Мәлімет типтері. Өрнектер және олардың жазылуы. Айнымалы ұғымы

 

Сабақтың тақырыбы: Мәлімет типтері. Өрнектер және олардың жазылуы. Айнымалы ұғымы

 

Сабақтың  мақсаты:  

            Білімділігі:    Оқушыларға Паскаль программалау  мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат беру.

Дамытушылығы: Паскаль программалау тілнің  мәліметтер типтері, стандартты функциялар, өрнектер және олардың жазылуы туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың білім білік дағдыларын қалыптастыру, алған білімдерін дамыту;

Тәрбиелік:  Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:    теориялық сабақ

Сабақтың барысы:   

  1. Ұйымдастыру
  2. Өткен материалды қайталау
  3. Жаңа сабақты түсіндіру
  4. Сабақты бекіту
  5. Үйге тапсырма

 

Өткен материалды қайталдау сұрақтары

  • Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады?
  • Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?
  • Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
  • Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
  • Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?
  • АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
  • Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?

Жаңа сабақты түсіндіру

Айнымалы     ұғымы

 

Айнымалылар  латын  әріптері мен  цифрларының кез – келген тіркесі түрінде  беріледі.  Айнымалы деп программаның орындалу  барысында  әртүрлі  мәндерді қабылдайтын  шамалар.

Айнымалылар атауы сипаттайтын  бөлімінде  var ді сөзімен басталады да, атауынан кейін қос нукте қойылып, айнымалының типі  көрсетіледі.

Жазылу пішіні: var <идентификатор>:<тип>

Мысалы:  var   А, В: integer;

Sum, baga: real;

Айнымалылар қарапайым және индексті  түрде  кездеседі. Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Индексті айнымалыларға жиым элементтері жатады.

Жиым дегеніміз – бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі. Индекс – жиым элементінің нөмірін  көрсетеді және тік  жақшамен жазылады.

 

ТИПТЕР
ҚАРАПАЙЫМКҮРДЕЛІ
Бүтін сан

(Integer)

Жиымдар

(Array)

Нақты сан

(Real)

Файлдар

(File)

Символдық шама

(Char)

Жазбалар

(Record)

Логикалық шама

(Logical)

Жиындар

(Set)

Мәтіндік шама

(Text)

 

 

 

Мәлімет типтері

 

           Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама.

Паскаль тілінде пайдаланатын барлық типтер скалярлық (қарапайым) және құрылымдық (структуралық) болып үлкен екі топқа бөлінеді. Скалярлық типке шамалардың стандартты типі және жасанды тип (тағайындалған) жатады. Стандартты типтерге:

  • бүтін – INTEGER                 нақты – REAL              логикалық – BOOLEAN
  • тіркестік – STRING             мәтіндік  — TEXT типтер жатады.

Құрылымдық типтегі жиымдар – ARRAY, жазбалар – RECORD, жиындар – SET және файлдар – FILE түрлеріне бөлінеді.

Стандартты функциялар

 

Турбо Паскаль тілінде алдын ала програмалары жасалып стандарттты модульге жинақталып қойылған, қажет кезінде пайдалануға болатын объектілер бар. Солардың бірі стандартты функциялар болып табылады. Олар жиі кездесетін математикалық және басқа да функцияларды есептеу үшін қолданылады.

 

 

Енді программаларда жиі пайдаланылатын функцияларды қарастырайық.

  1. Арифметикалық функциялар
  2. Типтерді өзгерту функциялары.

Арифметикалық функциялар

 

Математикада жазылуыПаскаль тілінде жазылуыАтқаратын қызметі Функция типі
|x|

arctg x

cos x

sin x

e x

[x]

 

Inx

П

х 2

х

 

Abs (x)

Arctan (x)

Cos (x)

Sin (x)

Exp (x)

Frac (x)

Int (x)

Ln (x)

Pi

Sqr (x)

Sqrt (x)

 

Аргументтің абсолюттік шамасы

Аргументтің арктангенсі

Аргументтің косинусы

Аргументтің синусы

е-нің х дәрежесі

х-санының бөлшек бөлігі

х-санының бүтін бөлігі

х-санының натурал логарифмі

п-дің мәні

х-тің квадраты

х-тің квадрат түбірі

 

х-тің типіндей

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты

нақты (бүтін)

нақты

 

х-тің типіндей

нақты

Стандартты типтердің сипатталуы

Шамаларға  қолданылатын амалдар олардың типтеріне байланысты болады.

