Ғажайып информатика әлемі
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып информатика әлемі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен өткен тақырыптар бойынша білім, білік дағдыларын жүйелеу.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушықтарын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстыра отырып логикасы мен тез ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Өздерін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс
Дидактикалық жабдықтар: интерактивті тақта, карточкалар, презентациялар.
Пән аралық байланыс: ағылшын, алгебра және физика
Оқыту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық, жобалық
Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады.
1-жүргізуші:
Информатика әлемі,
Неткен ғажап әсерлі.
Шыққан сонау ертеден,
Орын алды көңілден
2-жүргізуші:
Интернетте құстай ұшып самғаймыз,
Әрбір елдің арасын біз жалғаймыз.
Технология дамып жатыр күнбе-күн,
Біз қырандар осы лектен қалмаймыз!
Осылайша кешімізді бастаймыз!
1-жүргізуші:
Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым ұстаздар мен оқушылар және қонақтар! Бүгінгі біздің «Информатика әлемі» атты кешімізге қош келдіңіздер! Олай болса кешімізді бастаймыз, сіздерді бүгінгі кешімізде әділ баға беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
————————-
2-жүргізуші:
Бүгінгі сайысымызбен таныстырып өтетін болсақ, сайысқа екі топ қатысады. Әр топта 7 оқушыдан және мынадай кезеңдерден тұрады:
- Таныстыру
- Шығармашылық жұмыс
- Сиқырлы дорба
- Ойлан, тап!
- Мені түсін (Пойми меня)
- Ертегілер әлемі
1-жүргізуші:
- Таныстыру
Барлығымыз дайын болсақ, сайысымызды бастайық. Бірінші кезең «Таныстыру», яғни әр топ өздерін таныстырады. (10 ұпай)
2-жүргізуші:
- Шығармашылық жұмыс.
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Бар әлемге жаңалық ол тастайды- дей келе келесі кезеңге кезек берсек, бұл кезеңде әр топ өздерінің үйден дайындап келген шығармашылық жұмыстарын қорғайды. (20 ұпай)
1-жүргізуші:
- Сиқырлы дорба
Бұл кезеңде әр топ кезекпен дорбадағы бөшкелерден сұрақ таңдау арқылы өздеріне ұпай жинайды. Әрбір дұрыс жауапқа он ұпайдан беріледі. Барлығы 20 cұрақ
— Бейнесұрақ — Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен ата:
(бит, байт, килобайт, мегабайт, гигабайт)
Paint графикалық редакторы не үшін арналған және оны қалай іске қосамыз?
(Сурет салуға арналған, пуск —программы —стандартные —Paint)
— Бейнесұрақ — 5 ұпай шегеріледі
Информатика кабинетінде жүріп-тұру ережесі қалай аталады?
(Техника қауіпсіздік ережесі)
Операциялық жүйе дегеніміз не?
(Компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын программа)
Пернетақтадағы F1-ден F12-ге дейінгі пернелер комбинациясықалай аталады?
(функционалдық пернелер тобы)
Шығару құрылғыларын ата (принтер, дисплей, графиксалғыш)
Енгізу құрылғыларын ата (тышқан, пернетақта, сканер)
2011 жылдың 5 қазанында қайтыс болған Apple корпорациясының негізін қалаушы
(Стивен Джобс)
Бейнесұрақ — cыйлық 5- ұпай қосылады — сыйлық
Ол 1955 жылы қазан айында Сиэтледе қарапайым ұстаздар отбасында дүниеге келді. Ол 13 жасында алғашқы программасын жазып үлгерді.1975 жылы Алленмен бірігіп, университет бітірулеріне 2жыл қалғанда … деп аталатын фирма ашты. Бұл кім және ол қандай фирма ашты (Майкрософт корпорациясының негізін қалаушы: Билл Гейтс)
Бұл компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да электроника түрлерін шығарумен айналысатын қазіргі кезде танымал фирмалардың бірі . 1977 жылы Стивен Джобс пен Стивен Возняк негізін қалады. (Apple)
Cуреттегі құрылғыларды ата: колонка, флешка, жүйелік блок, сканер, принтер, модем
CD-дисктің DVD-дисктен айырмашылығы қандай? (көлемдерінде)
Пернетақта пернелері неше бөліктен тұрады және қалай аталады?
