернет
- Компьютер «миы»? процессор
- Екілік жүйе қандай сандардан тұрады? 0 және 1
- Компьютер атасы кім? Чарльз Бэббидж
- Паскаль тіліндегі программа неше бөліктен тұрады? Үш
ІІІ. «Интелектуальды казино»
Ойынымыздың негізгі бөлімін бастайық, команда басшылары тобыңмен ойласа отырып, ұяшықты таңдап ұпайыңызды тігуіңіз (қоюды) сұраймын. Ескертіп айтайын, қанша ұпай көрсетілсе, сонша ұпайлы фишка қойыңыздар.
- Барабанды айналдырайық. (Барабан айналады, қай топтардың таңдаған саны сәйкес келсе, сол топтар жауап беру мүмкіндігін алады.Ойналған ұяшықтар сызып тасталады.)
- «Аукцион»
Білім деген адамның құнды мүлкі,
Болмайды бұл жағында көңіл күпті.
Сіздерге қошеметтен демеу бердік,
Танытып тырысайық тапқырлықты.
- Енді кезекті аукционға берейік. Қазір ортаға үш қорапша әкелінеді, сол қорапшаларда заттар жасырылған. Сол заттарға сипаттама беріледі және бастапқы ұпай санын хабарланады.
- Одан кейін топ басшылары ұпайларыңызды айтасыздар, қай топ көп ұпай айтса сол топ, қораптағы қандай зат екенін табуға мүмкіндік алады. Егер дұрыс тапса, ұпайы екі еселенеді, таппасы сол ұпай қалады.
№1. Қорапша 5 ұпай
Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені. (Кактус)
№2. Қорапша 5 ұпай
Ақпарат тасушы құрал. Өзі дөңгелек, жылтыр. (Диск)
№3. Қорапша. 5 ұпай
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі
Түсі оның сұр құйрығы ұзын
Ойланып білгіш болсаң жауап берші
Қалай деп аталады оның аты (Тышқан)
- Қорытындылау.
— Сайысымыздың шешуші сәті келді. Қомандалар ұпайларын есептеп, сайыс жеңімпаздарын хабарлайық.
— Келіп, тамашалағандарыңызға рахмет!
1- сектор «Бұл кім?»
Ғалымдардың суреттері ұсынылады. Суретте кім бейнеленгенін айтып беру керек.
50.Бұл кісі 1902 жылдың 2 қарашада Нижний Новгородта мұғалімдер жанұясында дүниеге келген. 1928 жылы инженер-электрик мамандығын алып Бауман атындағы университетте сабақ берген. 1939 жылы докторлық диссертация қорғаған. 1947 жылы электротехника институтының директоры болып тағайындалды.
Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ 1947-1948 жылдары осы академиктің басшылығымен жасалады, оны МЭСМ деп атаған.
(Сергей Алексеевич Лебедев)
- 50. Есептеуіш техниканың қарқындап дамуы ХІХ ғасырдан басталады. 1833 бұл ғалым бағдарлама арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. сондықтан да оны қазіргі компьютердің атасы деп те атайды. (Чарльз Бэббидж)
40.ХІХ ғасырдың соңында американдық ғалым есепші – перфорациялық машина құрастырды. Өз машинасының көмегімен бұл ғалым көп адамдар жеті жыл бойы есептейтін есептеулерді үш жылда орындап шықты. Бұл кісі есепші перфорациялық машиналарды фирманың негізін қалады, кейін ол дүние жүзіне әйгілі компьютер шығаратын ІВМ фирмасына айналады.
(Герман Холлерит)
30.Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэббидж машинасына бағдарлама жазған бұл ғалым – әйел бірінші программист болып саналады. Бұл әйел атақты Байронның қызы.
(Ада Лавлейс)
- 20. 1642 жылы бұл француз математигі он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектермен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды.
(Блез Паскаль)
- 10. Қазіргі таңда бұл адам атақты «Microsoft» компаниясының президенті. 13 жасында алғаш программасын құрған.(Билл Гейтс)
2-сектор «Басқатырғылар»
- Қай ақпарат тасушы құрал бірінші пайда болды?
