Модельдер түрлері
Сабақтың тақырыбы: Модельдер түрлері
Сынып: 6
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру
Дамытушылық: объектінің ақпараттық және графикалық модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету
Тәрбиелік: топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге баулу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну
Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық, карточкалар
Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап», «Мозайка», «Ақпараттық диктант», «Синквейн», «Телеграмма», жұптық, топтық жұмыс әдістері.
Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпраттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады
САБАҚ БАРЫСЫ
Уақыты (мин) | Кезеңдер: | Мұғалімнің әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Қолданы- латын модуль | |
2 мин | I.Ұйымдастыру
| Оқушылармен амандасып, бір-бірімізге хормен СӘТТІЛІК тілеу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу; Оқушыларды жасырын қағазға жазылған 1,2 сандарын таңдау бойынша 2 топқа бөлу. | Мұғаліммен амандасып, бір-біріне хормен СӘТТІЛІК тілейді Сынып старостасы сабақта жоқ оқушылардың себептерін айтады;
Оқушыларды жасырын қағазға жазылған 1,2 сандарын таңдау бойынша 2 топқа бөлу. | ЖЕСО
| |
2 мин | ІІ.Үй тапсырмасын тексеру | Үй тапсырмасы Өз қалауынша қандай да бір объектінің моделін құрастыру | Оқушылар өз қалауынша құрастырған қандай да бір объектінің моделін көрсетеді. Қалай жасағанын дәлелдейді. | ОЖТ ТжДБО
| |
3 мин | ІІІ.Оқу-танымдық әрекетіне дайындық | Жаңа сабақтың тақырыбы қандай?
Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар? Сабақтың мақсаты қандай? | Жаңа сабақтың тақырыбын анықтайды:
М-арқау О-рамжапырақ
Д-оп Е-сек Л-ев
Ь
Т- үлкі Ү-лкен Р-акетка
Л-ақ Е-мен Р-адуга І-лгіш Мақсатымыз:-Модельдер түрімен танысу -модель түрлерін ажырата алуды үйрену | ОЖТ СТО | |
10 мин | IV.Жаңа оқу материалын таныту | Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау үшін әр топты 1-2-3-ке санап үш жұпқа бөлу 1-жұп: материалдық және ақпараттық модель 2-жұп:Көрсету түріне қарай ақпараттық модель түрлері 3-жұп: Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер Берілгендерді жеке-дара оқып, жұпта талқылайды.(3 мин) Тақырыпты оқу барысында түсінбеген сұрақтары болса қызыл түсті жалаушаны көтереді (мұғалім көмегін көрсетеді) Жұптарда талқылап болған соң, үй топтарына оралады да, әрбір оқушының өзінің оқығанын және жұпта талқылағанын топ мүшелеріне түсіндіреді (2 мин), постер бетіне түсіреді (3 мин), постерлерін қорғайды (2 мин)
| Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау үшін топтарды 1-2-3-ке санап үш жұпқа бөлу 1-жұп: материалдық және ақпараттық модель 2-жұп:Көрсету түріне қарай ақпараттық модель түрлері 3-жұп: Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер Берілгендерді жеке-дара оқып, жұпта талқылайды. (3 мин ) Тақырыпты оқу барысында түсінбеген сұрақтары болса қызыл түсті жалаушаны көтереді (мұғалім көмегін көрсетеді) Жұптарда талқылап болған соң, үй топтарына оралады да, әрбір оқушының өзінің оқығанын және жұпта талқылағанын топ мүшелеріне түсіндіреді (2 мин), постер бетіне түсіріп (3 мин), постерлерін қорғайды (2 мин) | ОЖТ (диалогтық оқыту) СТО | |
9 мин | V.Бiлiмдерін бекiту. | Деңгейлік тапсырмалар І-деңгей жұптық жұмыс (4 мин) ІІ-деңгей топтық жұмыс (интербелсенді тақтамен жұмыс) (6 мин) | Деңгейлік тапсырмалар І-деңгей жұптық жұмыс (4 мин) ІІ-деңгей топтық жұмыс (интербелсенді тақтамен жұмыс) (6 мин) | АКТ ОЖТ
| |
3 мин | Сергіту сәті | «Қызыл өрік» әніне жаттығу орындау | «Қызыл өрік» әніне жаттығу орындау | ЖЕСО | |
6 мин | V.Бiлiмдерін бекiту. | ІІІ-деңгей жеке-дара жұмыс (5 мин) Қосымша тапсырма Әрбір оқушы информатика пәніні тақырыбы төңірегінде қандай да бір объектіге ребус құрастырып, оны жұбына жасырады, бір-бірінің ребустарының жауабын тауып, осы сөзге «5 жолды өлең» құрастыру және Paint графикалық редакторында осы объектінің графикалық моделін құрастырады «5 жолды өлең» құрастыру талаптары: 1. зат есім 2. екі сын есім 3. үш етістік 4. төрт сөзден тұратын сөйлем 5. синоним сөз
Мысалы: 1. қуыршақ 2. әдемі, үлкен 3. сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады 4. Маған анам қуыршақ сыйлады. 5. Ойыншық
| ІІІ-деңгей жеке-дара жұмыс (5 мин) Қосымша тапсырма Әрбір оқушы информатика пәніні тақырыбы төңірегінде қандай да бір объектіге ребус құрастырып, оны жұбына жасырады, бір-бірінің ребустарының жауабын тауып, осы сөзге «5 жолды өлең» құрастыру және Paint графикалық редакторында осы объектінің графикалық моделін құрастырады «5 жолды өлең» құрастыру талаптары: 1. зат есім 2. екі сын есім 3. үш етістік 4. төрт сөзден тұратын сөйлем 5. синоним сөз
Мысалы: 1. қуыршақ 2. әдемі, үлкен 3. сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады 4. Маған анам қуыршақ сыйлады. 5. Ойыншық | ТжДБО
ТжДБО СТО | |
6 мин | VI. Бағалау. | Ақпараттық диктант Түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу 1. . . . . . . . . . – нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. 2. Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың . . . . . . . . . . . (макетін) құру. 3. Вербальдық модельдегеніміз – . . . . . . . немесе . . . . . . . түрінде жасалған ақпараттық модель. 4. . . . . . . . . . . . – деп компьютердің көмегімен арнайы программалық орталар іске асыратын модельдерді айтады. 5. Геометриялық модель – . . . . . . . . . . . пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Бағалау парақтарына жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді | Ақпараттық диктант Түсіп қалған сөздерді толықтырып жазу 1. . . . . . . . . . – нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету. 2. Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың . . . . . . . . . . . (макетін) құру. 3. Вербальдық модельдегеніміз – . . . . . . . немесе . . . . . . . түрінде жасалған ақпараттық модель. 4. . . . . . . . . . . . – деп компьютердің көмегімен арнайы программалық орталар іске асыратын модельдерді айтады. 5. Геометриялық модель – . . . . . . . . . . . пішіндер мен көлемді конструкциялар.
Бағалау парақтарына жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді | ОүБ,ОБ ОБжК | |
1 мин | VII. Үй тапсырмасы туралы мәлімет. | Үйге: үш объектінің вербальдық, яғни, әңгіме түрінде және графикалық моделін құрастыру Берілген тапсырманы хабарлау, оның орындау әдiстемесiн түсiндiру. | Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазады. Сұрақтары болса сұрайды. | ОЖТ, ТжДБО | |
3 мин | VIII. Қорытынды | Мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы телеграмма жазу | Мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы телеграмма жазу
| ОүБ,ОБ СТО |