(4 бөлік: функционалды, символды, басқару және сандық)
1642 жылы «Паскалин» немесе «Паскаль дөңгелектері» деп аталатын есептеуіш машинаның алғашқы моделін ұсынды. (Б.Паскаль)
1888 жылы табулятор деп аталатын құрылғыны ойлап тапты. Онда ақпарат электр токтарымен кодталатын перфокарталарға енгізілді. (Г.Холлерит)
1936 жылы абстрактілік есептеуіш машиналарының идеясын ұсынып, оның негізін салды. Жасанды интеллект жүйесін ұсынды (А.Тьюринг)
Ұяшық” және “цикл” терминдерін алғаш рет қолданған ғалым. Атақты ағылшын ақыны Джордж Байронның қызы (А.Лавлейс)
Ақпараттар мен алгоритмдер теориясы және математикалық логика ілімдеріне зор үлес қосты (А.Н Колмогоров)
Мына бөшкеде шарт өзгереді. Сізге 5 сұрақ оқылады. Егер сіз кем дегенде 3 сұраққа жауап берсеніз 40 ұпай қоржынызға салынады.
- Жойылған нысаналар орналасатын қапшық (Корзина н/е себет)
- Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)
- Дискетаның түрлері (3,5 және 5,25 дюмдік)
- Америкалық компьютерлік ғалым және әскери қызметкер, контр-адмирал Алғаш “КОМПИЛЯТОР” ұғымын енгізген ғалым (Г.Хоппер)
- 1996 жылдан 2009жыл аралығы бойынша Forbes журналының айтуымен әлемдегі ең бай адам. 1994-2010 ж. қайырымдылық қорына ең коп ақша құйған адам болып есептелінген. (Б.Гейтс)
Бұл сандықта жеміс жасырылған. Бұл Қытайдың ең танымал жемісі. Бізде танымалдығы видео-порталы ретінде қарастырылады. Бұл қандай жеміс? (Киви)
2-жүргізуші:
IV-Ойлан, тап!
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп, жетелейді барлығын
Әлі ашылар құпиялар сан- сан қырлы- дей отыра ойынымызды жалғастырамыз, «Ойлан, тап!» кезеңінде топ мүшелері кезекпен тақтаға шығып, жасырынған суретті табады. (10 -ұпай)
Жауабы: Абак;Паскаль машинасы; арифмометр; Терминал; «Apple-IIe» «Macintosh»
1-жүргізуші:
V-«Түсін мені» кезеңінде әр топтан бір оқушы шығып тақтадағы суреттерге анықтама береді,ол үшін қандай сурет екенін қалған топ мүшелеріне сөйлемей дене қозғалыспен көрсетеді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
Корзина; процессор; архив; курсор; антивирус; компьютер; блютуз; скайп; калькулятор; вай-фай.
2-жүргізуші:
VI- Ертегілер әлемі. Бұл кезеңде екі топқа жеке-жеке екілік жүйеде кодталған сөйлемдер беріледі, оқушылар оны кодтап ертегідегі жасырын сөйлемді табу керек.
Бір күні Қожа май сатып алу үшін базарға барады. Әйелі оған бір кесе беріп:
— Мына кесеге еріген май құйғызып әкел, — деп тапсырады. Қожа май сатушыға келеді. Қожекең майды ыдысының шамасынан көбірек алады. Ол майды кесесіне құйғызады. Бірақ май кесеге сыймай, асып кетеді.
Сол жерде сатушы:
— *****************************?-дейді. Қожа жалма-жан кесесін төңкеріп жіберіп:
— Қалғанын мына жағына құй! — деп, кесесінің
түбіне құйгызып, Қожекең сол бойында кесені ұстап үйіне келеді. Алдынан әйелі шығып:
— Майды мұнша неге аз алдың? — деп сұрағанда,
Қожа:
— Жалғыз бұл емес, мына жағында да бар, — деп,
кесені тағы да төңкеріп қалады.
Сонымен, кесенің түбіндегі аз ғана май да төгіліп
қалыпты.
1100 1010 0000 1001 0101 0001
1110 0011 1011 0100 0010 1000
0110 1111 0111 1101 11000
11 | 5 | 14 | 8 | 9 | 2 | 9 | 13 | 9 | 2 | 15 | 14 | 11 | 5 | 14 | 6 | 15 | 7 | |||
3 | 5 | 0 | 4 | 5 | 1 | 15 | 1 | 3 | 5 | 14 | 6 | 5 | 3 | 10 | 12 | 11 | 15 | 24 | ||
М – 11 | Д – 6 | Е – 9 | « , » — 7 | Ы – 15 | З – 24 |
Й – 14 | С – 2 | Г – 13 | Ғ – 4 | Қ – 3 | Я — 12 |
К – 8 | А – 5 | Л — 0 | Ұ — 10 | Н — 2 |
1-жүргізуші:
Жауабы: «Май кесеге сыймайды, қалғанын қайда құямыз?»
Аділ қазылар дайын болғанша біз «4сурет 1сөз» ойнын ойнай тұрайық
Сия, Жылдамдық, Желі, Адрес, Монтаж
Осымен сайысымыздың соңына да келіп жеттік, енді жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік!
2-жүргізуші:
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін- деп алғыс білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!