Microsoft Excel электрондық кестеде деректермен жұмыс істеу, сілтемелерді және макрокоманданы қолдану
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестеде деректермен жұмыс істеу, сілтемелерді және макрокоманданы қолдану
Сабақтың түрі: аралас,практикалық сабақ
Типі: тарауды қорытындылау
1.Мақсаты
Білімділігі: Электрондық кестеде мәліметтерді іздеу және ауыстыру әрекеттерін қарастыру. MS Excelдің қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру, көрнекті құжаттар жасау әдістерін меңгерту. Студенттердің тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, тақырып бойынша қорытынды жасау.
Дамытушылық: Студенттердің білім-білік дағдыларын қалыптастыру, уақытты тиімді пайдалану, білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал ету.
Тәрбиелігі: Студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру, шағын топта жұмыс істеуге дағдыландыру, өзін-өзі бағалауға ықпал жасау.
- Күтілетін нәтиже :
студенттер білу керек:
- Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы ұғым;
- Электрондық кестенің архитектурасы;
- Формулалар мен функцияларды қолдану;
- Диаграмма түрлерін;
- Терезе құрылымын;
студенттер игеру керек:
- Электрондық кестеде есептеулер жүргізуді;
- Функцияларды құрастыру;
- Электрондық кестенің құрылымын анықтауды;
- Мәзір қатарын қолдануды;
- Электрондық кестені мәліметтер қоры ретінде қолдануды;
студенттер меңгеру керек:
- Электрондық кестеде гиперсілтеме макрокоанданы қолдануды;
- Программа құралдарын толыққанды пайдалануды;
III.Сабақтың қолданылатын әдісі мен тәсілдері: сұрақ-жауап, баяндау, өзін-өзі бағалау тест
- IV. Құралдар: ДК, проектор, флипчарт, үлестірмелі материал
- Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі:студенттермен амандасу. Студенттердің сабаққа қажетті оқу-құралдарын қадағалау, сабаққа нұсқау беру. Сабақтың тақырыбын айту, мақсатын ашу.
Үй тапсырмасын тексеру
- Интербелсенді тақтаны қолдана отырып электрондық кесте архитектурасын қайталау.
- Тарау бойынша берілген сұрақтарға жауап беру:(сұрақтар видеоматериал ретінде,ағылшын тілінде студенттер қазақ тіліне аударып жауап береді );
Excel программасын мәліметтер қоры ретінде пайдалануға болады. Біз
мәліметтер қорын жасап, оның ішіндегі элементтерінің әртүрлі белгілеріне
қарай керекті ақпаратты іздеу мен оларды сұрыптау ісін қарастырамыз.
Жоспар:
- Мәліметтерді іздеу және ауыстыру, сұрыптау түрлері;
- Гиперссылка, макрокоманда ұғымы
Гиперссылка дегеніміз құжаттың басқа бөлігіне, басқа құжатқа немесе файлға тікелей байланысын жүзеге асыру, белгілі бір объектіге бекітілген жарлық.
Макрокоманда- құжатпен жұмыс істеу барысында жиі қолданылатын
әрекеттер тізбегінен тұратын шағын алгоритм
Мәліметтерді іздеу және ауыстыру. Мәліметтерді іздеу
Мәліметтерді іздеуді беттің ерекшеленген ауданындағы немесе бүкіл бетте жасауға болады.
- Басты қосымшасының Редактрлеу тобында Табужәне ерекшелеу батырмасын шертіп және Табу командасын таңдап, қажет ақпаратпен алмастыру әрекетін орындаймыз
Пішім бойынша сорттау
- Сортталатын мәліметтерден кез келген ұяшықты ерекшелеңіз.
- Басты қосымшасының Редактрлеу тобының Сорттау және фильтр батырмасын
Пішім бойынша сорттау
- Сортталатын мәліметтер ауқымынан кез келген бір ұяшықты таңдаңыз.
- Басты қосымшасының Редактрлеу тобының Сорттау және Ауыстыру батырмасын басыңыз және Бапталатын сорттау командасын таңдаңыз.
- Баған тізімінде Сорттау терезесінде сорттау жасалатын баған атын таңдаңыз. Сорттау тізімінде сорттау себебін таңдаңыз (ұяшық түсі, қаріп түсі немесе ұяшық белгішесі).
Сабақты бекіту: Практикалық жұмыс №12