Функциялар. Стандартты функцияларды пайдалану

 

Сабақтың тақырыбыФункциялар. Стандартты функцияларды пайдалану
Жалпы мақсатыКестелік процессор туралы білімдерін еске түсіреді. Функция түсінігін, функциямен жұмыс істеу негіздерін қайталайды.Стандартты функцияларды қолдануға үйренеді.
Сабақтың түріПрактикалық сабақ
Оқыту әдістеріДиалог, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ,  СТО
Күтілетін нәтижелерКестелік процессор және функциялар туралы теориялық материалды біледі, функциялармен жұмыс істейді, стандартты функцияларды қолданады.
Ресурстар Дәптер, үйлестірім материалдар, тақта, проектор.
Сабақ кезеңдеріМұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық тренинг “өрмекшінің торы” жаттығуы. Қатысушылар шеңбер құрады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.  (4 мин)

 

Сабақтың тақырыбың, мақсатын түсіндіру

 

Сабаққа психологиялық жағынан дайындалады. Оқушылар бір – біріне өзінің айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылады.

Бір-біріне деген жақсы қарым-қатынас орнатады

Сабаққа назар аударады.

Өткен материалды қайталауҚайталау сұрақтары (6 мин)

  1. MS Excel кестелік процессоры
  2. MS Excel-ге берілгендерді енгізу және редакциялау
  3. Электрондық кестенің ұяшығына енгізілетін типтер
  4. Салыстырмалы, абсолют және аралас сілтемелер.
  5. Функциялар. Стандартты функциялар.
 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

«Уақыт шеңбері» жаттығуы.

Негізгі бөлімЖаңа сабақ (20 мин)

Практикалық тапсырма

Электронды сынып журналың құрыңыз.

1 тапсырма.

1.1. А бағанасының ұяшықтырына сынып оқушыларының тізімін енгізіңіз (8 оқушы).

1.2. В1 ұяшығына бірінші сабақтың күнін енгізіңіз. Қалған ұяшықтар келесі сабақтың күнін есептейтін формула арқылы толтырылады (аптасында 1 сабақ есебінде).

1.3. В2:J9  ұяшықтарын пән бойынша оқушылардың бағаларымен толтырыңыз.

2 тапсырма.

2.1. K бағанасына дөңгеленген әр оқушының бағаларының арифметикалық орта саның есептейтін формуланы енгізу керек =ОКРУГЛ(СРЗНАЧ(B2:J2);0). Ол үшін функция шеберін қолданған ыңғайлы болады, қажетті функцияны математикалық функциялардың арасынан алыңыз.

 

 6.1. сурет. Функция шебері сұхбат  терезесі.

2.2. Кесте соныңда статистикалық функцияны қолдана отыра, үздік, екпінді орташа оқитын оқушылар санын есептеңіз. Ол үшін келесі формуланы құрыңыз. =СЧЕТЕСЛИ(K2:K9; “=5”). Бұл функция шартқа сәйкес келетін ұяшықтар санын есептейді.

3 тапсырма.

ИНФОРМАТИКА
04.0911.0918.0925.0902.1009.1016.1023.1030.10
Агимова Сания34254
Болат А

амат

454454
Жукенов Саят455555
Какимов Руслан3434344
Кожахмет Әділ345454
Курмаш Дамир324343
Мусина Рауза455545
Шокан Канат454354
үздік2
екпінді5
орташа1

3.1. Кестенің жөғарғы жағынан бір жол қосыңыз. А1:К1 ұяшықтарын біріктіріп пән атауын енгізіңіз. Мысалы ИНФОРМАТИКА.

3.2. Кестені өз еркімен форматтаңыз.

3.3. Кестені толығымен белгілеп, екінші параққа көшіріңіз. Пән атауын, күндерін және бағаларды өзгертіңіз. Парақ таңбасының атауын пәнге сәйкес ауыстырыңыз.

3.4. Әр парақтағы кестені әр түрлі форматтаңыз. Барлығы 3-4 кесте болу керек.

4 тапсырма.

4.1. Әр пән бойынша үздік, екпінді және орташа оқитын оқушылар санын көрсететін диаграммаларды құрыңыз.

4.2. Жұмысыңызды Work6.xls атымен сақтаңыз. Оқытушыға көрсетіңіз.

 

 

Әр оқушы тапсырманы орындайды сәйкес қорытынды жасап отырады.  Дискрипторлар арқылы жұмысын бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтіКөзге арналған жаттығулар орындату (2 мин)Оқушылар орындарынан тұрмай көзге арналған жаттығуларды орындайды
Бекіту, қорытынды«Ыстық орындық» әдісі (7 мин)Оқушылар тақырыпты бекіту мақсатында орындықта отырған оқушыға сұрақтар қояды. Егер орындықта отырған оқушы жауабын білмесе онда сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді.
Бағалау Рефлексия парағын толтыру (5 мин)

 

Бүгін  мен    ……………………………. білдім.

………………………………..  қызықты болды.

…………………………………  қиын болды.

Мен   ………………………………..    үйрендім.

Мен тапсырмаларды …………………………..   орындадым.

……………………….      орындап көремін.

………………………….  мені таң қалдырды.

Өмір үшін сабақ маған ………………….   берді.

……………………. мен орындай алдым.

Енді мен ………………………..істей аламын.

 

Үйге тапсырма8 тарау, 8.3-8.4 тақырыптарды оқу, 8.4 практикум тапсырмасын орындау. (1 мин)
Үйде оқуТақырып бойынша ізденіп оқу.