Бүтін сан түріндегі тип. Бүтін типтегі мәндерді қабылдайтын атаулар былай сипатталады:

атау1, атау2, …., атауn: тип;

мұнда тип орнында бүтін типті көрсететін түйінді сөздің бірі жазылады. Мысалы,  integer,  byte

Арифметикалық амалдар.

 БелгілерОперацияларОперандтар типіНәтиже типі
+қосуЕкеуі де бүтін, не біреуі

Бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақты
азайтуЕкеуі де бүтін, не біреуі

Бүтін, біреуі нақты

Бүтін, нақт
*көбейтуЕкеуі бүтін немесе екеуінің

біреуі нақты

Бүтін, нақты
/бөлуБүтін немесе нақтыНақты
DivБүтін бөлуБүтінБүтін
ModБүтін қалдықбүтінбүтін

 

Төмендегі стандартты функциялар бүтін аргументтер үшін бүтін мән береді:

Abs(x) – бүтін х санының абсолют шамасы

Sqr(x) –  бүтін х анының квадраты

Trunc(x) – нақты х санының бүтін бөлігі

Round (x) – нақты х саны дөңгелектеніп бүтін нәтиже береді.

Succ(x)- х-тан кейінгі бүтін санды береді.

Pred(x) – х-тың алдындағы бүтін санды береді.

Өрнектер және олардың жазылуы

 

Өрнек деп  арифметикалық амал таңбаларымен біріктірілген айнымалылардың функциялардың, тұрақтылардың жиынтығын айтады. Өрнектегі арифметикалық амалдардың орындалуы олардың орналасу реті мен жақшалар арқылы өзгертіледі. Қарапайым жағдайда өрнек тек айнымалылардан, тұрақтылардан немесе функциялардан тұруы мүмкін. Мысалы:

(5+7*х)/1.8;                      (sin(x)+5* cos(2+х))/ In(х); т.б

 

Математикада жазылуы Программалау тілінде жазылуы
a + b

a — b

 

(a + b)/ (a – b)
                                   a bexp (b * ln (a))
a + b

xy

(a + b)/(x * y)
1 + x

 

 

sqrt (1 + sqrt (x))

 

 

 

Алгоритмдік тілде (Паскаль, Бейсик, Си , т.б.) арифметикалық амалдардың орындалу тәртібі олардың математикадағы орындалу тәртібіне сәйкес келеді, яғни алдымен жақша ішіндегі амалдар, сонан соң көбейту, бөлу, қосу, азайту, т.б. амалдар орындалады.

 

РетіАмалдар түріАмалдар немесе оның элементі
1Жақшы ішіндегі өрнектер(    )
2Функция мәндеріФкнуциялар
3Унарлық амалдар@ , not, бірорынды +және —
4Көбейту, бөлу түріндегі амалдар*, /, div, mod, and, shl, shr
5Қосу амалдары+,-,or, xor
6Қатынас амалдары=, <>, <,>,<=, >=, in

 

 

Өрнектердің алгоритмдік тілде және программалау тіліндегі жазылуы да бір-біріне сәйкес келеді.

Паскаль тілінде өрнектер тек сызықты түрде жазылады.

 

 

Сабақты бекіту сұрақтары

  • Тілдің алфавиті нелерден тұрады?
  • DIV және MOD функциялары не үшін қолданылады?
  • Программа қандай оператормен басталады?
  • Программаның негізгі бөлігі қандай түйінді сөзбен басталып, қандай сөзбен аяқталады?
  • Идентификатор дегеніміз не?
  • Жиым дегеніміз не?
  • Мәліметтердің типі дегеніміз не?
  • Мәліметтердің типтері қалай сипатталады, олар қандай қызмет атқарады?
  • Мәліметтердің қандай типтері бар?
  • Атаулардың типтері қалай сипатталады?
  • Арифметикалық өрнек дегеніміз не? Өрнектер Паскаль тілінде қалай жазылады?
  • Паскаль тілінде стандартты функциялар қалай жазылады?

 

 

 

Үйге тапсырма:  §4  33-38беттердегі  тақырыптарды оқу. 6,7, 8-кестені жаттау.

9 практикалық жұмысты орындау.