20
Қай жылы ЮНЕСКО Әлемдік ақпарат күні деп арнайы түрді
А) 1994 году
Б) 1944 году
С) 2004 году
30«Венгр сөзжұмбағы»Берілген тор көздегі әріптерден информатика пәніне қатысты 5 сөздерді табыңыз.
м | т | п | л | о | т | т | н | о | м |
и | ы | п | р | р | т | е | и | д | е |
к | ш | н | и | е | е | р | о | м | м |
р | қ | а | н | т | р | н | н | и | т |
о | н | т | с | ө | з | е | т | р | о |
п | н | и | б | а | й | т | т | е | з |
р | м | в | п | и | к | м | е | р | е |
о | ә | и | а | р | с | о | ү | а | ф |
ц | т | р | и | х | е | д | я | й | л |
е | і | у | в | ж | л | и | я | и | ц |
с | н | с | д | а | ь | ф | и | к | а |
с | о | р | а | б | о | н | е | н | т |
Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус.
40«Кімжылдам?»
R | E | A | D | R | O | F |
I | F | B | N | E | H | T |
E | L | E | E | S | L | E |
T | A | G | R | W | E | C |
I | E | I | E | H | N | H |
R | R | N | P | I | D | A |
W | T | A | E | L | E | R |
Берілген торкөздердегі әріптерден 5 оператор атауларын табу керек. Жауап: бұл жерде 12 оператор жасырылған (BEGIN, ELSE, END, FOR, IF, READ, REPEAT, THEN, WHILE, WRITE, CHAR, REAL)
- «Қай сөз артық?».4 сөз әріптері ауыстырылып берілген, сөзді табу керек және сол топқа жатпайтын артық сөзді табу керек.
терчесвин – винчестер, такедис – дискета, акткомксиди – компакт – диск, сорецпро – процессор («процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын құрылғыға жатпайды.)
- рептьюкром – компьютер, тамикатема – математика, азакиф – физика, лиягоибо – биология («компьютер» артық пәнге жатпайды.)
- марамгроп – программа, кышма – мышка, дакротре – редактор, менюм – меню («мышка» артық. Ол құрылғы.)
3-сектор «Алгоритм»
10 Программаның мына бөлігін орындағанда a және b мәндері нешеге тең болады?
a := 3 + (8*4);
b := (a div 10) + 14;
a := (b mod 10) + 2;
20
Программаның мына бөлігін орындағанда с-ның мәні нешеге тең болады?
a := 30;b := 6;
a := a / 2 * b;
if a > b then
c := a –(3 * b) else
c := a + (3 * b);
30
Алгоритм құру. 9-38-тапсырма
40
Алгоритм құру. 9-40-тапсырма
50
Алгоритм құру. 9-38-тапсырма
4-сектор «Жұмбақтар, мақал-мәтелдер»
10
Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам, қағазсыз. (компьютер)
Компьютер – алтын қазына.
(Кітап – алтын қазына.)
20
Экранның бетінде оның тұрағы
Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (меңзер)
Жаман компьютерден мықты таяқ артық.
(Жаман жолдастан мықты таяқ артық)
30
Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі
Түсі оның сұр құйрығы ұзын
Ойланып білгіш болсаң жауап берші
Қалай деп аталады оның аты
(тышқан)
Компьютер иесіз болмас,
Қазан күйесіз болмас.
(Ат иесіз болмас,
Қазан күйесіз болмас)
40
Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер
Информатикада өлшем бірлік
Ақпараттарды өлшер (бит)
Компьютері жоқ адам-тұзы жоқ тағам.
(Досы жоқ адам –тұзы жоқ тағам)
Ақпарларды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады? (принтер)
50
Пернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана «F» (эф) әріпінен басталады.
(функционалдық пернелер
Винчестерсіз – жартылай жетім, аналық тақтасыз — тұл жетім
(Әкесіз-жартылай жетім, анасыз –тұл жетім)
Вирустың арты қуыс.
(Ұрының арты қуыс)